Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет65/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159
№ 17, 18  дәріс тақырыбы:   Лепті сөйлем 

Дәріс мақсаты:  лепті сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуін меңгерту 

Тірек сөздері:    лепті сөйлем, интонациясы, жасалу жолдары    

Дәріс жоспары:  

1. 


Лепті сөйлемнің түркі тіл білімінде анықталуы, оған қатысты пікір қайшылықтары  

2. 


Лепті сөйлемдердің зерттелуі мен сипаты 

 

Дәріс тезистері:  



 Лепті  сөйлемдер  қарастырылып  отырған  түркі  тілдерінің  барлығында  дерлік  кісінің  көңіл-күйін,  әр  түрлі 

эмоциялық сезімін білдіретін сөйлем типі ретінде анықталған. Тілші ғалымдардың көзқарасы түйіспейтін тұс – бұл жай 

сөйлемнің жеке түрі ме, әлде хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің бір түрі ме деген мәселеде.  

А.М.Ширалиев пен М.Н.Хусейнзаде  азербайжан тілінде лепті сөйлемдердің жеке тип болатынын қуаттаса, сол 

тілді зерттеуші З.И.Будагова бұл пікірді теріске шығарады: «На наш взгляд, восклицательное предложение показывает 

не  цель  высказывания,  а  повышенное  эмоционально-экспрессивное  состояние  говорящего,  и  в  принципе 

повествовательное  или  вопросительное  предложение  может  быть  восклицательным,  нисколько  не  меняя  своего 

коммуникативно-целевого назначения». Мұндай көзқарас түркімен тілі грамматикасында да мынадай мысалдар арқылы 

келтіріледі: Сениң какаң өйде. (хабар сөзлеми– Твой отец дома. Сениң какаң өйде? (сораг сөзлеми) – Твой отец дома? 

Сениң  какаң  өйде!  (йузленме  сөзлеми)  –  Твой  отец  дома!.  Бұл  мысалдар  арқылы  автор  интонацияның  көмегімен 

хабарлы, сұраулы сөйлемдердің лепті сөйлемге айнала алатынын көрсетеді.  

М.Мирзаев,  С.Усманов,  И.Расулев  «Өзбек  тілі  грамматикасында»  сөйлемдерді  айтылу  мақсатына  қарай 

хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты  деп  жіктейді.  Лепті  сөйлемдерді  (ундов  гап)  хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты  сөйлемдерден 

жасалатын  сөйлем  деп,  оны  екі  түрге  бөліп  көрсетеді:  хабарлы-лепті  сөйлем  (дарак-ундоп  гап)  және  сұраулы-лепті 

сөйлем (сурок-ундоп гап).     




57 

 

Ал  А.Ибрагимов,  керісінше,  бұйрықты  сөйлемді  сөйлемнің  жеке  типі  деп  есептемейді,  оның  қызметін  лепті 



сөйлем аясында қарастырады.  

Көпшілік  түркі  тілдерінде  лепті  сөйлемді  жеке  тип  сапасында  қарастырады.  Бұл  туралы  атақты  түрколог 

А.Н.Кононов былай деп жазады: «лепті сөйлем – түрлі эмоцияны білдіретін сөйлем».  

Бұл  көзқарасты  М.З.Закиев  те  ұстанады.  Ол  татар  тіліндегі  лепті  сөйлемдердің  (өндәү  жөмлә)  сөйлеушінің 

үндеуін, оның ішінде бұйыру, шақыру, кеңес беру мағыналарын білдіретінін атап көрсетеді. Лепті  сөйлемдердің өзіне 

тән мынадай төрт белгісін айырықшалайды:  

2)  Лепті сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады.  

3) Лепті сөйлем лепті мәнді білдіріп тұрған формалармен беріледі, хабарды білдіріп тұрады. Бұл формалар:    

а) ІІ жақ бұйрық райлы етістік: Балалар, ни булса да, агач башыннан төшәсе булмагыз! (К.Т.) 

б) І жақ бұйрық райлы етістік: Тукта әле, Кузьма Алексеевич янына цехка кереп чыгыйм! (И.Г.).  

Мұндай сөйлемдер кеңес сұрауды, өтінуді, біршама тілек білдіруді көрсетеді.  

в)  І  жақ  бұйрық  мәнінің  көптік  формасы:  Мин  дә  көч,  ярдәм  бирермен,  әйдә,  иптәш,  кузгалыйк,  Шул  агачны 



бергә-бергә ушбу арбага салыйк! (Г.Т.)  

г) ІІІ жақ бұйрық райлы етістік: Инде яшьләр хәзер сөйсеннәр! (Һ.Т.). 

д) Инфинитивпен және инфинитив + кирәк және еді сөзі арқылы:    Нык карагыз! Берсен дә качырмаска! Сиңа 

шәһәрдән авылга күчәргә кирәк! (С.Ә.) Дилбегәне үз кулыңа алырга иде! (И.Г.).  

3) ІІІ жақ көпше түрде келіп, кеңес беруді білдіру арқылы лепті сөйлем жасалады: Әйдә югары батыр очучы! 

(С.Б.).  

4)  Лепті  сөйлем  жоғарыда  аталған  формалардың  қатысынсыз,  тек  интонациямен  де  жасалады:  Алгарақ! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет