Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет69/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159
Оқуды бітірсек! Ел-жұртымызға қолымыздан келген пайдамызды тигізсек! 

«Шартты  рай  етістік  –    -шы/-ші»    түрінде  құралған  баяндауыштар  да  армандаулы  іс-әрекетті  білдіру  үшін 

қызмет етеді. Шіркін, ол өстіп көз айырмай өмір бойы қарап тұрсашы (С.Мұрат).  

14.  Болымсыз  мағыналы  баяндауыштар  қатарында  экспрессивті  сыңар  ретінде  «-ған,  -ген/  -қан,  -кен  –  емес» 

болып құралатын форма жұмсалады:  келген емес, көрген емес. Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген 

емес (І.Е.).  

15.  Экспрессивтігі  жоқ  болымсыз  мағыналы  баяндауышқа  стильдік  вариант  ретінде  «шартты  рай  етістіктің 

болымды түрі – ба/бе» болып құралған баяндауыштар жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын). «Осының жұмысын саған 

реттетсем бе!» дегендей боп Күлтай ашулы түрде қарады (Б.М.).  

16.  Ауызекі  сөйлеу  тілінде  бір  сөзді  қайталақтатып  құралған  алмақ  түгіл  аламын  тәрізді  баяндауыштар 

жұмсалады. Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөз келеді де, қайталанатын 

сөз –мақ, -мек, -пақ, -пек т.б. формасында келеді. Екі компонент түгіл демеулігі арқылы қарсылықты қатынасқа түсіп 

байланысады.  Баяндауыш  диалогтың  жауап  репликасында  ұшырасады.  Өйткені  ол  сөйлеушінің  алдыңғы  айтылған 

сөзіне  байланысты  тұжырымды,  полемикалы  жауап  білдіргенде  жұмсалады.  Осы  ерекшелігімен  бұл  баяндауыш 

экспрессивтігі жоқ келер шақ, осы шақ, өткен шақ істі білдіретін баяндауыштарға стильдік сыңар болып келеді: алады – 

алмақ түгіл алады, жазып жатыр – жазбақ түгіл жазып жатыр.  

17.  Кезінде  істелген  істі  өкінішпен  білдіру  үшін  көсемшенің  болымсыз  түрінен  жасалған  баяндауыш 

жұмсалады:  алмай, көрмей. Мені есіркегенше арбаға өзің отырмай! – деп Бибі де кейіп тұр (С.Мұрат).  

18.  Көсемшенің  болымсыз  түрінен  жасалған  баяндауыш  (алмай)  кезінде  істелмеген  істі  өкінішпен  атау  үшін 

қызмет етсе, -ып, -іп формалы көсемше сөз істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді: Әр нәрсеге ренжіп!  

19.  Ашық  рай  болымды  баяндауыштарға  эмоциялы  сыңар  форма  ретінде  мына  ретпен  құрылған  баяндауыш 

жұмсалады: -уға (-ғанға) формалы етістік – дейін – барды. Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін барды.  

20.  Ашық  рай  болымсыз  баяндауышқа  эмоциялы  сыңар  ретінде  жұмсалатын  зат  есім  –  құрлы  –  көрмейді, 

субстантивтенген есімше – құрлы – көрмейді, зат есім – құрлы – болмады, есімше – құрлы – болмады. Күміс самаурының 

шойын құманым құрлы болмады! (Ғ.М.).         

Қазақ  тілінде  Р.Әмір  лепті  сөйлемдердің  бір  ерекше  түрін  атап  көрсетеді.  Бұл  –  реплика  ретіндегі  лепті 



сөйлемдер. Оның сипатын ғалым былайша береді: «Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, құрамындағы сөздерді 

мүшелік  қатынасқа  анық  даралауға  келмейтін  сөйлемдер  бар.  Мысалы:  Келгенде  қандай.  Ол  ол  ма!  Бұл  сөйлемдер 

лексикалық құрамы жағынан мүлде еркін бола алмайды, олардың бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана қатыстырып 

құралады:  Ол  ол  ма!  О  несі  екен!  Енді  бір  тобы  бір  сөздің  тұрақты  компонент  болып  қатысуы  негізінде  құралады: 



Алғанда  қандай!  Айтқанда  қандай!  Осы  ретпен  құралуы  бұл  сөйлемдердің  құрылысына  фразеологизмдерге  тән  сипат 

береді.  Өйткені  сөйлемнің  құрамындағы  сөздер  еркін  тіркеспейді,  орнықты  болған  үлгі  бойынша  біріктіріледі.  Осы 

құрылымдық  ерекшелігін  ескеріп  біз  бұл  типті  сөйлемдерді  реплика  ретіндегі  лепті  сөйлемдер  деп  атаймыз.  Осылай 

аталуына тағы бір себеп – бұл тәрізді сөйлемдер көбіне диалогта жауап реплика ретінде жұмсалады. Реплика ретіндегі 

сөйлемдер  мазмұны  жағынан  да  басқа  сөйлемдерден  ерекшеленеді.  Бұларда  эмоциялықты  білдіру  қызметі  басым, 

логикалық мағына күңгірттеніп осы эмоцияның көлеңкесінен көрінеді».  

Реплика ретіндегі лепті сөйлемдердің жасалу жолдары:   

1.  Алдыңғы  репликаның  бір  сөзін  қайталау  негізінде  құралған  сөйлемдер.  Сөз  болымсыз  көсемше  немесе  



ғанда тұлғалы есімше түрінде келеді. – Осыны айтасың ба? – Айтпағанда! (Қ.Ж.).  

2. Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақты компонент ретінде құралатын сөйлемдер. 

а) «Қайдағы – қайталанған сөз (есім, есімше)» болып құралады. – Ал жүрейік, шешей. – Қайдағы шешей! Өзің 

орта жасқа келген жігітсің (Қ.М.).  

ә) «не қылған – қайталанған сөз (зат есім, сын есім)» болып құралады. – Әлі жас қой, бұған әлі келеді дейсің бе! 



– Не қылған жас! Биыл он төртке келді.  

б) «қайталанған сөз (есім, етістік)  – (не) несі» болып құралады. – Саған ертең жолығудың реті болмайды. – 



Болады, болмайдыларың не! Ертең қалай да келіңдер. (А.Ш.).  

Қайталанып сөйлемге енген сөз ылғи тәуелдік формада тұрады.  

в)  «қайталанған  сөз  (есім,  етістік)  –  қалай»  болып  құралады.  Мұны  сонша  шимайладың.  –  Шимайладыңың 

қалай! Бұл әдейі салынған сурет.  

г)  Қайдан  –  бұйрық  рай  тұлғалы  қайталанған  етістік  болып  құралады.  –  Бұрынғы  есепші  өзі  босады  ма?  – 



Қайдан өзі босасын! Талай жыл орын теуіп әбден жайғасып алған неме еді ғой (А.Ш.).  

д) Қайталанған етістік шартты рай тұлғасында келіп ша, ше демеулігін үстеп құралады. – Сонда бір қалжыңдап 



едім. – Қалжыңдасаң ше! Құрбың қалжыңды түсінбейді ме!   

е)  Қайталанған  етістік  -ғанда  тұлғасында  келіп,  ше  демеулігі  үстеп  құралады.  –  Соны  да  әкетесің  бе?  – 



Әкетпегенде ше!  

ж) Қайталанған етістік -ғанда тұлғасында келіп, тұрақты компонент ретінде қандай сөзі қатысып құралады. – 



Жетіскен екенсің! – Жетіскенде қандай!? (Ә.Т.).  

Түркі  тілдерінің  қайсысын  алсақ  та,  лепті  сөйлем  жасаудың  өнімді  тәсілінің  бірі  –  одағайлардың  жұмсалуы. 

Лепті сөйлем құрамында келген одағайлар өз бойында сөйлемде берілген хабардағы айтушының эмоциясын толық ұстап 



60 

 

тұрады.  Ғалым  Ш.Ш.Сарыбаев  түркі  тілдерінде  одағайлардың  өте  ұқсас  болатыны  туралы  былай  жазған  болатын: 



«Қазақ тілінде формасы мен мағынасы жағынан көптеген түркі тілдеріндегі одағайларға өзара сәйкес келетін одағайлар 

көп. Олар өзара тек фонетикалық айырмаға ие болады, бірақ бұл айырма да елеусіз ғана. Мысалы, қырғыз тілінде бали! 

болсаазербайжан тілінде – бэли!, қарақалпақша – бәле!, өзбекше – балли!, татарша – бяли!, қазақша – балі// пәлі//бәлі, 

пай-пай (қырғызша, қарақалпақша, ойротша, шорша, қазақша т.б.) ».  

А.Н.Нурмаханова  лепті  сөйлемдерді  мағынасына  қарай  топтастырғанда  олардың  негізгі  қызметтеріне  сүйену 

қажеттігін атай отырып, оны төмендегідей екі топқа жіктейді:  

1.  Айтушының  эмоциясын  (қорқуын,  жек  көрушілігін,  қарғысын,  мақтанышын,  қорқытуын,  жақсы  көруін, 

айналуын т.с.с.) білдіретін нағыз, таза лепті сөйлемдер (собственно восклицательные). Олар лексика-грамматикалық 

және интонациялық құралдардың көмегімен жасалады.   

2.  Сөйлемнің  өзге  типтерінен  авторлық  мәнмәтін  және  интонация  арқылы  жасалатын  жасанды  лепті 



сөйлемдер (несобственно восклицательные). Бұл сөйлемдер  өзінің грамматикалық құрылымы жағынан жай сөйлемнің 

өзге  типтерінен  ерекшеленбейді,  олар  тек  лепті  сөйлемнің  қызметін  интонациясына  және  сөйлеу  жағдаятына  сай 

атқарады.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет