Белмисең? Өеңдә ни булганны күршеңнән сора диләр бит (Т.Г.). Қазақ тілінде: Богданов: Сіздер ертеңнен бастап
теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер. Мәжен: Ертеңнен бастап? Богданов: Иә! (Ә.Әбішев). Өзбек тілінде: Дỷхтир
билан гаплашарсиз, касал ичда эмиш. Эртага операция бỷлади. – Эртага? – Ха. (Мирмуҳсин) – Поговорите с доктором,
болезнь оказывается внутри. Завтра будет операция. – Завтра? – Да.
А.М.Пешковскийдің көрсетуінше, қандайда бір синтаксистік мағына таза грамматикалық құралдармен берілген
кезде, оның интонациялық жолмен берілуі әлсірейді және керісінше. Осындай пікірді неміс тіліндегі сұраулы сабақтас
құрмалас сөйлемдердің интонациясын арнайы зерттеген Р.М.Хаскина
да
білдіреді. Оның сұраулы сөйлемдердің
интонациясын зерттеу тәжірибесі қорытындысы бойынша, егер сұраулық мән сұрау есімдіктері арқылы білдірілсе,
қарым-қатынаста ол сұраулы сөйлем сапасында бірден қабылданады, соған сай интонациясының сұраулық мән беру
сипаты қажеттілігін жояды. Ал қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріндегі сұраулы сөйлемдердің интонациясын тәжірибе
жолымен зерттеген А.Н.Нұрмаханова бұларға қарсы тұжырым жасайды. Оның тұжырымынша, сұраулы сөйлемнің
лексикалық, морфологиялық құралдардың қатысуымен жасалған түрі мен тек интонация арқылы жасалған түрлерінің
интонациясының айырмасы болмайды. Тіпті интонация сұрауды білдіретін құралдардың барлығын да ауыстыра алады.
Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдары түркі тілдерінде бірдей:
4) лексикалық тәсіл (сұрау есімдіктері, модаль сөздер)
5)
морфологиялық тәсіл (сұраулық шылаулар, демеулік шылаулар, көмекші етістіктер)
6)
синтаксистік тәсіл (сұрау интонациясы)
Қазақ тілінде сұраулы сөйлемнің лексика-грамматикалық жасалу тәсілдерін М.Балақаев алтыға, Ш.Қ.Жусакинова
беске, М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкенова беске, С.Аманжолов жетіге бөлсе, тілшідер татар тілінде төртке,
башқұрт тілінде үшке бөледі.
Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуі де әртүрлі. Мысалы, қазақ тілінде мағынасына қарай сұраулы
сөйлемдерді Р.Әмір төртке, М.Балақаев беске, О.Төлегенов үшке бөлсе, И.Е.Алексеев якут тілінде сегізге,
В.Н.Хангилдин татар тілінде екіге, Ғ.Ғ.Сәйетбатталов башқұрт тілінде екіге бөледі. Енді олардың негізгі
сипаттамаларына тоқталайық. Қазақ тілінде:
1) ашық (жалпы) сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сұраулы сөйлемде сұрақ ашық қойылады. Іздеулі
болып отырған мүше белгісіз болады да, соған сай сұрақ ашық қойылады. Бұл сипат барлық зерттеушілер тарапынан
бірдей аталған. Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем Р.Әмір зерттеуінде іздеулі сөйлем мүшесінің ыңғайымен
іштей 5 түрге жіктелген:
1.1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер: Кім келді?
1.2 Предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер: Келгелі не істедіңіз?
1.3 Іс-қимыл объектісінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлем: Кімге жолықтың?
1.4 Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мезгілінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер: Олар не
үшін қалды?
1.5 Зат сапасының, сынының, санының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер: Қанша кісі жұмысқа шықты?
1.3 Сөйлемдегі сөздердің құрылымдық-синтаксистік байланысу түрлері мен жолдары
2) альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып
альтернативті сапа, іс аталады. Ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы белгісіз күйде аталмай, белгілі
альтернативтердің төңірегінен ізделеді. Мысалы, Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Немесе Тоқтайсың ба, жоқ па?
Мұндай сөйлемдерді Р.Әмір альтернативті сұраулы сөйлем деп бөлек түр сапасында жіктесе, М.Балақаев бұл
сөйлемдерді ашық сұрақты сөйлем қатарында қарастырып, бірақ бұл сөйлемнің экспрессивті мәнінің күшті болатынын
атайды: «Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып кейде бірнеше рет
қойылады: Ол бүгін келе ме, келмей ме?».
3) Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Жауап күту мақсатымен айтылмай, хабар беру
мақсатымен айтылатын сұраулы сөйлемдерді немесе сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіру
үшін жұмсалған сөйлемдер риторикалық сұраулы сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдердің жалпы сипаттамасы,
жасалу жолдары қазақ, татар, башқұрт тілі синтаксисінде бірдей деп атауға болады. Мысалы, Осы да жөн бе?
4) Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін
де пайдаланылады. Үй құрғыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б.М.). Мұндай сөйлемдер түрткі
сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады.
Бұл қатарға М.Балақаевтың жіктемесінде берілген сұраулы сөйлемдердің төмендегі түрлерін келтірсек:
5) Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі
де, қарсы сұрақ қойылады. Мысалы:
- Біздің ауылға барасың ғой, қызым?
- Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов).
6) Күмәнды сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының
бірдеңеге күмәнданғандығын да білдіреді. Мысалы, - Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов).
7) Таңырқаулы сұрақ. Сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында айтылады. Ондай
сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады:
- Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! (Ғ.Мүсірепов).
Татар тілінде В.Н.Хангилдин «... жавап көтә торган сорау жөмләләр (бу төрне чын сорау жөмлә дип
исемләргә дә мөмкин), жавап көтми торган сорау жөмләләр (бу төрне риторик сорау жөмлә) дип тә атыйлар»,- деп
жазады. Татар тіліндегі сұраулы сөйлемдердің екі түрі де қазақ тіліндегі ашық сұрақты білдіретін сөйлем (жауап күтіп
тұрған не шын сұраулы сөйлем) мен риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерге сай түседі. Дегенмен, татар
тілінде сұраулы сөйлемдерді сұрау есімдіктерінің қайсысының қатысымен түзілетініне қарай жіктеу орын алғанын
аңғаруға болады. Бұл ұстаныммен бөлу былайша берілген:
1) Зат есімдердің орнына жұмсалатын сұрау есімдіктерімен түзілген сұраулы сөйлемдер (исем
Достарыңызбен бөлісу: |