Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет39/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
№ 3,4  дәріс тақырыбыТүркі тілі синтаксисінің зерттелуі, зерттеушілер мен олардың еңбектері 

Дәріс мақсаты: түркі тілі синтаксисін зерттеушілер еңбектерімен таныстыру, негізгі тұжырымдарды меңгерту 

Тірек сөздері:  синтаксис, сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлем, жіктеу ұстанымдары 

Дәріс жоспары:  

1 Түркі тілі синтаксисінің зерттелу тарихы 

2 Түркі тілі синтаксисінің негізгі мәселелері 

Дәріс тезистері:  

        Э.Р.Тенишевше, құрмалас сөйлем табиғаты туралы мәселені шешуде түркі тектес сабақтас шылаулардың санының 

аздығын назарда ұстау керек, қазіргі түркі әдеби тіліне араб және парсы тілдерінің ықпалы болғаны, сабақтастыратын 

шылаулардың  негізінен  осы  тілдерден  енгендігін,  ал  сабақтас  құрмалас  сөйлем  құрылымы  үндіеуропалық  тілдердің 

сабақтас  құрмалас  сөйлем  құрылымымен  сай  келеді.  Жалғаусыз  сабақтас  құрмалас  сөйлем  құрылымына  келсек,  оның 

құрылымы  әртүрлі  анықталып  келеді,  бұл  маңызды  мәселені  дұрыс  шешуде  түркологтардың  ұжымдық  күші  қажет 

болып тұр.  

    Жекелеген  түркі  тілдерінде  құрмалас  сөйлемдерді  жіктеу  мәселелері  түрліше  болғанымен,  олардың  арасындағы 

үндестік байқалып тұрады. Бұл туралы өз зерттеуінде Т.Н.Ермекова сөз етеді. Ол өз зерттеуінде түрколог ғалымдардың 

сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  жіктеуін  келтіреді.  Атап  айтқанда,  Ю.Д.Дешериев  сабақтас  құрмаластарды  субъектілі 

бағыныңқылы,  объектілі  бағыныңқылы,  қосымша  бағыныңқылы,  анықтауыштық  бағыныңқылы,  пысықтауыштық 

бағыныңқылы,  шарт  бағыныңқылы  және  қарсылықты  бағыныңқылы  деп  жіктесе,  Н.З.Гаджиева  әзірбайжан  тіліндегі 

сабақтастарды бастауыш бағыныңқылы, баяндауыш бағыныңқылы, анықтауыш бағыныңқылы, қосымша бағыныңқылы, 

пысықтауыш бағыныңқылы (мақсат, амал, өлшем және дәреже) мезгіл, себеп, салдар, салыстырма, шарт және қатыстық, 

қарсылықты бағыныңқылар деп жіктейді.    

      Түркологияда  синтаксисті  семантикалық  аспектіде  зерттеу  бағыты  қалыптасқан.  Түркі  тілдеріндегі  сөйлем 

семантикасына алғаш  көңіл аударып,  зерттеу жүргізген  –   И.Х.Ахматов. Ол жай сөйлемнің мағыналық бөлшектерінің 

қалыптасуында мынадай үш фактор негізгі рөл атқаратындығын көрсеткен:  

1)  сөйлемдегі бөлшектің синтаксистік позициядағы өзіндік ерекшелігі;  

2) синтаксистік позицияның лексикалық толықтырылу сипаты;  

3) 


белгілі бір синтаксистік позициядағы сөздің лексикалық және синтаксистік мағынасының өзара әрекеті.  

      Сонымен қатар автор сөйлемнің мағыналық құрылысын талдау үшін, ең бірінші, сөйлемнің мағыналық құрылысын 

және  оның  құрамын  айқындап  алуға,  сөйлемнің  мағыналық  бөлшектерін  бөліп  және  оның  үлгі  жасаушы  тізімін 

көрсетуге  мән  береді.  Сөйлемнің  мағыналық  құрылымы  мағыналық  бөлшектердің  өзара  қатынасы  арқылы 

айқындалатынын,  ал  мағыналық  бөлшектің  өзі  синтаксистік  бөлшектер  мен  морфемалар  арқылы  айқындалатынын 

айтады.  Оның  пікірінше,  жалпы  мағына  сөйлемнің  мағынасын  тұтастай  білдіреді,  бірақ  ол  сөйлемнің  жеке-жеке 

бөлшектерінің білдіретін мағынасының жиынтығы емес, керісінше, сол бөлшектердің өзара  байланысының нәтижесінде 

пайда болатын сапалық тұрғыда мүлде жаңа мағынаны білдіреді.  

      Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің актуалды мүшеленуі С.Аташев зерттеуінде қарастырылған. 

      Қазақ тіл білімінде Т.Н.Ермекова сөйлем мағыналары сипаттарын анықтайды:  

       1) Сөйлемнің грамматикалық мазмұнын тек хабардың белгілі бір мезгілге сәйкестігін көрсетуден ғана емес, сонымен 

бірге  предикаттық  белгінің  белгілі  бір  шаққа  (не  шақ,  модальділік,  жаққа)  қатынасынан  көре  аламыз.  Тіпті  шаққа 

қатысы  жоқ  деп  есептелетін  етістіксіз,  есім  баяндауышты  сөйлемдердің  де  белгілі  бір  дәрежеде  шаққа  қатысы 

болатындығы айтылып жүр.   

        2) Сөйлем  құрамындағы сөздердің қай сөз табына жатуы негізінде де сөйлем мазмұны  анықтала түседі. Бірақ бұл 

жерде  де    шарттылық  болатынын  естен  шығармаған  жөн.  Тіпті  бір  ғана  формуламен  берілген  сөйлемдердің  өзінде 

семантикалық  айырмашылықтар  болады.  Немесе,  керісінше,  құрылымдық  үлгісі  сөз  таптарының  қатысы  тұрғысынан 

басқаша болғанымен, мағынасы жағынан сәйкес келуі де мүмкін.    

       Сөйлем  семантикасын  зерттеуші  ғалымдар  бүтін  сөйлем  парадигмаларына  элементарлы  сөйлем  парадигмалары 

оппозиция  болатындығын,  оның  үстіне  жалаң,  дербес  сөйлемдер  екі  парадигмаға  да  енетінін  атайды.  Бүтін  сөйлем 

дегеніміз  –  графикалық  ой  білдіруде  нүктеден  нүктеге  дейінгі  ойдың  аяқталған  бірлігі.  Бүтін  сөйлем  ретінде  дәстүрлі 

грамматика  шеңберінде  парадигма  құрайтын  жай,  салалас  құрмалас  сөйлем,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  және  салалас 

құрмалас  сөйлем  мен  сабақтас  құрмалас  сөйлемнен  тұратын  аралас  құрмалас  пен  құрмаластың  өзге  де  көп  құрамды 

түрлері танылады.   

      Элементарлы  сөйлемге  жай  сөйлемдер  және  бүтін  сөйлемнің  барлық  жай  сөйлем  құрылысына  сәйкес  келетін  кіші 

бөлшектері жатады, бірақ олардың баяндауыштық тұлғалары әр алуан болуы мүмкін. Элементарлы сөйлемге парадигма 

құрайтындар:  жай  сөйлемдер,  салалас  сөйлемдер  (құрмалас  бүтін  сөйлемнің  компоненті  ретінде),  басыңқы  және 

бағыныңқы сөйлемдер (сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненті ретінде) және кіріккен  сөйлемдерге (парентеза) негіз 

болатын жалаң сөйлемдер.  

         Т.Н.Ермекова  құрмаластағы  бүтін  сөйлем  мен  элементарлы  сөйлем  қатынасының  төмендегідей  жүйесін  былай 

көрсетеді:  

        1) салалас құрмалас сөйлемде (паратаксис) барлық элементарлы сөйлемдерге тән;  

        2) сабақтас бүтін сөйлемде (гипотаксис) олар тығыз байланысты;  

        3) көп құрамды құрмалас бүтін сөйлемде (гипертаксис) теңдік қатынас болғанымен, олар өте тығыз байланысты.    





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет