Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет66/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159
Алгарақ! Тизрәк! .  

Ал  татар  тілін  зерттеуші  В.Н.Хангилдин  татар  тіліндегі  лепті  сөйлемдерді  үшке  жіктейді:  хабарлы-лепті 

сөйлем  (хикәя-өндәү  жөмлә),  сұраулы-лепті  сөйлем  (сорау-өндәү  жөмлә),  бұйрықты-лепті  сөйлем  (боерык-өндәү 

жөмлә).  Олардың әрқайсысына мынадай мысал келтіреді:  

1) 


хабарлы-лепті сөйлем: Сезгә бәхет белән тәүфыйк теләп, Сәлам яза Такташ бабагыз! Һ. Такташ. 

2) 


сұраулы-лепті сөйлемдер: Син безнең арага кермәкче буласыңмыни?! (М.Фәйзи).  

3) 


бұйрықты-лепті сөйлем: - Бирешмә, Шәрәфи абзый! – Бәр таза гына! Күрсәт егетлекне! (Ш.Камал).  

 

Көріп отырғанымыздай, татар тілінің грамматикасында лепті сөйлемдерді ғалымдардың бірі жеке түр сапасында 



таныса, екіншісі оны хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерден жасалатын сөйлем деп санайды.  

 

Башқұрт  тілі  грамматикасында  лепті  сөйлемдердің  айтушының  айтылымға  қатысты  эмоциясын  білдіруге 



жұмсалатыны көрсетіліп, таңырқау, мақтану, келіспеу, ашу, тәкаппарлық, өкініш, тілек, нәзіктік, жек көрушілік, үндеу, 

мадақтау,  қорқу,  таңырқау  т.с.с.  сезімдерді  атап  көрсететіні  айтылған.  Лепті  сөйлемдердің  жасалу  жолдарын 

Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  былай  топтастырған:  лепті  сөйлемге  тән  интонация,  бұйрық  райлы  етістіктер,  эмоциональды-

экспрессивті сөздер, сұрау есімдіктері, демеуліктер, одағайлар.  

 

Башқұрт тіліндегі лепті сөйлемдерді төмендегідей құрылымдық-семантикалық типке бөледі:  



1. 

Баяндауышы  бұйрық  райлы  етістіктен  жасалатын  лепті  сөйлемдер:  Йәшәһен  тыныслык!    Да  здравствует 



мир! Мұндай сөйлем түрі үндеу мен ұран сөздерде кеңінен қолданылады.  

2. 


Бастауышы  атау  септігіндегі  зат  есімнен  жасалған  лепті  сөйлемдер:  Беззең  менән  бергә  байрамыбызза 

шатланыусы  бөтә  кешеләргә  рәхмәт!  (М.Кәрим).  Спасибо  всем,  кто  вместе  с  нами  радуется  на  нашем  празднике!  

Мұндай сөйлемдер құрылымы жағынан бір негізді болып келеді.  

3.  Лепті сөйлем басында одағай жұмсалатын сөйлем: Их, Асылыкүл өстөндә балык каптырып ултырыузары! (Ф. 

Исәнғолов).  Ах, эта рыбалка на Асылыкуле! 

4.  Күпме  (қанша, қаншама) сұрау есімдігімен келген лепті сөйлемдер:  Без был данлы йылда күпме яңы дустар 

таптық!  Күпме  халыктар  менән  иске  дуслығыбыззы  ныгыттык!  (Ә.Вәли).  Сколько  новых  друзей  нашли  мы  в  этом 

новом году! Со сколькими народами укрепили старую дружбу! 

5.  Лепті  сөйлем  баяндауышының  құрамында  бит,  һуң  инде  демеуліктері  жұмсалады:  АҚШ  конгрессмендары 



араһында  бер  генә  эшсенең  дә,  бер  генә  фермерзың  да  булмауы  факт  бит!  («Сов.  Башк.»).  Ведь  факт,  что  среди 

когрессменов США нет ни одного рабочего, ни одного фермера! Купшы ла һуң инде Иван ивановичтың бөрмәле туны 

(Ғ.Сәләм). Славная бекеша у Ивана Ивановича! 

6.  Лепті  сөйлем  баяндауышы  бар  модаль  сөзінен  жасалады.  Мысалы:  Минең  халқым  кеүек  кемдең  тағы  иң  зур 

һәйкәл өсөн хакы бар! (Ғ.Сәләм). Кто ещё, как мой народ, заслужил самый большой памятник!   

7.  Лепті  сөйлем  баяндауышы  сапасында  тұйық  етістік  (инфинитив)  пен  була  модальдық  мағынаға  ие  сөздің 

тіркесуі жұмсалады. Мысалы: Һеззең кеүек Урал бөркөттәре менән фашистарзың ояһын туззырырга, Гитлерзың азау 

тешен  һындырырга  була!  («Башк.  пионеры»).  С  такими  уральскими  беркутами,  как  вы,  можно  разворотить  гнездо 

фашизма, сломать коренные зубы Гитлера! Бұл жерде була сөзі мөмкин модаль сөзінің синонимі болып табылады.  

 

Сонымен  қатар  башқұрт  тілінде  лепті  сөйлемнің  риторикалық  лепті  сөйлем  (риторик  өндәү  һөйләмдәр)  деген 



типін бөліп көрсетеді. Бұл сөйлемдер сипатын Ғ.Ғ.Сәйетбатталов былай анықтаған: «Өндәү һөйләмдәрзең кайһы берзәре 

кешеләрзең төрлө тойғолары менән эске кисерештәрен белдерә һәм художестволы образлау өсөн хезмәт итә. Телмәрзе 

художестволы итеү өсөн кулланылған бындай өндәү һөйләмдәр грамматикала риторик өндәү һөйләмдәр тип йөрөтөлә». 

Көріп отырғанымыздай, көркем образ жасауға қызмет ететін лепті сөйлем түрі риторикалық лепті сөйлем деп аталады. 

Сонымен  қатар  аталған  ғалым  лепті  сөйлемнің  бір  түрін  сұраулы-лепті  (һорау-өндәү)  немесе  лепті-сұраулы  (өндәү-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет