Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет7/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

Аралық бақылау кестесі
2 кезең
( Философия және саясаттану мамандықтарына арналған)

Бақылау

Өткізу түрі

Өткізу уақыты

Ең жоғары балл (максимум балл)

Тапсырмалар

Аралық бақылау №1

Жазбаша

7 апта

5

1-7 аптада өткен тапсырмалар бойынша ұсынылған тақырыптардың біріне тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, эссе жазу:
1. Шешендік өнер
2. Абай және Фараби

Аралық бақылау №2

Ауызша

14 апта

5

Берілген тақырыптардың бірі бойынша жағдаяттық сұхбат дайындау:
1. Қазіргі заман және үкімет.
2. «Имандылық – саған міндет»





Білім және құзыретті бағалау тәртібі, % балдар

Бақылау жұмыстары

10


60

Практикалық сабақтарға қатысуы және белсенділігі

20

Жеке немесе топтық тапсырмалар (СӨЖ)

20

Аралық бақылау (емтихан)

5+5

40



Аралық бақылау (жазбаша немесе ауызша) және емтихан өткізу формасы – жазбаша

Білімді бағалау шкаласы:


Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық
құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

«Өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

I
(Incomplete)

-

-

«Пән аяқталмаған»
(GPA санағанда есептелмейді)

P
(Pass )

-

0-60
65-100

«Сынақ»
(GPA санағанда есептелмейді PA)

NP
(No Рass)

-

0-29
0-64

«Сынақтан өтпеді»
(GPA санағанда есептелмейді)

W
(Withdrawal)

-

-

«Пәннен бас тарту»
(GPA санағанда есептелмейді GPA)

AW
(Academic Withdrawal)







«Академиялық себептермен пәннен шығарылуы
(GPA санағанда есептелмейді)



Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
Толерантты болыңыз, басқалардың пікірлерін құрметтеңіз. Қарсылықтар нақты формада тұжырымдалсын. Плагиат және басқа әділетсіз жұмыстарға жол жоқ. СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіруге және басқадан көмек сұрауға, басқа адамдардың шығарған есептерінің көшірмесін алуға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған студенттің қорытынды бағасы «F» болады.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды
___ хаттама «____» ____________ 20__ ж.

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., проф. Салқынбай А.Б.
Оқытушы аға оқытушы Әмірова М.Ж.

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)
ІІ кезең
(Педагогика және психология, психология, мәдениеттану, дінтану, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс мамандықтарына арналған)

Ап
та

Сабақтың
тақырыбы

СОБЖ тапсырмалары

1.

Тәрбие психологиясы



Мәтін ақпаратын пайдалана отырып, екеу ара сұхбат жүргізу, ақпараттың маңыздылығын, өзектілігін көрсету.

2.

«Психология адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне көмектеседі ме?»

Тақырып бойынша «Бұрыштар» пікірталасын өткізу.

3.

Абай және Фараби



Абай мен Фарабиді Т-кестесі арқылы салыстыру.

4.

Қорқыт туралы аңыздар

«Ойды қорытындылау» тәсілін пайдаланып, жазбаша жұмыс орындау.

5.

«Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты еңбегі

Мазмұнын әңгімелеу.

6.

Мақал-мәтелдердің психология ғылымымен байланысы.

Тәлім-тәрбиеге, өнер-білімге, үлгі-өнегеге, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер талдау.

7.


Ы.Алтынсариннің
еңбектері

Әңгімелерінің мазмұнын айту.

8.

М.Жұмабаевтың еңбектері



Мәтін бойынша «Идеал» кестесін құрастыру.

9.

Ж.Аймауытовтың еңбектері

Ж.Аймауытов сөздері негізінде эссе жазу

10.

М.Дулатовтың еңбектері

Мәтіннің негізгі мазмұнын кесте, график немесе диаграмма түрінде көрсетіңіз.



11.

Я.Коменскийдің ғылымға үйрету ережелері

Мәтінді оқып, бірнеше неге? сұрағын құрастыру. Әр ережеге түсініктеме беру.

12.

Ж.-Ж.Руссоның философиясы

Мәтіндегі ақпаратты қайта қарап, өз тарапынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

13.

А.С.Макаренко
ның көзқарастары

«Проблема шешу жолдары» тәсілі бойынша жазбаша жұмыс орындау.

14.

Өмірден өз орнын тауып, көңілі қалаған іспен айналысу дегенді қалай түсінесіз?


Ауызша ақпарат дайындау

15.



Қайталау

Өткен материалдарды қайталау


СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)
ІІ кезең
(Философия және саясаттану мамандықтарына арналған)

Ап
та

Сабақтың
тақырыбы

СОБЖ тапсырмалары

1.

Жиренше шешен мен Бөлтірік шешеннің сөздері



Мазмұнын айту, мағынасын түсіндіру

2.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Тақырып бойынша эссе жазу.

3.

Абай және Фараби



Абай мен Фарабиді Т-кестесі арқылы салыстыру.

4.

Қорқыт туралы аңыздар

«Ойды қорытындылау» тәсілін пайдаланып, жазбаша жұмыс орындау.

5.

«Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты еңбегі

Мазмұнын әңгімелеу.

6.

Мақал-мәтелдердің философиялық мәні.

Тәлім-тәрбиеге, өнер-білімге, үлгі-өнегеге, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер талдау.

7.


М.Қашқаридің білім туралы нақыл сөздері

Мағынасын түсіндіру

8.

Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларация



Мазмұнын айту

9.

Дүниежүзілік сауда ұйымы

Ауызша ақпарат дайындау

10.

М.Дулатовтың еңбектері

Мәтіннің негізгі мазмұнын кесте, график немесе диаграмма түрінде көрсетіңіз.



11.

Саясат пен адамгершіліктің ортақ қасиеттері

Мамандыққа қатысты терминдерді тауып, құрмалас сөйлем құрастыру.

12.

Идеологияның міндеті

БАҚ-тан соңғы жаңалықтарды оқып, баяндап беру.

13.

Қазақстандағы қай саясаткердің саяси қызметін қолдайсыз?

Осы тақырып бойынша шағын әңгіме құрастыру.

14.

Ресеймен қарым-қатынас жасаудың маңызы

Ауызша ақпарат дайындау

15.



Қайталау

Өткен материалдарды қайталау


1-сабақ
Қазақ халқының дүниетанымы

  1. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Дүние, дүнитаным, әдет-ғұрып, тәрбие, мән, рухани, көшпелі, мәдениет.


  1. Берілген сөз тіркестерінің қазақша баламасын беріңіз.

По народному обычаю, мировозрение народа, хозяйство кочевого народа, казакская юрта, пословица, поговорка, красноречивые слова, духовная культура, социальные группы, кочевой народ, уровень развития.


  1. Өз елеңіздің салт-дәстүрі туралы қысқаша әңгіме құрастырыңыз.

  2. Мәтінді оқып, мағынасын түсініңіз.

Қазақ халқының дүниетанымы


Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел – қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт – санасы, өмір сүруі, шаруашылығы. Мәселен, қазақ халқының киіз үйі өте ертеден қалыптасқан, соңғы мыңжылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған.


Қазақ халқы мақал-мәтелдерге өте бай. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал – мәтелдерден қауымдасып өмір сүрудің тиімді екенін, қоғам дамуы үшін әр түрлі әлеуметтік топтар мен шаруашылық түрлерінің қажет екенін халықтың ерте түсінгендігін байқаймыз. Сонымен қатар мақал – мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Тек ақал – мәтел ғана емес шешендік сөздер мен айтыстардан да қазақ тілінің байлығын көруге болады. Тіл байлығы ой байлығын көрсетеді. Тіл арқылы адам ой тереңдігін, рухани мәдениетінің деңгейін көрсетеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы VII-VI ғасырлар арасында көшпелі скифтер аралынан грек еліне келіп, олармен араласып, көп жылдар бойы олардың арасында тұрған Токсарис, (Тоқсары), Иданфирис (Ыдарбарыс), Анахарсис (Анарыс) өздерінің ой толғамдары, пайымдары арқылы гректерді көшпелі елдің дүниетанымдарымен, әдет-ғұрыптарымен таныстырған. Платон, Аристотель, Геродот, Лукиан, Страбон шығармаларында олар жоғары бағаланып, есімдері құрметпен аталған.

дүниетаным – мировозрение


қамтиды – охватывает
өзгеріске ұшырамаған – не изменялся
тұжырым – вывод
қауымдасып өмір сүру – жить общинами
әлеуметтік топтар – социальные группы
шешендік сөздер – слова красноречие
рухани – духовный
ой толғамдары – размышления
пайымдау – толкование
тиімді – выгодный


  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

  2. Төмендегі мақал – мәтелдерде, нақыл сөздерде қандай философиялық мән бар? Мақал – мәтелдерді жаттап алыңыздар.

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Халық – дана


Туған жердің қадірін


Шетте жүрсең білерсің.

Отан оттан да ыстық.


Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.
Наданмен дос болғанша кітаппен дос бол.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Ғылым адамды, мамандығы бойынша болса да, шындыққа тәрбиелейді. Себебі: табиғатты алдау мүмкін емес. (А.П.Капица).


Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық. (Абай).
Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен ең қажеттісін таңдап алыңыздар. (Н.И.Пирогов).
Халық пен халықты, білім мен білімді теңестіретін нәрсе – білім. (М.Әуезов).
Ғылыми жұмыс өмірдің мазмұны мен мақсатына айналғанда ғана жемісті болмақ. (А.Ф.Иоффе).
Ғылыми жұмыс мен үшін нан секілді. Себебі: онсыз өмір сүре алуым мүмкін емес. (А.С.Боткин).
Цивилизацияның басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету. (Эдисон).

  1. Мәтіннің 3-абзацындағы септік жалғауларын табыңыз.



  1. Төмендегі сөздердің мәнін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

Айтыс, шешендік сөз, жыр, аңыз, рухани мәдениет, мақал – мәтел.

2-сабақ
Ұлттық мінез дегеніміз не?


1. Ұлттық мінез деген ұғыммен байланысты бірнеше ассоциация жазыңыз.
2. Тақырыпқа қатысты мына сөздер мен сөз тіркестерін оқи отырып, мәтінде не туралы сөз болатынын болжап көріңіз.
Тұтас ұлт, жалпылық сипат, ездік, ұлттық намыс, текті халық, бодандық, мемлекеттік бағдарлама, парасат, мақтаншақтық, қоғамның бақылауы, әділ баға.

3. Мәтінді оқыңыз да, оны бірнеше мағыналық бөліктерге бөліңіз. Әрқайсысына ат қойыңыз.


Ұлт адамдардан құралатындықтан, сол ұлтты құраушы адамның болмысына тән дүниенің бәрі ұлттың болмысына да ортақ болуы заңды құбылыс. Тек, жеке адамға тән дүниенің тұтас ұлтқа ортақ болуы үшін оның танылу деңгейі жекелік аясынан шығып, жалпылық сипатқа ие болуы, яғни, көпке ортақ болуы шарт. Бұл ұлттық мінезге де қатысты. Сондықтан «ұлттық мінез, - деп, - ұлттық дәстүр негізінде тәрбиеленген ұлт адамы мінезінің белгілі бір түрінің ұлт мүшелерінің бәріне бірдей болмаса басым көпшілігіне тән ортақ деңгейге көтеріліп, жалпылық сипат алуын айтсақ керек.
Мінезділік жеке адамның да, ұлттың да болмысының көрінісі іспеттес. Халықтық қасиеттеріміздің негізінде мінез жатыр. Өйткені, мінезсіз адамда қасиет болмайды. Бұл ұлтқа да тән. Ұлттық мінезі жоқ халық та солай. Тағдыры шешілер тартысты кезеңде тастүйін бірігіп, ұлттық мінез көрсете алмаған халық – қалың тобырмен тең. Ездіктің езгісінде болып, құрметтен құр қалады. Мінезді халық – намысты халық. Намысты халық ешкімге есесін жібермейді, кеудесін басқызбайды. Демек, ұлттық мінез – ұлттық намыстың егізі, бірінсіз бірі жетім. Ғасырларға созылған тәуелділік текті халықты жаппай орындаушыға айналдырды. Ата-баба тектілігін танытып, бодандық бұғауын үзбек болып бұлқынған бұла мінезділерді отарлаушы ожар күш аяусыз қырғынға ұшыратып, езіп-жаншып, елдің есін тандырды.
Қазір бәрі өзгерді. Осындай кезде, яғни, тәуелсіз ел болып, өз билігіміздің тізгіні өзімізге еркін тиген шақта ежелгі тектілікке оралып, ұлттық мінезді қалыптастыру – мемлекеттік тұрғыдан қолға алынар бүгінгі күннің басты шаруасының бірі болмағы жөн. Бұл ретте көрші өзбек елінің ұлттық мінезді қалыптастыру жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама жасап, соны жүзеге асыруға ел болып жұмылып жатқаны бізге де олйласудың қажеттігін көрсетсе керек. Тектілік мінез қай кезде де халықтың парасат биігінде болуын қамтамасыз етеді, адамды аздырар жаман мінездерден сақтандырады. Қазіргі кезде сондай сақтануға тиісті жаман мінездің бірі – мақтаншақтық. Мақтаншақтық – надандықтың белгісі. Бұл ретте ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай: «әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз, қорқақ мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ ақылсыз, надан келеді», - дейді. Мақтаншақтық – ұлттық мінез емес. Жалпы түрік халықтары мақтануды ұнатпаған. Бұл ретте XI ғасыр ғылымының ірі өкілі Махмұт Қашқари «Диуан-и лұғат» атты әйгілі еңбегінің «Түрік» атты бабында: «Түрікте өзін ұнату, мақтану жоқ. Түрік үлкен ерліктер және жанкештілік жасағанның өзінде ерекше іс істемегендей сезінеді»,- деп жазады. Бұлай болу заңды да еді. Өйткені түрік қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адамның бала күнгі кезінен бастап бүкіл тірлігі қоғамның бақылауында болған. Сондықтан қоғам мүшесінің бірде-бірінің жасаған жақсы ісі де назардан тыс қалмай, дер кезінде өзіне лайық әділ бағасын алып отырған. Бар тірлігі таразыға тартылып, соған орай ортасы өз бағасын беріп отырғаннан кейін, адамның өзі туралы «мен бүйттім, мен өйттім» деп мақтануының да, ақталуының да қажеттілігі болмаған. Бәрін өскен ортасы дұрыс та әділ бағалап отырған соң, адам ештемеге алаңдамай, барынша қоғам талабына сай тірлік кешуді ғана мұрат тұтқан.

4. Мәтінде көтерілген проблеманы анықтаңыз. Ондағы негізгі ақпаратты мына балықтың сызбасына келтіріңіз. Балықтың басы негізгі проблеманы, үстіңгі қабырғалары оны қалыптастырған себептерді, ал астыңғы жағы оның айғақтарын көрсетеді. Құйрығы қорытынды, ұсынысты береді.







3-сабақ
1. Сөйлемдегі асты сызылған сөз немесе сөз тіркесі нені білдіреді? Дұрыс жауапты пайдалана отырып, пікіріңізді дәлелдеңіз.


1) Қазақ халқы қашан да мақтануды хош көрмеген.
а) ұнатпаған ә) ұнатқан б) қызықпаған
2) Бодан қазақ ұлттық мінезден айырылып қалды.
а) тәуелсіз ә) еркін б) тәуелді
3) Жақсы мен жаманның парқын ажырата білу керек.
а) айырмашылығын ә) жай-жапсарын б) ұқсастықтарын
4) Ұлтқа қатысты киелі ұғымдар халықтың дәстүрінен бастау алып, тамыр жаяды.
а) тереңдейді ә) таралады б) көрінеді

2. Мәтінді оқыңыз, автор ұсынған тезис тұжырымды құрастырыңыз. Оны дәлелдейтін айғақ келтіріңіз.


Халқымыздың өмір жолына зер салсақ, жалпы түріктерге тән бұл мінез қазақ халқына да ортақ болғанын көреміз. Мұның солай екенін қазақтың өзінің: «Хас жаман қатынын мақтайды, бас жаман баласын мақтайды» немесе «Өзін мақтаған өліммен тең» болмаса «өзін өзі мақтаған өлімнің қара басы» деген тәріздес ой тұжырымдары да дәлелдейді. Бұдан мақтануды хош көрмеген бұрынғы қазақтың, азат қазақтың ұлттық мінезі анық көрінеді. Кейінгі бодан қазақ бұл мінезден айырылып қалды. Дұрысы – айырылуға мәжбүр болды. Отарлаушылар өздерінің үстемдігін толық орнату үшін бұрынғы қазақ қоғамында бар қалыптасқан кісілікті, парасаттылықты түрлі айла-амал қолдану арқылы біртіндеп қажеттіліктен шығарып, оның орнына қазақ жұртын қалай да жанын жалдап күн көрудің артықшылықтарын пайдаланып қалуға насихаттап бақты. Осы жолда кім отарлаушылардың ойынан шықса, сол жақсы адам ретінде бағаланып, марапатқа ие болды. Ал ойынан шықпағандар – неше жерден керемет болса да, жамандар қатарына жатқызылды. Соның салдарынан жұрт асыл мен жасықтың, жақсы мен жаманның парқын ажыратудан қалды. Осыдан келіп, өз тірлігінің өзгелерге қарағанда артық екенін, дұрыс екенін біліп тұрған анау адам биліктілер тарапынан жасалған әділетсіз бағалауға төзе алмай, «ау, мен бүйттім ғой, мен сөйттім ғой» деп өзін-өзі көрсетуге тырысты. Бірақ оны құлаққа ілген жан болмады. Бағалаудағы әділетсіздік қайталанған сайын, қиянатқа төзбеушілердің үні де молая түсті. Олар алғашқыда ызамен, күйініп айтса, кейін өзін өзінен басқа бағалар ешкімнің жоғын біліп, өзі жөнінде барынша майын тамызып, сүйініп айтатын болды. Сөйтіп, мақтаншақтық жат мінез, жаман мінез біртіндеп қазақтың болмысына еніп, әдеттегі тірлікке айнала бастады. Қазір мақтанды ұнатпайтын қазақ аз. Кезінде мән-мазмұнын ұлы Абай ашып берген осынау жат мінез, еліміз тәуелсіздік алып, өз билігіміз қолымызға тиген қазіргі шақта да кәрі қойдың жабағысындай жабысып қалмай жүргені еріксіз ойға қалдырады. Қол жеткізген азды-көпті жетістігімізге желпініп, жер-көкке сыймай жарыса мақтанғандарды көргенде осы құрғыр жаман мінез ұлттық мінезге айналып кете ме деп қорқамын. Қалайда жаманның жамандығын жаныңмен сезініп, одан аулақ болғанға не жетсін!
Осы орайда ата-бабаларымыздың өткен жолына үңіліп, тарих дерегінің берер мағлұматын сараптай зерделесек, ұлтқа қатысты киелі ұғымдардың бәрі сол ұлтты құрайтын халықтың қалыптасқан дәстүрінен бастау алып, тамыр жаятынын пайымдау онша қиындық туғызбайды. Осыдан келіп, барлық халықтық құндылықтырдың бастауы – ұлттық дәстүрдің мәні мен мазмұнын жете танудың қажеттілігі туындайды.

3. Мәтін мазмұны бойынша «Идеал» кестесін құрастырыңыз.

Ұлттық құндылықтар

1. Қазақ халқы қандай басты мәселені шешу керек?









4. Ұлттық мінезге байланысты өз ойыңызды, пікіріңізді білдіріңіз.

2-апта
4-сабақ
Тәрбие психологиясы және өзін-өзі тану
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.
1) Мен осы тақырып төңірегінде не білемін?
2) Не білгім келеді?
3) Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?

2. Мәтінді оқыңыз, автор қандай проблеманы көтереді, оны шешудің қандай жолдарын ұсынады?


Тәрбие сөзі «тәрбиә» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жасөспірімдердің есеюіне әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba). Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді. Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйенеді: ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды,- өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде.
Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді. Мұны С.Л.Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен «acterminare» - белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың тәрбиеге көніп, тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл-күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды.

3. Мәтін бойынша он неге? сұрағын құрастырыңыз, мәтін мазмұнында қамтылмаған сұрақтарды қоюға болады.


1) Неге «тәрбие» терминіне байланысты әртүрлі пікірлер кездеседі?

4. Мәтін бойынша автор ұсынған тезис тұжырымды құрастырыңыз. Оны дәлелдейтін айғақ келтіріңіз. Әр айғаққа мәтіннен мысалдар келтіріңіз.


Үлгі: Тәрбиенің сан салалығы. Айғақ: тәрбие моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан тұрады.

5. Мәтіннен шарт мәнді сөйлемдерді табыңыз да, олардың жасалу жолын түсіндіріңіз.


6. Үлгі бойынша сөйлемді өзгертіңіз.
Үлгі: Тәрбиеші баладан қандай адам шығарғысы келеді, сондай адам тәрбиелеп шығарады.
Тәрбиеші баладан қандай адам шығарғысы келсе, сондай адам тәрбиелеп шығарады.
Тәрбиеші баламен тіл табысқанда белгілі бір нәтижеге жетеді. Көңілі болмаған балаға тәрбиеші қаншама ұсыныс жасағанымен, одан еш нәтиже шықпады. Бала үлкендерді тыңдағысы келеді, бірақ көбінесе тыңдамайды.
Тәрбиеші баламен жақын қатынаста болған жағдайда оны тәрбиеге көндіре алады.

7. Сіз мына жағдайларды қалай шешер едіңіз? Жауапта егер де құрылымын пайдаланыңыз.


1) Сізге балалар мекемесіне тәрбиеші болуды ұсынды. Келісесіз бе, бас тартасыз ба? Себебін айтыңыз.
2) Сіз балалар бақшасының меңгерушісісіз. Жоғарыда бақшаның жабылуы туралы шешім қабылданды. Сіз бақшаны жабуға қарсы сөйлер ме едіңіз?
3) Сіз мектепте сынып жетекшісісіз. Сыныбыңызда тәртібі өте нашар бала оқиды. Оның мектептен шығарылуы туралы мәселе де көтеріліп жүр. Осы жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз? Сіз үшін ерекше маңыздысы не?

5-сабақ
1. Мәтінді оқыңыз, бірнеше не? сұрағын қойыңыз. Мәтін мазмұнында қамтылмаған сұрақтарды қоюға болады.


Сонымен, балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие педагогикасы. Бірақ тіл алудың не алмаудың психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп тәрбие жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына сай тәжірибенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерминизм принципін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданылады. Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын, т.б. бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге ұмтылады.
Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете алуы неге байланысты? Мұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл-күйімен санаса отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде ешқандай жасырын сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір балаларға «қиын» деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл – сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының (соның ішінде ата-анасының, мектептің) кемшілігі.
Бұл айтылған мәселелер тәрбие жұмысын толық қамти алмайды. Себебі оқушыға тіл алдырудан басқа, оның азаматтық өасиетін және осыған орай, әдептілігі мен сыпайылығын, интеллектуалдық сапасын, эстетикалық талғамын дамыту қажет. Осыған қарағанда «тәрбие» деген ұғым бір жағдайда кең мағынада (осыған аталған қасиеттер және оқыту процесі де жатады). Екінші жағдайда тар мағынада, яғни тіл алдыру, тәртіп сақтау мағынасында айтылады.
2. Мәтіндегі қозғалған мәселелерге байланысты жазбаша өз ойыңызды, пікіріңізді білдіріңіз.

3. Сабақты қорытындылау үшін бағалау сұрақтарына жауап беріңіз.


1) Не білдім, үйрендім?
2) Бұл не үшін керек?
3) Оның қолданысы қандай?
4) Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын, жалғастырамын?
5) Тағы да не білгім келеді?

СОБЖ
6-сабақ


1. Мына сөздердің синонимдерін мәтіннен табыңыз.
Ақылды, өрістету, өнеге, туындылар, имандылық, сүйіспеншілік.

2. Мәтінді оқып, оның негізгі ақпараттарын беретін сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызыңыз.


Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, XI ғасырдың ақыны, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие тағылымының бастау боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: «Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының – жетелі адамдар тобының зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы», пайдалы еңбектің көзі болуы шарт – ой түйеді. Бұл – үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиесіндегі басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе де болады.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән береді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отырып, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты. Низамидің тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды. «Ләйлі-Мәжнүндегі» жеке адамдардың бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы – бүгінгі адамгершілік, ақыл-ой, еңбек пен еңбек тәрбиесінің бастауы – негізгі сілемі. Низамидің тағылымдар, өзі өмір сүрген ой-пікірін, бүгінгі тұрғыдан талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцип – тәрбие мен білімнің халықтығы.
Омар Хаям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты деген ой түйді. Еңбек тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады:
«Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең,
Жібермес сені - өлімге!
Үшеуінің мәңгілік категория, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі демократиялық бағытты – еркін тәрбиені жақтады. Оның өлеңдерінің сарыны адамды жан-жақты жетілдіру. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы тәрбиенің бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп тұрады.

3. Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, екеу ара сұхбат жүргізіңіз, автордың идеясымен келісетін немесе келіспейтініңізді білдіріңіз. Мәтіндегі ақпараттардың маңыздылығын, өзектілігін, қоғам және адам үшін пайдалылығын көрсетіңіз.

3-апта
7-сабақ

АДАМ САНАСЫНЫҢ ДАМУЫ




  1. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

Ең жоғарғы жетістік, адамның санасы, сананың дамуы, ой – сана, мидың ерекше дамуы, сезім мүшелерінің дамуы, жеке адам санасы, қоғамдық сана, сыртқы дүние.

  1. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

а) Адамның санасы еңбек ....
ә) Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі ....
б) Сана жеке адамға ....
в) Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ....
г) Адам сыртқы дүниемен....
Назар аударыңыз!
Сана – сознание
Саналы түрде – сознательно
Саналы – сознательный
Саналылық – сознательность
Түсіну, мойындау – сознать, сознаться
Жетістік – достижение
Жету – достигнуть
Қол жетерлік – достижимый
Дамыған – развитый

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз, мағынасын түсініңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет