ҰЛТТЫҚ АТАУЛАР – ҰРПАҚҚА МҰРА
ТҰЯҚОВА Ф.М.
Солтүстік Қазақстан облысының
тілдерді дамыту басқармасы
Петропавл қаласы
Аннотация: В статье приведен системный анализ работы в
сфере ономастики в Северо-Казахстанской области за последние
пять лет. Высказывается мысль о некоторых проблемах,
существующих в районах региона со сложной топонимикой и
путях их решения.
Abstract: This article suggests the systematic analysis in
anomastic sphere of North Kazakhstan region for the last 5 years. The
author describes the problems of toponyms in this area and demostrates
their feasibilities.
Парламент Сенатының депутаты, ел Үкіметі жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі Жабал
Ерғалиев: «Мәңгілік Ел болуға керекті басты алғышарттардың
бірі – тіл, ел және жер. Осы ойды санамызға сіңіре алсақ,
149
мәселенің түйткілді тұстары өздігінен шешілер еді», – деген
болатын осындай басқосулардың бірінде.
Қазақстандық қоғамдағы саяси маңызды – ономастика
мәселесінің ойластырар тұстары жеткілікті.
Еліміздің Ресеймен шекаралас солтүстік қақпасы саналатын
Қызылжар өңірінің ономастикалық хал-ахуалы көпшілікке таныс.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың
қазан айында жекелеген этностар бойынша Солтүстік Қазақстан
облысы халқының саны - 571 759. Оның басым бөлігі орыстар –
285 331, қазақтар - 196 483. Одан кейін сан жағынан украиндар
(25 411), немістер (20 260), поляктар (12 316). Осылайша жалғаса
береді. Жалпы облыс аумағында барлығы 20-дан астам ұлт өкілі
мекендейді.
Бүгінгі күні Қызылжар өңірінде 689 елді мекен болса,
оның ішінде небәрі 234-і, яғни 34 пайызы қазақша атауға ие.
Облыс бойынша қазағы қалың аудандардың көш басында
– Уәлиханов тұр. Мұндағы барлығы 17 145 тұрғынның 15 368-
і немесе 90 пайызы жергілікті ұлт өкілдері. Ақжар ауданында
17 431 тұрғынның 13 611-і қазақ.
Жоғарыда аталған екі аудан да кезінде Көкшетаудың
құрамында болған.
Қалған аудандарда өзге ұлт өкілдері басым. Қазақстанның
солтүстік аймағының географиялық жағдайы мен мекендеген
халықтың ұлттық құрамына байланысты бұл өңірде жер-
су аттарының орынсыз өзгеріске түсуінің тарихы әріден
басталатыны белгілі. Ресей отаршылдығымен бетпе-бет келген
өңірдегі қазақтардың тілі мен діліне, ұлттық салт-санасына
нұсқан келтіре отырып, жергілікті халықты маргиналдық
санадағы тобырға айналдыру екі жарым ғасыр бойы империялық
саясат негізінде жүйелі түрде жүргізілді.
Зерттеуші В.Н. Алексееконың деректері бойынша 1870-
1906 жылдар аралығында Қыр өлкесіне Ресейден ауып келгендер
саны 521 мың адам болса, Столыпин реформасы кезінде (1906-
1914 жылдары) 714 мың адам қоныс аударған. Осылайша, 1910
жылдың өзінде Ақмола облысына Екатеринослав, Полтава,
Самара, Харьков, Херсон губернияларынан екі жүз мыңдай
150
қарашекпен көшіп келді. 1917 жылғы мемлекеттік мәлімет
бойынша Ақмола облысында славян нәсілді жұртшылық 882
мың 300-ге жеткен.
Осындай қолдан жасалған саясаттың шырмауынан әбден
шайқалған Солтүстік Қазақстандағы аудандар – Мамлют және
Аққайың. Қос аудан да облыс орталығымен шектесіп жатыр.
Мамлют облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік.
Ауданындағы 20 мыңға жуық халықтың 5-ақ мыңын қазақтар
құрайды (25 %). 42 елді мекеннің 5-інің ғана атауы қазақша.
Аудан орталығы Мамлютка қаласының атауы туралы
мынадай дерек бар. Ресей империясының 1822 жылғы «Сібір
қазақтары жөніндегі» Жарғы (Сперанский жарғысы) бойынша
Қазақстанның солтүстік өңіріндегі әкімшілік өзгерістердің заңды
жалғасы ретінде 1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау сыртқы округі
құрылған. Округ немесе дуан құрамына кіретін қазақтар алдымен
«Ақ патшаға» адалдық антын беруге тиіс болды. Ол үшін орыс
әкімшілігінің өкілдері Көкшетауға өздерімен бірге бірнеше татар
молласын ала келген. Олардың ішінде бұл өңірмен Абылай
заманынан бұрыннан қарым-қатынасы бар, мал саудасымен
айналысатын Усман Мәулітов деген молла да болған. Ол Жылғара
Байтоқиннің «тамыры», яғни жақсы сыйласқан досы екен.
Көкшетау дуанының аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиханұлы
Усман молланы бала оқытуға шақырып, қоныс беруге
уағдаласады. Сол Усман Мәулітов 1830 жылғы наурызда Рысай-
атығай болысының аумағына көшіп келеді. Оған Есіл өзенінің
жағасында, Новоникольск редутынан қырық шақырым жердегі
«Тасыбек тоғайы» деген жерден үй салуға, Қарағаш деген жерден
(Кіндікті, Талдыкөл, Жалтыркөл маңайы) пішен дайындауға жер
кесіліп беріледі.
Алғашқы 4 жылда Мәулітовтер үш үй салып алады. Ірі қара
өсіріп, кәсіппен айналыса бастайды. Усман мектебінде қазақтың
елу баласы дәріс алады.
Жылдар өтіп, бұл елді мекеннің аты Мәуліт, орысшасы
Мамлютка болып өзгеріп кеткен.
Бұл ауданда Ленин ауылы және аудан орталығы Мамлютка
қаласында Ленин көшесі бар.
151
Облыстық ономастика комиссиясына Астана қаласының
тұрғыны Бәтима Сүтерова деген азаматшадан түскен Ленин
ауылын өзгерту туралы ұсыныс бірнеше рет қаралды. Ол ауылды
колхоз тұсында елді мекенді көтеруге үлес қосқан әкесі Шеген
Сүтеровтің атымен атауды ұсынған. Мәселенің оң шешімін
табуды сұрап Президент әкімшілігіне дейін хат жазды. Алайда
ауыл тұрғындары бұл ұсынысты қолдамады. Жергілікті халық
жікке бөлініп, елдің атын ру басшыларының бірі болған Бике
есімімен атау қажет деген ұсыныс-пікірлерін айтты. Өйткені,
тұрғындардың көпшілігі сол Бикеден тараған ұрпақ көрінеді.
Саралап қарасақ, бұл екеуінің де есімдері республика деңгейінде
танымал емес.
Ақыр аяғында 95 ауыл тұрғынының 73-і елді мекеннің
сол қалпында «күн көсемнің» есімімен аталып қалғанын
қалаған. Әрине, ауылды жаңаша атауға келгенде тұрғындардың
бірауыздылық таныта алмаулары өкінішті-ақ.
Сондай-ақ аудан орталығындағы Ленин көшесіне Кеңес
Одағының Батыры, жерлесіміз Әбу Досмұхамбетовтың есімін
беру туралы мәселе де оң шешімін тапқан жоқ. Мамлютка
қаласы халқының басым бөлігі өзге ұлт өкілдері екенін ескерсек,
көше таяу жылдары өзгере қоймасы анық. Егер қала басшылығы
бұл іске белсене араласып, тұрғындар арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізсе, мүмкін жағдай басқаша болар ма еді...
Облыстағы осы тұрғыда күрделі аудандардың бірі
– Аққайың ауданы (бұрынғы Совет ауданы). Орталығы –
Смирнов, Петропавлдан 40 шақырым жерде орналасқан. Елді
мекеннің тарихи атауы – «Дәрмен». Қазақстаннан астық пен етті
Ресейдің орталық аймақтарына жеткізу үшін 1921-22 жылдары
Көкшетауға теміржол тартылады. Осы жұмысты азық-түлік халық
комиссарының орынбасары Смирнов деген басқарған. Осылайша
«Дәрмен» коммунистік партия мен үкімет басшыларының бірі
Смирновтың атына ие болған.
Аудандағы 32 елді мекеннің 21-і орысша аталған.
Соңғы бес жылда облыстық ономастика комиссиясына
мемлекеттік тіл саясатындағы ономастика саласын жүйеге
келтіру мақсатында 3 елді мекеннің атауын өзгерту және 1
152
елді мекеннің транскрипциясын түзету туралы ұсыныс түсті.
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ұсыныстар қаралып,
оң шешімін тапты.
Сөйтіп, Айыртау ауданындағы Өскен селосы Үкілі Ыбырай
ауылы, Қызылжар ауданындағы Элитное селосы Бәйтерек
ауылы, Уәлиханов ауданындағы Чехово селосы Ақбұлақ
ауылы болып атауы өзгертілді. Шағлы селолық округі Шағлы
селосы Шағалалы ауылдық округі Шағалалы ауылы болып
транскрипциясы түзетілді.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Солтүстік Қазақстан
облысының Айыртау ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы
дүниеге келген. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл «Өскен»
деп аталды, яғни колхоздастыру, тың игеру науқандарына
байланысты қойылған даңғаза қазақша атаулардың бірі.
Оның «Үкілі Ыбырай» атануының себебін «Өзім жайлы»
атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті:
«Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,
Қос буын шекесіне үкі тақтым»,
– десе, қара қалпақтағы қос буын үні домбырадағы қос
буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып
«Үкілі Ыбырай» атанды.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып,
әндетіп дабылдатып өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ
ғасырдың отызыншы жылдары әкелген зұлматтың құрсауында
өтті. Голощекиншіл «ұр да жық» белсенділердің «асыра сілтеген»
әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты. Ұжымдастырудың
зардабынан байғұс қазақтың жайлауында жаны, қыстауында
қаны шықты. 1929–1932 жылдарғы қырғын аштықты көзі көрген
ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге түсті. 1933 жылы
Қазақстанды басқаруға Л.И.Мирзоян келіп, жағдайды түзей
бастағанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай «халық жауы» атанып,
атылып кетті.
Халық бұл ауылдың «Үкілі Ыбырай» атанарына үмітпен
қарады. Көпшіліктің көптен күткен арманы орындалды да.
153
Уәлиханов ауданындағы Чехово селосының іргесі 1954
жылы қаланған. Тұрғындарының ұсынысы бойынша елді мекен
Ақбұлақ ауылы болып өзгертілді. Жергілікті халық ауылдың жаңа
атауын жақын маңдағы бұлақ көзінің болуымен байланыстырады.
Жаңа атау беруде географиялық ерекшеліктердің ескерілуі орынды-
ақ.
Қызылжар ауданындағы Элитное селосының Бәйтерек
атануы да тегін емес. Облыс орталығына таяу әрі тасжолдың
бойына орналасқан 50 үйлі елді мекен “Нұрлы көш” мемлекеттік
бағдарламасының аясында тұрғызылған жүздеген жаңа
баспанамен толығып, шетелдерден қоныс аударған қаракөз
ағайындарымыз бен жас отбасылардың жайлы қонысына
айналды.
Алайда мұнымен тоқмейілсуге болмайтыны сөзсіз. Бүгінгі
таңда облысымызда әлі күнге дейін тәуелсіз еліміздің келбетіне
сәйкес емес кеңестік атаулар сіресіп тұр.
Социалистік жүйені ту еткен кеңес үкіметі тоталитарлық
топонимді жүзеге асырды. Осы арқылы халықтың тарихтық
жадының бір саласы ретінде қалыптасқан тұрақты тарихи
ұлттық ұғымына айналған елді мекен, жер атауларын зорлықпен
өзгертіп, одан қол үздірді.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметке
қарағанда «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендердің
тізімін» құрастырушы мамандар барлық атаулардың «60 пайызы
қазіргі талап етіп отырған үкімет саясатына сай келмейді» деп
есептейді. Мәселен, Мамлют, Тайынша, Жамбыл, М.Жұмабаев
аудандарында Октябрь, Октябрьское, Аққайың, Мамлют,
Тимирязев аудандарында Ленино, Ленинское, Тайынша
ауданында Ильичевка, Ильич, Комсомолец, Тимирязев
ауданында Дзержинское, Жамбыл, Ғ.Мүсірепов атындағы
аудандарда Буденное, Жамбыл ауданында Бауманское, Чапаевка,
Матросовка, Мамлют ауданында Қызыләскер, Бостандық,
Краснознаменное, М.Жұмабаев ауданында Пролетарский,
Ақжар ауданында Коммунизм, Есіл, М.Жұмабаев аудандарында
Советское, Шал ақын ауданында Социал.
Қоғамдық-саяси, мәдени-тәлімдік маңызы өлшеусіз
ұлттық атаулар жөн-жосықсыз өзгертіліп, табиғатымыз мен
154
болмысымызға үш қайнасы сорпасы қосылмайтын атаулар қаптап
кеткен. Мәселен, Ақжар-Покровкаға, Арқалық-Андреевкаға,
Қосағаш-Новомихайловкаға,
Кегерін-Новоникольскийге,
Жекекөл-Благовещенкаға,
Құтырлыған-Екатериновкаға,
Түлкіойнақ-Святодуховкаға, Кіндікті-Оседлоеге, Бақырілген-
Петровкаға, Қоржынкөл-Спасовкаға айналдырылған. Өткен
тарихымызды еске салатын атауларды қайтару – бүгінгі уақыт
еншісінде.
Сонымен қатар, Кладбинка, Кабань, Дашка-Николаевка,
Конюхово, Куломзино, Барашки, Пулеметовка, Ташкентка,
Чернозубовка, Разгульное, Тахтаброд, Краматоровка сияқты
тілге орамсыз әрі мағынасыз елді мекендер атауларын әрбір
ауданнан кездестіруге болады.
Әрине, болашағы жоқ ауылдардың атауын өзгертудің
маңызы жоқ. Бүгінгі күні тасжолдың бойында орналасқан,
қаймағы бұзылмаған елді мекендер атауларының шығу тарихына
немесе географиялық ерекшелігіне аса мән бере отырып, зерттеу
жұмыстарын жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыста атауы адам танымастай өзгерген
әкімшілік-аумақтық бірліктер және географиялық атаулар
жеткілікті-ақ. Мәселен, Тораңғыл – Тереңкөл, Токушино –
Тоқшын, Шабақты – Чебашье, Асан – Асаново, Мәңгісор -
Меңкесер және тағы басқа.
Транскрипциясы бұрмаланған атаулардың түпкі негізін
ажыратып алу оңайға соқпасы анық. Бұл әлі де болса терең
зерттеуді, үлкен еңбекті қажет ететіні сөзсіз. Мәселен, Солтүстік
Қазақстан облысының Есіл ауданындағы тұрғындардың
Тораңғыл, Үлкен Тораңғыл деп бұрмалап алған атаулардың
нақты неден, қалай шыққанын көпшілік біле бермейді.
Зер сала қарап, байыппен көңіл аударған адам,
Қазақстанның теріскейінде тораңғы ағашының өспейтінін
білсе керек. Жерсінбеген, өспейтін өсімдіктің аты жер-су атына
қойылмайды. Демек, бұл көлдің, тиісінше елді мекеннің аты
сол жердегі көлге тікелей қатысты «Тереңкөл» дегенді білдірсе
керек, дейді жергілікті өлкетанушылар. Келімсектердің тілі
келмеген соң, шұбарланып, тіпті мүлде түсініксіз болып өзгерген
гидронимнің тағдыры осындай.
155
Шын мәнінде түсіндірмелі сөздікте көрсетілгендей шөлейт
аймақтарда, өзен аңғарларында өсетін, ұзындығы 20-30 м,
көлденеңі 2 м. түк жапырақты, көпжылдық қатты ағаш «тораңғы»
шұрайлы мекенде қайдан өссін?! Егер өссе көп жылдық өсімдік
ағашы күні бүгінге дейін сақталмай ма?..
Ал, 2012 жылы басылып шыққан «Географиялық
атаулардың каталогында» - Таранкөл, Үлкен Тораңғылық.
«Таран» сөзі қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде екі мағынада:
1. Бөрене қазықты қағатын сайман; копер. 2. әск. Дұшпанның
ұшағын не танкісін өзінікімен соқтығыстырып қиратқандық.
Ендеше бұл екі мағынаның да көлмен тікелей байланысы жоқ.
Сол сияқты Токушино станциясы каталогта Тоқушы болып
берілген. Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясында
да дәл осылай. Кейбір зерттеушілер Тоқшын болуға тиіс екенін
айтады. Тіпті ресми құжаттарда, баспасөз беттерінде осылай
жазылып жүр. Сондықтан бұл мәселенің жетілдіретін тұстары
жетіп жатыр.
Әрине, ономастика мәселесі – теріскей үшін әлі де өзекті.
Петропавл қаласындағы 300-ге тарта көшелердің 40 шақтысы
ғана төл атауларға ие. Олардың біразының өңірімізге еш қатысы
жоқ. 50-ге тарта көше әлі күнге дейін коммунистік дәуір мен
кеңестік кезеңнің идеологиясын айғақтап тұр.
Тағы бір айта кететін жайт, көшеге атау бергенде өңірмен
есімдері байланысты бірқатар тұлғалардың еленбеуі көңілге
көлеңке түсіреді. Есімдері жер-жерде әлдеқашан ұлықталған
Абай, Мағжан, Сәбит, Ғабит, М.Әуезовтермен шектеліп қалған
жайымыз бар. Сол себептен арнайы анықтамалық шығару
жоспарланып отыр. Онда сүйегінің күлі Мәскеуден әкелініп, туған
жер қойнына тапсырылған жерлесіміз Смағұл Садуақасовтан
бастап, еліміздегі алғашқы дәрігерлердің бірі, қоғам қайраткері
Жұмағали Тілеулин, «Халық жауы» атанған Нығмет Сырғабеков,
сондай-ақ Баймағамбет Ізтөлин, Сәкен Жүнісов сияқты біртуар
тұлғалар қамтылмақ. Сондай-ақ балалық шағы Қызылжарда
өткен күш атасы – Қажымұқан бабамыз да ескерілетін болады.
Қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, еңбегі
елге сіңген танымал тұлғалармен қатар, өлкенің географиялық,
156
табиғи ерекшелігіне байланысты және көңілге қонымды, құлаққа
жағымды бейтарап атаулар да тізбектелуде.
Ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен жанын беріп жүріп қорғап қалған туған жеріміздегі
ұлттық атауларды болашақ ұрпаққа мирас ету – парызымыз.
Игі іске жергілікті өлкетанушылар, зерттеушілер, ғалымдар
тартылуда. Жуырда Тайшыбай З.С., Оспанов К.Қ., Ахметжанова
К.Б. «Атамекен атаулары» деген еңбегі басылып шықты.
Солтүстік
Қазақстан
облысы
тілдерді
дамыту
басқармасының тапсырысы бойынша дайындалған кітапта
қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарайтын аумақтың жер-
су, елді мекендер атаулары тарихи және этнолингвистикалық
тұрғыда зерттелген. Уақыт жағынан алғанда, 1830-2015 жылдар
аралығын қамтиды. Облыстағы ономастикалық жұмыстың
жайына шолу жасалған және бұл тараптағы тәжірибе мен
Қазақстан заңнамалары талданған.
«Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Қазақстан халқының бір
бөлігі мекендейтін Солтүстік өлкенің ұлттық келбетін келтіру
бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Ә
дебиеттер:
1. Есқали Ө. «Егемен Қазақстан». – 2011.
2. Мырзахметұлы М. Қазақ топонимдері мен антропонимдері.
Ономастика: бүгіні мен болашағы. Астана, 2002, 20-б.
3. Қазақстан Республикасының географиялық атауларының
мемлекеттік каталогы. Екінші басылым, қайта өңделген және
толықтырылған. Солтүстік Қазақстан облысы. Алматы, 2012.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008.-
784-б.
5. Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. – Алматы,
2006. -582; 609-б.
6. Тайшыбай З.С., Оспанов К.Қ., Ахметжанова К.Б. «Атамекен
атаулары». – Петропавл, 2015. –57; 58; 60- б.
7. Тұяқова Ф. М.«Ономастикалық хабаршы». - 2008. № 2 – 78-б.
157
АТАМЕКЕНІМІЗДІҢ АТАУЛАРЫ – АТА-БАБАМЫЗДАН
ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР
ЖАНӘДІЛОВ Т.О.
ОҚО білім, жастар саясаты және
тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімі
Шымкент қаласы
Аннотация: В статье рассматривается ономастическое
пространство Южного Казахстана. Автор поднимает проблемы,
связанные с наименованием населенных пунктов области и их
объектов, имеющих общественное, социальное значение.
Absyract: This article presents the onomastic space of South
Kazakhstan. The author studies the problems of naming boroughs,
institutions playing social and public significance.
«Өзінің тарихын қадірлемейтін, өзінің ұлттық
байлығын бағаламайтын халық табысты да
бола алмайды, тағдыры да сәтті бола алмайды»
Н.Ә. Назарбаев
Кез-келген жер-су атауларында халқымыздың тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени болмыс-
бітімі, һәм ата-бабамыздың ой-өрісі мен қазақ тарихы және кең
байтақ қазақ даласының ғасырлар бойы атадан-балаға мирас
болып келе жатқан тәлім-тәрбиесі жатыр деп бағалауымыз абзал.
Ия, қазақ даласы атауға бай. Қандай болмасын зат атауы оң
танытса жер-су, тау-тас, ой-қыр, сай-сала, бау-бұлаққа берілген
атауда, олардың тарихын танып білуге мүмкіндік береді.
Кез-келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына
көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді,
гографиялық сыр-сипаттарды сақтай отырып, сол жердегі
тұрақты халықтың немесе бірнеше бұрын соңды болған басқа
халықтың тілі негізінде жасалады.
Осы мәселелерді зерттеуде мемлекеттік тіл саясатының
басты бағыттарының бірі – ономастика саласы.
158
Ұлттық ономастика – халқымыздың, өскелең ұрпақтың
елжандылықтың, еліне деген ұлттық мақтанышын білдіретін
тәрбиелік, рухани, мәдени маңызды зор факторлардың бірі.
Ономастика – қызығы мол, қиындығы көп, ғылыми-
теориялық түйіні жалпыға ортақ, ешкімді бей-жай қалдырмайтын
тіл саласы.
Тіл мен ономастика – егіз ұғым. Бір-бірінен ажыратуға
болмайды. Қазақтың біртуар ақыны Қ.Мырзәлі:
«Дәулет деген ұғыңдар:
Бүгін болса ертең жоқ.
Тілің болса, бәрі бар,
Тіл болмаса түгің жоқ».- демекші тіл болмаса қазақ тарихы,
ономастика болмаса ел тарихы жоқ.
Біз Мәңгілік ел болуымыз үшін, рухани байлықтар мен
ұлттық құндылықтарды жаңарту керек. «Ауылға – атамыздың,
көшеге көкеміздің» атын беруді тоқтатып, жаңарту жолында
көне тарихи атауларымызды жаңартуымыз қажет .
Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар
саясаты және тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық
жұмыстарды үйлестіру үшін біршама жұмыстар атқарып
келеді. Мәселен, мекенжайлық ақпаратты берудің бірыңғай
электронды жүйесін құру кезінде елді-мекендерге, көшелерге
атау берілгендігін растайтын құжаттарын орталық, облыстық,
аудандық, қалалық мұрағаттардан қайта іздестіру жұмыстарын
іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда облыста 4 облыстық, 4 аудандық маңызы бар
қала, 11 аудан, 185 ауылдық округ, 937 елді мекен, 11146 көше
бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы атауы жоқ
973 көше, 2015 жылы 112 көше нөмірленіп, мекен жай тіркелімі
ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Шымкент қаласында құрылған төртінші ауданға «Қаратау»
атауы
(2014 жылғы 27 қарашада №33/256-V)
беріліп,
атауы жоқ
және өзгертуді қажет ететін 179 көшеге атау берілді (2014 жылғы
11 желтоқсан 34/267-V).
2014 жылы облыстық ономастикалық комиссиясының
3 отырысы болып өтті. Онда облыстағы аудан, қалалардан 46
159
ұсыныс түсіп қаралып (Олар:37 мектеп, 4 мәдениет мекемелері 3
әкімшілік- аумақтық бірліктер, 2 көше), 34-і оң қортынды алды,
12-і кері қайтарылды.
2014 жылы облыстық ономастикалық комиссиясының
3 отырысы болып өтті. Онда облыстағы аудан, қалалардан 46
ұсыныс түсіп қаралып (Олар: 37 мектеп, 4 мәдениет мекемелері
3 әкімшілік- аумақтық бірліктер, 2 көше), 34-і оң қортынды
алды, 12-і кері қайтарылды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы
№284-2 тапсырмасына сәйкес атау беру, қайта атау беру
мәселесі уақытша тоқтатылды. Яғни уақытша мораторий
жарияланғандығы белгілі. Дегенмен, қазір мораторий
жарияланды деп қол қуысырып ортыратын уақыт емес,
физикалық-георафиялық нысандарды сараптап, тың деректер
іздестіріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет.
Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан
Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың
2015 жылғы 14 сәуірдегі №20-56/1555 тапсырмасына сәйкес
тоқтамнан тыс «Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдары мен әскери бөлімін атау және қайта атау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі
№360 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Кеңес Одағының
батырлары
Е.Молдабаевтың
(Арыс),
Н.Қасымбековтың
(Түлкібас), С.Рахымовтың (Түлкібас), С.Әшіровтың (Отырар),
соғыс ардагерлері М.Исламқұловтың (Ордабасы), С.Құртаевтың
(Отырар) есімдерін бірқатар мектептерге беру және қайта атау
қарастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16
сәуірдегі №20-56/И-204 қбпү тапсырмасына сәйкес,тоқтамнан
тыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының
батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы
Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру бойынша тиісті
жұмыстар жүргізу үшін аудан, қала әкімдіктеріне (23.04.2015 ж.,
№14/1920) тапсырма берілді.
ОҚО ономастика комиссиясының 15 шілдедегі
отырысында Шымкент қаласындағы №87 жалпы орта мектебіне
160
Ұлы Отан соғысының ардагері Абдраш Назарбековтің, Түркістан
қаласындағы № 20 мектепке Кеңес Одағының Батыры Расул
Исетовтың,Отырар ауданындағы «Қарақоңыр» шағын жинақты
бастауыш мектебін соғыс ардагері Әжімұқан Қасымбековтің
есімімен қайта атау, Төлеби ауданындағы «Қарақия шағын
жинақты бастауыш мектебін» соғыс ардагері Лашқар
Тәжібаевтің есімімен қайта атау, Отырар ауданы Темір ауылдық
округіне қарасты Темір ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан
соғысының ардагері Оңғарбаев Жақсыбектің,Төлеби ауданы
Ленгір қаласындағы №5 көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері
Айтқұлов Идаяттың,Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округіне
қарасты «Қызыл әскер» ауылының атауын Кеңес Одағының
батыры Жолдасов Лесбектің, Мақтарал ауданында Атажұрт елді
мекеніндегі көшеге соғыс ардагері Серік Жүнісовтің есімін беру,
Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Құралай»
жалпы орта мектепке Байырбек Садықовтың есімін беру
туралы ұсыныстар қаралып оң шешімін тапты. Республикалық
ономастикалық комиссияның қарауына 6 мектептің құжаттарын
қарау ұсынылды.
Атқарылып жатқан іс-шаралар да баршылық. Жыл
басынан бері бірнеше ауқымды іс-шаралар өтуде. Соның бірі
облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Атаулар – ата
тарихымыздың түп-тамыры» атты облыстық конференциясы.
Конференцияның мақсаты – ономастика мәселелерін жетілдіру,
Достарыңызбен бөлісу: |