Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет42/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
№ 5,6  дәріс тақырыбыТүркі тілдеріне тән ортақ сипаттар 

Дәріс мақсаты: түркі тілдеріне тән ортақ белгілерді игерту 

Тірек сөздері:  түркі тіл білімі, түркі изафеті, басыңқы, бағыныңқы, синтаксистік қатынас 

Дәріс жоспары:  

1Түркі тілдеріне тән сипатты көрсеткен ғалымдар мен зерттеулер 

2Түркі тілдеріне ортақ сипаттар 

Дәріс тезистері:  

 Түркі тілінің синтаксисіне тән жалпы сипаттаманы «Әлем тілдері: Түркі тілдері» (М., 1996 жыл.  – 543 бет) жинағында 

Н.З.Гаджиева берген. Бұл сипаттамаларға мыналар жатқызылады:  

       1)  түркі  тілдерінде  сөз  тіркесінің  негізгі  типтерінің  құрылу  модельдері  бірдей:    басыңқы  сыңары  –  зат  есім, 

бағыныңқы сыңары – есімдік (туркм. мениң ишим, қазақ. менің ісім), басыңқы сыңары – зат есім, бағыныңқы сыңары – 

сан есім (алт. еки түн, қазақ. екі түн).  

        2) Түркі тілдерінің өзіне тән синтаксистік категориялары – түркі изафеті. Есімдердің арасындағы бұл қатынас типі 

түркі  тілдерінің  барлық  құрылымын  тізбектейді,  әрі  синтаксистік  категориялардың  көпшілігін  түсінуге  кілт  болады. 

Түркі  изафетінің  түркі  тілдері  құрылымының  типологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  пайда  болды.  Басқа  да 

анықтауыштық топтар тәрізді изафет те түркі тілдерінің агглютинативтік (жалғамалылық) құрылымының басты заңына 

«анықтауыш  +  анықталатын  сөз»  орын  тәртібіне  бағынады.  Изафеттің  1-типінде  екі  зат  есімнің  түбір  тұлғада  қатар 

тұруы  арқылы  байланысу  (қазақ.  жібек  орамал,  ат  қора,  азерб.  дәмир  гапы  (темір  есік))  синтаксистік  қатынастың  

қабысу арқылы  берілуіне  құрылады. ІІ изафет  типінде анықтауыш ілік  септік жалғауынсыз, анықталатын  сөз тәуелдік 

жалғауының  үшінші  жағының  жалғауымен  (қазақ.  Абай  өлеңі,  түр.  deniz  yali-si  (теңіз  жағасы))  келеді.  Изафеттің  3-

типінде ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі (қазақ. малдың жемі, түр. baba-nin ev-i (әкемнің үйі))  

түзіледі, меншіктік мағынаны білдіреді.   

        3)  Түркі  тілдерінде  баяндауыштың  қандай  сөз  табынан  жасалуына  қарай  сөйлем  типі  (есімді  және  етістікті) 

анықталады. Баяндауыш категориясының осы шақ тұлғасында берілу жолдары алуан түрлі. Бұл қазіргі түркі тілдерінде 

де, жазба ескерткіштер тілінде де осындай. Түркі тілдерінің көпшілігінде баяндауыштың 3-жақтық қосымшасы – дыр, - 



ды    (<  тур  -  тұр)    кеңінен  қолданылады.  Барлық  түркі  тілдерінде  есім  баяндауыштың  3-жақ  көрсеткіші  болмайды. 

Мысалы, як. Кини саха «Ол якут», қазақ. Ол бала.   

4)  Түркі  тілдерінің  барлығында  дерлік  бағыныңқылық  сипат  есімше,  көсемше,  етістік-есім 

конструкцияларымен  беріледі  және  бұлар  түркологиялық  зерттеулерде  ерекше  синтаксистік  категориялар  болып 

саналады. Мысалы, алт. Будакта көрүк отурғанын көрдим (Я видел, как бурундук сидел на ветке).  

5)  Түркі  тілдерінің  құрылымында  жалғаулықты  сөйлемдердің  дамуына  жағдай  жасалған  (күшейткіш 

демеуліктер  негізінде  шылаулардың  дамуына  назар  аударыңыз).  Бұдан  басқа,  шылаулармен  байланысатын  құрмалас 

сөйлемдердің дамуына араб, парсы тілінің (азербайжан, түрік, өзбек тілдеріндегі жалғаулықты құрмалас сөйлемдердің 

басым бөлігінің) ықпалы тиген. Түркі тілдес халықтардың орыстармен үнемі қарым-қатынасқа түсуі де құрмаластарды 

байланыстыратын құралдардың дамуына өз әсерін тигізді.  

Бұлардың қатарын Э.Р.Тенишев көрсеткен белгілермен толықтырсақ:  

6)    Жайылма  жай  сөйлемдерді  жеке  алып  қарағанда,  оның  құрамындағы  сөздердің  орын  тәртібі  біршама 

тұрақты болады: пысықтауыш  – бастауыш – толықтауыш – баяндауыш (ой екпінінің бір сөйлем мүшесінен екіншісіне 

ауысуы бұл орын тәртібін инверсиялауы мүмкін).  

7)  Сабақтаса  байланысқан  сөз  тіркесінің  (оның  ішінде  сөйлемнің)  құрылуының  жалпы  ережесі  циклдік:  кез 

келген сабақтастық қатынастағы тіркес өзге сөзге қатысты алғанда тұтас күйінде соған бағына алады. Мысалы: кум. Сен 



окь атгьанынгь «ты пустил стрелу», сен окь атгьанынгь-ны гёрдюм «я видел, как ты пустил стрелу».  

8) Сабақтас құрмалас сөйлемдерде шылау сөз сапасында сұрау есімдіктері (бағыныңқы сөйлемде) және соған 

сай қатыстық сөз  сапасында сілтеу есімдіктері (басыңқы сөйлемде) жұмсалады.  

9)  Салалас  құрмалас  сөйлемдер  –  бұл  бірінші  сөйлем  предикаты  есімше  формасымен  келіп,  бір  мезгілде 

болатын (-Аj) немесе бірінен кейін бірі  болатын (-Ір) әрекетті  білдіреді:  кум.  О бу языв язып сен оху  «он эту надпись 

напишет, а ты прочти». Али булай да айта ол толгьайды «Али говорил так, а он плакал».  




45 

 

10)  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  дәстүрлі  екі  типі  бар  –  жалғаулықсыз  (кум.  тюбек  атылды  –  душман 



йыгьылды «ружьё выстрелило – враг упал») және жалғаулықты – көп жағдайда кірме шылаулармен келеді (кум. о гелген 

ва биз барабыз «он пришёл, и мы отправляемся», мұнда ва шылауы парсы тілінен енген кірме шылау).     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет