Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет56/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159
№ 13,14  дәріс тақырыбыСұраулы сөйлем 

Дәріс мақсаты: Сұраулы сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуін меңгерту 

Тірек сөздері:  сұраулы сөйлем, сұрау интонациясы, жасалу жолдары 

Дәріс жоспары:  

1 Сұраулы сөйлемнің анықталуы 




52 

 

2 Сұраулы сөйлемнің түркі тіл білімінде сипатталуы, зерттелуі 



Дәріс тезистері:  

 Сұраулы  сөйлемдер  түркі  тіл  білімінде  толық  зерттелеген  деуге  болады.  Бұған  қазақ  тіліндегі  сұраулы 

сөйлемнің  табиғаты  мен  стилистикалық  ерекшеліктерін  арнайы  зерттеген  Ш.Қ.Жусакинованың,  қазақ  тіліндегі  қарсы 

сұрақтың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін арнайы зерттеген Е.Есіркеповтің, якут тіліндегі сұраулы сөйлемдерді 

зерттеген  И.Е.Алексеевтің  т.с.с  ғалымдардың  диссертациялық  жұмыстары  дәлел  бола  алады.  Осы  көрсетілген 

зерттеулер  мен  қазақ,  татар,  башқұрт  тілдері  грамматикаларында  берілген  сұраулы  сөйлем  анықтамалары,  негізінен, 

ыңғайлас. Мысалы, қазақ тілінде: «Басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем 

дейміз»,  «Бір  нәрсе  туралы  хабар  алу  үшін  қойылған  сұрақты  білдіретін  сөйлемді  сұраулы  сөйлем  дейміз».

 

Башқұрт 



тілінде:     нендей болса да бір заттың не  хал-жағдай, не болмаса түсінік туралы білуді  тілеп мақсат ете айтылған 

сөйлем  сұраулы сөйлем  типі  деп аталады.

 

Татар тілінде:  Нинди де булса сорауны белдергән жөмлә сорау жөмлә дип 



атала.  

Түркі  тілдерінде  сұраулы  сөйлемдер  сұраулық  шылаулар,  сұрау  есімдіктері,  модаль  сөздер,  үстеулер  және 



интонация арқылы жасалады.  

Сұраулы  сөйлем  жасауда  ең  көп  қатысатын  ежелгі  -му  шылауы,  бұл  шылаудың  сұраулы  сөйлем  жасаудағы 

қызметіне М.Қашқари айрықша тоқтаған: «-му есімдіктер мен етістіктердің ақырына қосылып, бір нәрсе жөнінде сұрау 

мағынасын білдіруші қосымша». Бұл шылау кейбір дыбыстық өзгерістерге түскені болмаса, барлық түркі тілдерінде бар. 

Ол  қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде  -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе,  қырғыз  тілінде  -бы,  -би,  -бу,  -пу,  өзбек  тілінде  -ми,  ұйғыр 

тілінде  -му,  -ма,  түрікмен,  татар,    башқұрт  тілінде  -мы,  -ми  түрінде  кездеседі,  етістіктен,  есім  сөздерден  болған 

баяндауышқа  тіркесу  не  қосылу  арқылы  сұраулы  сөйлем  жасайды.  Мысалы:  қазақ  тілінде:  -  Хат  танымайды  деген 

жоқсың  ба?  (Ғ.Мүсірепов).  башқұрт  тілінде:  -  Йә,  балам,  һау  кайттыңмы?  (Ғ.Дәүләтшин).  Татар  тілінде:  Габдулла 

әфәнде,  бу  сезме?  (Әхмәт  Фәйзи).  Қырғыз  тілінде:  Қайылынын  адамы  Чакибаштын  атын  барымтага  қармағаның 

распы? Дағы чығымды биз беребизби? (Т.Сыдыкбеков). Өзбек тілінде: Битта сигир угур шунча одамни бақа аладими? 

(Мирмухсин). Түрікмен тілінде: Инди душуидицми? ... Нәме, эжең саңа айтмадымы? (Ғ.Сейтмәдов).   

Кейбір түркі тілдерінде сұраулы сөйлем жасауға  -ше, -ші, -ши, -чы, -чи, -чү,-чу шылаулары қатысады. Мысалы, 

қазақ тілінде: -Шашым ше? – Шашымды алдырып тастауға тура келді (Ғ.М.). Қырғыз тілінде: Биздин балбан чечинип 



жатад, өзүңөрдүпүчү?-деп ал кайра сұрады ( Т.Сыдыкбеков).  

Сонымен  қатар  түркі  тілдерінің  кейбірінде  сұраулы  сөйлем  жасауға  ғой,  ко,  го,  ку,  ғу  шылаулары  қатысады. 

Мысалы,  қазақ  тілінде:  Әбілбидің  кіші  қызы  болды  ғой?  (Ә.Нұрпейісов).  Қырғыз  тілінде:  Аны  көз  көрет  эле  го? 

(А.Токамбеков). Өзбек тілінде: Суратнинг орқа томани оқ – ку?(Мирмухин). Ұйғыр тілінде: Сәр шиқа Чиқмапсәнғу? – 



деди (Ж.Мусаев).  

Сұраулы  сөйлемдер  -да,  -де,  -ду  көмекшілері  арқылы  және  а,  ә,  һә  одағайларының  тіркесуімен  жасалады. 

Мысалы,  Достығымыз  да  жүз  жасар,  ә?  (Ғ.Мұстафин).  Қырғыз  тілінде:  Сизнинг  икти  уғмингиз  бар-а?  (А.Мухтор). 

Ұйғыр тілінде:   Бәктияр, сән комсомол, һә? (Ж.Мусаев).  

Түрікмен  тілінде  -мыка,  -микә  және    -ла,  -ле  қосымшалары  арқылы  сұраулы  сөйлем  жасалады.  Мысалы,  Бе, 

Дурды аганың сөзи догры Чыкайжанмыка?   (Х.Ысмайылов). – Ханы, сен сагат алтыда гелжекдиң ле? (Б.Кербабаев).  

Түркі тілдерінде сұраулы сөйлемдер сұрау есімдіктерінің қатысуымен жасалады. Мысалы, қазақ тілінде:  - Бұл 



құрылысқа  бас  инженер  қылып  кімді  тағайындасақ  екен?  Татар  тілінде:  Кем  язган  аны  шулай  йөрәккә  үткәреп? 

(Қ.Нәж.).  Башқұрт  тілінде:  Кем  һуң  етер  уның  башына?  (Х.Кәрим).  Қырғыз  тілінде:  Эмне  үчүн  үйдүн  ичи  караңгы? 

(Қ.Жантөшев). Түркімен тілінде: Қонақ нирә штди? (Б.Кербабаев).  

Бұл сұрау есімдіктері түрлі септікте тұрып жұмсала алады: Мысалы, ілік септігінде келіп заттың не әрекеттің 

біреуге  меншіктілігін  білдіре  алады:  кимнинг,  ниманинг  (өзбекше),  кімнің,  ненің  (қазақша,  қарақалпақша),  табыс 

септігінде  тұрып  заттың,  құбылыстың,  әрекеттің  нысанын,  бағытын  білдіреді:  кимни,  нимани  (өзбекше),  кимди,  нени 

(қарақалпақша), кімді, нені (қазақша) т.с.с.  

Сандық  мәлімет  алу  үшін  өзбек  тілінде  неча,  нечта,  қанча,  қарақалпақ.,  қазақ  тілінде  неше,  қанша    тәрізді 

сұрау есімдіктері жұмсалады. Мысалы, өзбек тілінде: Қанча киши келди? Қазақша: Бүгін айдың нешесі?   

Сұраулы  сөйлемде  іс-әрекеттің  орны  мен  бағытын  анықтау  мақсатында  сұрау  есімдіктері  қолданылады.  Бұл 

қатарда  өзбек  тілінде  қаерда,  қаерга,  қаердан,  қарақалпақ,  қазақ  тілдерінде  қайда,  қайдан,  татар  тілінде  кайда,  каян, 

башқұрт  тілінде  кайза,  кайзан  деген  сұрау  есімдіктерін  атауға  болады.  Мысалы,  өзбекше:  Қаерга  борасиз?  татарша: 



Мылтыклар, винтовкалар каян алырга? Башқұртша: Кайза яуыз былай ашыға?   

       Сұраулы  сөйлем  құрамында  іс-әрекеттің  уақытын  білдіруде  қачон,  қай  вақт,  қай  пайт  (өзбекше),  қашан,  қай 



уақытта  (қарақалпақша,  қазақша)  есімдіктері,  әрекеттің  амалын  білдіретін  қалай,  қайтип,  қайтіп,  әрекеттің  мақсаты 

мен себебін білдіретін нега, нима учун (өзбекше), неге, не ушын (қарақалпақша), не үшін, не себепті (қазақша), заттың, 

құбылыстың  белгісін  білдіретін  қандай,  қанақа  (өзбекше),  қандай  (қазақша)  т.с.с.  есімдіктері  жұмсалады.  Мысалы, 

өзбекше: Хатни қачон олдингиз? – Хатты қашан алдыңыз? Бугунги кафедра кун тартибида қанақа масалалар курилади? 

– Бүгін кафедрада күн тәртібінде қандай мәселелер қаралады?   

 

Сұраулы  сөйлемдер  жасауға  модаль  сөздер  белсене  қатысады.  Өзбек  тілінде  сұраулы  сөйлем  жасауға 



қатысатын  модаль  сөздер  қатарына  наҳотки  (неужели),  шекилли  (похоже)  деген  сияқты  сөйлеушінің  сенімсіздігі  мен 

күдігін,  өкінішін  білдіретін  сөздер  жатады.  Бұл  тілде  наҳотки    шартты  рай  тұлғалы  баяндауышпен  тіркесіп  келеді. 

Мысалы,  Наҳотки  бутун  умри  шу  аҳволда  утиб  кетса?    -  Неужели  вся  жизнь  так  пройдет?  Сизнинг  ишингиз  ҳам 

меникига ỷхшаб кеч тугайди, шекилли? – Похоже, ваша работа, как и моя, тоже заканчивается поздно?  

 

Қазақ  және  қарақалпақ  тілдерінде  сұраулы  сөйлем  құрамында  шығар  модаль  сөзі,  ал  сенімсіздік  пен  күдікті 



білдіруде өзбек тілінде чамаси, балки, мумкин, қазақ, қарақалпақ тілінде шамасы, бәлки, мумкин (қарақалпақша), бәлкім, 

мүмкін  (қазақша) қолданылады. Мысалы, өзбекше:  Балки чап қỷлини бутунлай кесиб ташлашар? – Возможно, левую 

руку  совсем  отрежут?  Қарақалпақша:  Буның  бәри  помидордан  шығып  отыр-ау  шамасы?  Қазақша:  Мүмкін  сен  біздің 



үйге келерсің?     

            Сұраулы  сөйлемдердің  жасалуының  бір  амалы  –  сұрау  интонациясы.  Ондай  сұраулы  сөйлемдердің  құрамында 

арнаулы  сұрау  мәнді  білдіретін  сөздер  де,  шылаулар  да  болмайды,  яғни  арнайы  грамматикалық  құралдар  болмай,  тек 

мәнмәтін  мен  интонация  арқылы,  тілдік  жағдаят  арқылы  сұрау  мәні  анықталады.  Мысалы,  башқұрт  тілінде:  




53 

 

Магазиндан  теге  китапты  алдыңмы?-  Алдым.    –  Тимәк,  теге  китап  булды?  –  Булды  (М.Кәрим).    Татар  тілінде: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет