Филология факультеті: Түркітану



бет1/3
Дата13.05.2023
өлшемі74,33 Kb.
#92812
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
Филология факультеті:Түркітану

БӨЖ
Тақырыбы: Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері


Қабылдаған:


Орындаған: Қуандық Н
Түркістан-2023

Жоспар
1.Отбасы - әлеуметтену үдерісінің жетекші институты


2. Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үдерісіне әсері
3. Ауылдық отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үдерісіне әсері
4.Қалалық отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үдерісіне әсері
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасы – ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның қоғамдағы құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақ әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру. Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Бүгінге дейін Шығыстың Ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағүни, М.Қашғари, М.Хайдари және классик педагогтар: Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег және қазақ ағартушылары: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, кеңес педагогтары: А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Н.Д.Крупская және қазақ зиялылары: М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Көбеев және т.б. отбасы тәрбиесі мәселелерін жан-жақты қарастырып, зерттеген. Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесі проблемаларының ғылыми негіздері Ресей ғалымдары Ю.Азаров, А.Пинт, И.Гребенников, Л.Белова және т.б. тарапынан зерттелуде. Ал, Қазақстанда Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Ж.Әбиев, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Б.Айтмамбетова, С.Қоңырбаева және т.б. ғалымдар тарапынан кеңінен зерттеліп келеді. Отбасындағы тәрбие көптеген ғылым саласында (социология, педагогика, психология, экономика, демография, құқықтану және т.б.) кеңінен зерттеліп, бүгінгі қоғам талаптарына сай отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет