Филология факультеті


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#7345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: қазақ өлең құрылысы, өлең сөздің тарихы мен 

теориялық  негіздері,  поэма,  ұлттық  поэзия  көркемдік  дамуының  тарихы, 

халық  өлеңдерінің  жанрлық  сипаты  мен  генезисі,  поэзия  тілі,  мелодикалық-

интонациялық құрылысы 



Негізгі əдебиет: 1. [1.7:2]; 2.[1.7:4]. Қосымша əдебиет: 1. [1.7:1]; [1.7:8.12].  

 

№9 лекция тақырыбы: Драматургия. Драматургия поэтикасы 

Қарастырылатын сұрақтар: Ұлттық драма өнері табиғатын ғылыми негізді 

саралауы.  С.  Ордалиев,  Р.  Нұрғалиев,  Н.  Ғабдуллин,  Р.  Рүстембекова,  Ə. 

Тəжібаев,  М.  Дүйсенов,  Е.  Жақыпов  зерттеулеріндегі  тың  ізденістер 

Драматургия  бастауларын,  дəстүр  негіздерін  эпостық  туындылармен 

сабақтастықта  қарастыру.  М.  Əуезов,  Ж.Шанин,  С.  Камалов  эпостық 

негіздегі пьесалары. Қ. Қуандықовтың «Тұңғыш ұлт театры», «Театрда туған 

ойлар»,  Б.  Құндақбаевтың  «Уақыт  жəне  театр»,  Ə.  Сығаевтың  «Сыр  сандық 

(Театр  туралы  толғаныстар)»  еңбектерінің  маңызы.  Алаш  арыстары 

мұрасының оралуы, ұлттық драматургияны талдаудың жаңа арнасы 

 

Дəрістің мақсаты: Драматургия жанрын əдеби талдауда ұстанатын 

теориялық-əдіснамалық еңбектермен талдау   

     Дəріс мазмұны:   

С.  Сейфуллин,  Б.  Майлин,  І.  Жансүгіров,  Ж.  Шанин,  Қ.  Кемеңгеров 

драмалық  мұраларының  оралуы,  М.  Əуезов  «Қаракөз»  трагедиясының  отыз 

төрт  жылдан  соң  «Қараш-қараш»  жинағында  (1960)  жариялануы,  «Еңілік-

Кебектің»  таңдамалы  шығармалары  V  томында  (1956)  соңғы  нұсқасының 

берілуі,  ХХ  томдықтың  ХІ  томында  (1981)  қайта  басылуы,  «Хан  Кене» 

драмасының  (1983)  жарық  көруі  қазақ  драма  өнерінің  жанрлық  жүйесін, 

тарихи  бастаулары  мен  көркемдік  дəстүр  ұласуын  байыпты  зерттеуге  жол 

ашты.  Білікті ғалымдар  шоғыры  қалыптасып,  ұлттық  драма  өнері  табиғатын 

ғылыми  негізді  саралауда  С.  Ордалиев,  Р.  Нұрғалиев,  Н.  Ғабдуллин,  Р. 

Рүстембекова,  Ə.  Тəжібаев,  М.  Дүйсенов,  Е.  Жақыпов  зерттеулері  тың 

ізденістер арнасын қалады.  

Қазақ  кеңес  драматургиясы  С.  Ордалиев  тарапынан  алғаш  зерттеліп, 

«Қазақ  драматургиясының  очеркі»,  «Конфликт  жəне  характер»  еңбектерінің 

өзегіне  алынды.  Қазақ  кеңес  драматургиясы  очеркінде  К.  Тоғысов,  Б. 

Серкебаев,  И.Меңдіқанов,  Қ.  Кемеңгеров  пьессаларының  зерделенуін  баса 

көрсетеміз. 



Қазақ  драматургиясын  кешенді  зерттеуде  Р.  Нұрғалиев  монографиялары 

ерекше  аталады.  «Трагедия  табиғатында»  М.  Əуезовтің  «Абай»,  «Шолпан» 

журналдарындағы  көсемсөздері,  əдеби  зерттеулеріне  қатысты  алғаш  құнды 

деректер  беріліп,  шығармашылық  шырғалаңдары  мен  шеберлік  қырлары 

зертхана  тұрғысынан  талданды.  Белгісіз  болып  келген  қолжазба,  пьеса 

нұсқалары мұрағат материалдары негізінде сараланды. Бұл ретте Шəкəрімнің 

«Жолсыз  жаза»  поэмасы  негізінде:  «Еңлік-Кебектің»  барлық  нұсқаларын 

салыстыра  қарастыруы  ғылыми  батылдық  еді.  «...Ақтабан  шұбырындыдан 

кейін  қазақтардың  Сырдан  кетіп,  Шуға,  Арқаға  қарай  аууы,  оның  ішінде 

Тобықты,  Матай  руларының  Шыңғыстау  өңірін  қалай  қоныс  еткендігі  сөз 

болады.  Бұл  поэма  да  Кебекті  таныстырудан  басталған.  Бұрынғы 

варианттарда  жоқ  ерекшелік  -  жас  батырдың  портреті»,  –  деп  түйген  ғалым 

ақын поэмасын талдауымен негізгі арқауы бір оқиға тақырыбынан туындаған 

түрлі  жанрдағы  туындылардың  композициялық,  сюжеттік  желісіндегі  ортақ 

жəне  даралық  көркемдік  сипаттарды  жан-жақты  зерттеуде  соны  қадам 

жасады.  Е.Лизунованың  «Мастерство  Мухтара  Ауэзова»  еңбегінде  «Еңлік-

Кебек», 

«Қарагөз» 

драмалары 

шолу 


тұрғысынан 

қарастырылып, 

идеологиялық  сипатта  сыналғанын  ескерсек,  Р.  Нұрғалиев  зерттеуі  трагедия 

жанрын «Еңлік-Кебек», «Бəйбіше-тоқал», «Қаракөз», «Түнгі сарын», «Абай» 

шығармалары  негізінде  алғаш  жүйелі  саралау,  драма  табиғатын  əдеби-

теориялық  талдауымен  ұлттық  əдебиеттану  жетістігі  болуымен  бірге 

атқарылар  маңызды  істердің  əдіснамалық  бағытын  айқындады.  Ж.  Шанин 

режиссерлік  қыры,  суреткерлік  шеберлігі  «Талант  тағдыры»  кітабына  арқау 

болса, «Күретамыр», «Айдын» зерттеулерінде қазақ драматургиясының жанр 

жүйесін,  поэтикасын  екшеуде  типологиялық  зерттеу  əдісі  ұштастырылып, 

ұлттық  трагедия,  комедия,  драма  табиғатын  айқындауда  əдеби-теориялық 

тың тұжырымдар жасалды.  

Жекелеген  дарындар  драматургиясын,  соның  аясында  ұлттық  драма 

өнерінің  дамуы  мен  қалыптасуын  саралай  зерттеу  бағыты  жаңа  өріс  алды. 

Н.Ғабдуллиннің  «Ғабит  Мүсірепов  –  драматург»  зерттеуінде  «Қыз  Жібек», 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  «Ақан  сері-Ақтоқты»,  «Аманкелді»,  «Болашаққа 

аманат»  пьессаларының  көркемдігі  талданып,  драматургия  туралы  сын 

пікірлері  екшелсе  [54],  қазақ  кеңес  комедиясын  зерттеген  Р.  Рүстембекова 

Б.Майлин драматургиясын қарастырды. Қазақ драматургиясының дамуы мен 

қалыптасуы хақындағы Ə. Тəжібаев монографиясында ұлттық драма өнерінің 

халықтық  бастауларынан  бастап,  классикалық  үлгідегі  туындылар  туып, 

дəуірмен  бірге  өрістеуі  жəне  өзге  елдер  əдебиетімен  байланысы,  ал  қазақ 

драматургиясының  жанр,  стиль  мəселелері  М.  Дүйсенов  зерттеуінде 

Ə.Тəжібаев пьесалары негізінде жан-жақты талданды.  

Драматургия  бастауларын,  дəстүр  негіздерін  эпостық  туындылармен 

сабақтастықта  қарастыру  ғалымдар  назарынан  тыс  қалмады.  М.  Əуезов, 

Ж.Шанин,  С.  Камалов  эпостық  негіздегі  пьесалары  Е.  Жақыповтың 

«Дастаннан  драмаға»  еңбегінде  зерттелді.  Сондай-ақ  театр  өнерінің  тарихы, 

ұлттық  драма  өнерінің  қалыптасу  белестері  қамтылып,  драматургия  мен 

театр,  өнер  қайраткерлері  шығармашылық  портреттері  сомдалған  Қ. 



Қуандықовтың  «Тұңғыш  ұлт  театры»,  «Театрда  туған  ойлар»,  Б. 

Құндақбаевтың  «Уақыт  жəне  театр»,  Ə.  Сығаевтың  «Сыр  сандық  (Театр 

туралы  толғаныстар)»  еңбектерінің  маңызы  зор.  Ал  «Қазақ  театр  тарихы» 

атты ұжымдық екі том ұлттық драматургия сыны мен теориясын жан-жақты 

қарастыруға мүмкіндік берді.  

Қорыта  айтқанда,  драма  өнерінің  ұлттық  негіздері  мен  тарихи  бастаулары, 

жанрлық  жүйесі  мен  поэтикасы  кешенді  зерттелді.  Алаш  арыстары 

мұрасының оралуымен ұлттық драматургияны талдау жаңа арнаға ойысты. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Ұлттық драма өнері табиғатын ғылыми 

негізді саралауы. С. Ордалиев, Р. Нұрғалиевтердің ғылыми еңбектерінің мəні  



Негізгі  əдебиет:  1.  [1.7:1];  2.  [1.7:17];  3.  [1.7:15].  Қосымша  əдебиет:  1. 

[1.7:1]; 2.[1.7:16]. 

 

№10 лекция тақырыбы: Шығармашылық зертхана. 

Қарастырылатын  сұрақтар:  Дарын  иесінің  шығармашылық  əлемін. 

Шығармашылық зертхана мəселесі. Суреткер туындысының жазылу тарихы, 

жазу үдерісінің шығармашылығы. 

Дəрістің  мақсаты:  Суреткер  туындысының  жазылу  тарихы,  жазу  үдерісі 

туралы, зертхана мəселесі туралы мағлұмат беру  

     Дəріс мазмұны:   

Қандай  да  болмасын  ірі  дарын  иесінің  шығармашылық  əлемін  тануда 

шығармашылық зертхана мəселесі ерекше орын алады. Сөз өнерінде ерекше 

орын  алатын  суреткер  туындысының  жазылу  тарихымен  қатар  сол  жазу 

үдерісінің  шығармашылық  Сыншы  мен  ақынның  өнер  табиғатын 

байыптаудағы  эстетикалық  таным-білігі  үнемі  үйлесімде  жəне  де  пенделік 

сыйластығы  да  қашанда  жарасым  биігінде  бола  бермейтіні  жасырын  емес. 

Жүсіпбек Аймауытовтың «Қандай өнерпазды, ақынды, данышпанды болсын 

өз  заманының  сыншылары  əділ  көзбен  қарап,  баға  беру  шетін  нəрсе.  Заман 

сыншыларының  бүйрегі  не  олай,  не  бұлай  бұрып  кетпей  тұрмайды.  Талай 

таланттардың,  талай  жақсылардың  қадірін  жұрт  өлген  соң  біледі»  деген 

пікірінің  де  түйіні  өмірдің  өзінен  туғаны  анық.  Осы  оғаштықты  қазақ 

руханиятына  сабақтастыра  алғанымызда  əдебиетші  Е.Ысмайылов  пен  ақын 

Қ.Аманжолов  сынды  дарындарға  аталған  келеңсіз  көріністер  жат,  керісінше 

сыйластық  пен  сырластық  өнерпаздық  өмірлерінің  өзегі  болып  өрілгенін 

көреміз. «Қасыммен арамыздағы достық, жолдастық тұнық судай мөлдір еді, 

лайланған  мезгіл  болған  емес.  Бір-бірімізге  деген  сенім,  көңілдің  ең  бір 

түкпірінде  жатқан  ішкі  сырларды  ақтарып,  айтысатын  сырластық, 

мұңдастық,  жақындығымыз  біргі  жүріп  тұрған  өміріміздің  бар  кезінде  де 

айнымаған  берік  қалпында  сақталды»  деп  жазады  Е.Ысмайылов  «Өмір  мен 

өлең»  зерттеуінде  (Қараңыз:  Сын  мен  шығарма.  А.,  1960.  170  -  225  беттер). 

Ал, Қасым ақын «Академия» өлеңінде:  

«Бір жетім ұл қалған-ды Самұраттан, Нені сонда ойлаған, нені сонда?! 

Қой бағам деп, ой баққан құба жонда; Тон орнына, сол бүгін, том көтеріп, 

Ой  бағам  деп,  қозыны  жамыратқан;  Келе  жатыр.  Қуанам  соны  көріп»  -  деп 

жырласа, «Ақындар бес жылдығы» (Достық əзілі) өлеңінде: 



«Ассалаумағалейкүм, Есмағанбет! Байқаусыз жеріңізге кеттім түсіп,  

Сіз үшін  атқарам деп  мен бір  міндет, Ағайын  адамбыз  ғой,  кеш,  ғафу  ет!...» 

деген əзілін арнайды. 

Е.Ысмайылов  пен  Қ.Аманжолов  өмірдегі  жетімдік  тағдыр-талайы  мен 

өнердегі  қуғын-сүргінді  шығармашылық  шырғалаңдары  да  ортақ  замандас 

тұлғалар.  Олар  1940  -50  –  жылдардағы  руханият  əлеміндегі  ұлтшылдыққа 

қарсы жүргізілген идеологиялық қысымның дауылды тұстары да қиянат пен 

тепірішті  аз  татқаны  жоқ.  Əдебиетші  ғалым  Қазақстан  КП  (б)  ОК-ның  1947 

жылғы  7  қазандағы  қаулысы  бойынша  «Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Тіл 

жəне  əдебиет  институтының  жұмысында  жəне  өзінің  төл  еңбектерінде 

буржуазиялық  –  ұлтшылдық  идеологияны  бейне  бір  жымысқылықпен 

жүргізгені  үшін  институттың  бұрынғы  директоры  Е.Ысмайылов  ҚКП  (б) 

қатарынан  шығарылды,  содан  соң  репрессияға  ұшыратылды»  (Социалистік 

Қазақстан.  1989.  9.  ХІІ).  Партиялық  қаулы-қарарлардан  өрбіген  саяси 

айыптаулардан  соң  ғалым  1951  жылы  қарашада  тұтқындалып,  1952  жылы 

мамырда  58-статьяның  10-тармағының  11  бабы  бойынша  25  жылға  бас 

еркіндігінен  айырылды.  Оны  өтегеннен  кейін  5  жыл  сайлау  құқығынан 

айырылып,  дүние-мүлкі  тəркіленді  (Қараңыз:  Кəкішев Т.  Санадағы  жаралар. 

А., 1992). Ал ақын «Қ.Аманжолов творчествосындағы жат пікірлер», «Қасым 

Аманжолов  өлеңдеріндегі  жат  сарын»,  «Владимир  Маяковский  жəне  қазақ 

поэзиясы»  атты  мақалаларда  сынға  алынып,  отаншылдық  рухтағы 

«Қазақстан»,  «Сарыарқа»,  «Ертіс»  өлеңдеріне  саяси  өлшеммен  қарау  орын 

алды.  Мысалы,  «Сарыарқа,  сағындырдың,  ата  мекен,  Сардала  анам  едің 

құшағың кең. Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтіп, Артта – сен, алда – майдан, 

қайтсем  екен?»  («Сарыарқа»)  немесе  «Жерімнің  жатқан  бұл  бір  көк 

жойқыны,  Ұстінде  ойнақтаған  өр  толқыны.  Болаттай  суарылған  осы  Ертісте 

Қайтіп  те  ер  болмасын  қазақ  ұлы!»  («Ертіс»)  деп  туған  жерге  деген 

перзенттік  махаббатын  жырлаған  ақынның  отты  да  ойлы  өлеңдері:  «Жалпы 

совет  жерін  қорғауға  бара  жатқанын  ұмытып,  жорықтан  лоблығандай 

болады.  Ұлы  орыс  жерінсіз  Сарыарқа  сəнді  өмір  сүре  алмайтыны  ақын 

қиялынан  тыс  қалып  қояды.  Əрине,  өз  халқының  ырысты,  құтты,  қайырлы, 

талантты  жастарын  жіті  көріп,  оқушы  жұртшылығына  толық  таныту  əрбір 

патриот əдебиетшінің парызы. Бірақ сол қасиеттер Ертісте тұрғандықтан ғана 

пайда болды деу қателікке əкеп соқтырады. Жалпы соғыс атаулының екі түрі 

болатынын  да  Қасым  байыптай  бермейді.  Отан  жерін  азат  ету  үшін  барған 

ақын:  Мен  кеттім,  сол  кеткеннен  кеттім  ұзақ,  Базарға  келіп  түстім  қанды 

қасап.  Қан  жалдап,  шалпылдатып  кете  бардым,  Серігім  болды  менің  азап, 

михнат,  деп  соғысты  «қанды  қасапқа»  теңейді.  Михнат-азапты  баса 

суреттейді.  Социалистік  реализм  əдісі  жатырқайтын  жабайы  натурализмге 

ұрынады.  Сөйтіп  келеді  де:  Мың  есе  білдірдің  ғой  қадіріңді,  Атыңнан 

айналайын  ата  қазақ,  -  деп  ақын  ұлттық  тар  шеңберге  қысылады»  деп 

сыналды (Қараңыз: Қазақ совет əдебиеі тарихының очеркі. А., 1958. 473 бет). 

Ғалым  М.Дүйсенов  атап  өткеніндей:  «Халқым,  елім  деген  ақындардың  бəрі 

жаппай  айыпқа  ілінді.  Олардың  қатарында  Ə.Тəжібаев,  Қ.Аманжолов, 

Қ.Бекхожин қатты сыналған еді. Нағыз патриоттық рухта жазылған осындай 


жəне басқа біраз ақындардың бірсыпыра өлеңдеріне танылған кінə қисынсыз-

ақ  еді.  Сондықтан  да  Қасым  сияқты  лаулап  тұрған  талант  иелері  біраз 

тоқырауға ұшырап қалды» (Қараңыз: Ақын мұраты. А., 1967. 95 бет).  

Шынайы  достық  пен  ақ  адал  сыйластықтың  өмір  өткелінде  сынға  түсер 

сəттері аз емес. Сондай азаматтық ілкі қасиет уақыттың қатал тезіне түсетін 

қиын-қыстау  кезеңдердің  өзінде  Е.Ысмайылов  пен  Қ.Аманжолов  қашан  да 

бір-біріне  демеу  бола  отырып,  кіршіксіз  көңілге  дақ  түсірмеулерін  де  рух 

асқақтығын танытулары дер едік. «Тіпті дауылды сындарға ұшырау, ауырып 

сырқау  сияқты  қиыншылықтарда  басымыздан  кешкен  мезгілдерде  де 

біріміздің  қасымызда  біріміз  болып,  қуанышымызды  да,  ренішімізді  де 

бөліскендей  бір-бірімізге  қолдан  келген  көмекті  аямадық.  Ондайда  өткен-

кеткен  өмір  жолынан  да,  қазіргі  əдебиет  жайынан  да  айтылмаған  сыр 

қалмайды» - деген Е.Ысмайылов жан сырының айтары мол. Көкіректе дендей 

түскен  сырқаты  мен  ақындық  қуатын  тұсаулаған  солақай  сынның  ызғарына 

қарамастан  Қасым  да  ұлтшылдық  тұрғыдан  айыпталып,  сағы  сынбаса  да 

көңілі  құлазып  жүрген  ғалым  жанынан  үнемі  табылып  отырған.  Бұған 

қатысты  Е.Ысмайылов  былай  деп  жазады:  «1951  жылы  Жазушылар 

Одағында  болған  қатты  бір  сыннан  кейін  мен  бірнеше  күн  сырқаттанып 

жатып  қалдым.  Қасым  өзінің  аурулығын  елемей  маған  келіп,  қасымда  ұзақ 

отырып,  əр  алуан  əңгімелерінің  арасында:  «Жасып  қайға  ойлама,  Тасып  той 

тойлама. Осы екен өмір жолы, Жасың қырықтан асты, Жастық қайырылмас-

ты, Денің де сау емес қой, Болма енді əуесқой» - деген өлең жолдарын жатқа 

айтты.  Маған  да,  өзіне  де  арналғандай  сөздер  еді».  Шындығында, 

тоталитарлық  жүйе  қысымы  талай  дарын  мен  жайсаңның  тағдырына  қиянат 

жасап,  өмірлерін  тəлкекке  айналдырғаны  тарихи  шындық.  «Ез  тірліктен  ер 

өлім, Артық екен дер едім» деп білген Қасым ақынның бар жоғы 44 жасында, 

«Əдебиет салаларының ішінде сын ең қиын жанр екені жұртшылыққа белгілі. 

Бірақ қиын болса да мұны қиып тастағың келмейді. Егер адам əдебиетті жан-

тəнімен  сүйетін  болса,  ол  бұл  қиын  жанрдың  ыстық-суығына  да  бірдей 

көнуге  тиісті»  деген  əдебиетші  Есмағанбеттің  55  жасында  өмірден  ерте 

кетулерінде де саяси зобалаң дағы жатқаны анық. «Лучшие люди литературы 

умерли  в  преждевременном  возрасте,  все  остальное,  мало-мальские 

способное  создавать  истенные  ценности  умерло,  не  достигнув  40-50  лет» 

деген А.А.Фадеев пікірі өмірдің өзінен туған ақиқат болып табылады. 

Шынайы  дарынға,  тума  талант  иесіне  қызғанышпен,  бақастықпен  қарап, 

тасада  жатып  тас  атқан  оспадарлар  қай  кезеңде  болмасын  болған.  Сондай 

тексіздер  тепіріші  Қасымды  жасытпаса  да  нəзік  сезімін,  ақындық  əлемін 

жаралағаны  өлеңдерінен  анық  аңғарылады.  Бұл  турасында  Е.Ысмайылов: 

«Олар  Қасы  мақталса  тыжырынып  ұнатпай,  оңың  өлеңдерінен  мін,  қате 

табуға  тырысатын  да,  ал  Қасым  сойып  сыналса,  қуанатын.  Жүрегінде 

қызғаныш  оты,  көре  алмаушылық  сезімі  ұялағандар  Қасым  поэзиясына 

эстетикалық  тұрғыдан  қараудан  қалып,  ылғи  тұрпайы  социологиялық 

тұрғыдан  сын  айтушы  еді.  Қаламдас  жолдастарының  кейбір  жайсыз 

мінездеріне қынжылған Қасым: 



-  Тəуір  өлең  жазғаным  үшін  мені  неге  жек  көреді,  маған  атақ,  даңқ  керек 

емес,  мені  мақтамай-ақ  қойсын,  сонда  да  жақсы  өлеңді  жаза  берем.  Кеше 

жиналыста  ананың  оттағанын  естідім  ғой,  бұған  қалай  төзерсің,  -  деп  бір 

ақынның əділетсіз сынына қатты күйінетін. Осы күйінішіне орай бір əңгімеде 

мен  Қасымға  Моцарт  пен  Сальеридің  жайын  айттым  –  даналық  музыка 

жазғаны  үшін  Моцертқа  Сальери  қызғаныш  пен  қастық  жасамады  ма?  Тегі 

бұл  ескіден  келе  жатқан  ғұрыптың  заңы  болар  дегенімде  Қасым,  -  біз 

социалистік  қоғамның  кезінде  өмір  сүріп  отырмыз,  мұнда  қызғаныштың 

ақыры қастыққа айналуға жол жоқ деп дау айтып кетті» деп жазады.  

Асқақ  адамгершілік  пен  ізгілікті  оқырман  бойына  дарытатын  қаламгердің 

өнердегі  мұраты  мен  өмірдегі  ұстанымы  үйлесе  бермейтіні  де  бар.  Сол 

жарықшақ  кейде  жарамсақтыққа  ұласып  қана  қоймай,  өзінен  дарыны 

асқанды күстаналауға ойысқанда отты жырын отқа да жаққың келеді демеске 

лаж  жоқ.  Олардың қиястығы  Қасымға да  оңай  тимеген-ді.  Есағаң  айтқандай 

«Жақсы  жазып  жүрген  жазушының  талабына  сүйсіне  отырып,  талант  пен 

мінез-құлықтың бір жерден табыла бермейтін қайшылығын көріп күйінесің».  

Қисынсыз  даттау  мен  дəйексіз  сынға  деген  Қасым  наразылығын  «Бір 

сыншыға»  жəне  1951  жылдың  желтоқсанында  партиялығын  қараған  жабық 

жиналыста оқылған өлеңінен байқауға болады: 

Жазғанымды жамандап, Ауырсам да қажыман, 

Сен төккенмен жыныңды... Құйған қайрат-жігермен. 

Мен жатқам жоқ алаңдап, Соның үшін жазылам, 

Қайтем сенің сыныңды. Қайта аунап түлермін («Бір сыншыға»). 

 

- Ей, құрбым, бұл сөзіңе құлақ астым, Өзім болып айтармын өз сөзімді, 



Түйермін тек кеудемде, жыламаспын, Жамау-жасқау жинап мен құрамаспын. 

Шайқалып кетемін мен ойлағанда, Жұрттың сүрлеу жолымен жүргенім жоқ, 

Азырақ жарылармын, құламаспын, Нар тəуекел, омбылап, тура бастым. 

Өмірде əлі талай жырлармын мен, Өнер табу, өр табу мақсатымен,  

Біреуге  ұнап,  біреуге  ұнамаспын,  Адассам  да  мен  адал  жолда  адастым 

(«Партияның жабық жиналысында 1951 жылдың декабрінде оқылған өлең»). 

Осы  өлеңнен  алынған  «Өзім  болып  айтармын  өз  сөзімді,  Жамау-жасқау 

жасап  мен  құрамаспын.  Жұрттың  сүрлеу  жолымен  жүргенім  жоқ»  деген 

жолдардан  өнер  табу,  өр  табу  мақсат  биігіндегі  Қасымға  ғана  тəн 

қайсарлықты  жəне  де  тұсаулы  ой  толқынының  қалыпты  да  таптаурын 

сүрлеуімен  емес,  өнердің  эстетикалық  мұратын  асқақ  қойған  арлы  ақынның 

поэзияда тек жан сөзін айта білген өршілдікке толы сезім күйін де танимыз. 

1951 

жылы 


қарашада 

тұтқындалып, 

абақтыда 

азап 


шеккен 

Е.Ысмайылов  тек  1954  жылдың  маусымында  азаттыққа  шықты.  Бұл  жерде 

əдебиетшінің  Семей  түрмесінен  сол  кездегі  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 

Президиумының  төрағасы  К.Е.Ворошиловқа  жазған  хатындағы  тергеу 

барысында көрген тепірішінен нақты дерек беретін жан сырынан сталиндік - 

тоталитарлық жүйенің боямасыз болмысын танимыз. Мұның өзі өмірден ерте 

кеткен  дарындардың  тағдыр-талайын  танытумен  қатар,  еркін  ойлы 


зиялыларымыздың  өмір  мен  өлім  беттескен  не  бір  қиын  асулардан  сүрінбей 

өткенін қазіргі ұрпақтың тағылым алуы үшін де маңызды болып табылады.  

1.  «Мені  жеке  камераға  жапты.  Тұтқындалған  сəттен  бастап  мені  күні-түні 

тергеуге  алды.  16-18  сағат  дем  алдырмай,  ұйықтатпай,  маза  бермей  тергеді. 

Тергеудің осы тəсілі жүз қырық тəулікке созылды. 

2. Өзім дімкəс жəне мүгедек болғандықтан осы тергеу кезінде əбден арыдым, 

кейбір  кезде  ақыл-есімнен  адасып  қалып,  еденге  құлап  түскен  сəттерім  көп 

болды.  Міне,  осындай  кездерде  тергеуші  Е.Соловьев  күні  бұрын  дайындап 

қойған протоколға қол қоюымды талап етіп, есімді одан əрі шығарды. 

3. Тергеуші Е.Соловьев тергеу кезінде ұрып-соғудың үстіне аузына келгенін 

іркілмей  айтып,  орыс  тілінің  лексиконындағы  бар  боқтық  сөздерімен 

балағаттады, намысқа тиді. Ол ол ма, тергеуші Соловьев күні бұрын даярлап 

қойған  тергеу  протоколына  тезірек  қол  қойдыру  үшін  мені  қабырғаға  теріс 

қаратып  қойып,  құлап  түскенімше  аяғымнан  тұрғызып  қойып  та  жүрді. 

Соның  салдарынан  мен  «кінəлімін»  деп,  тергеу  протоколына  қол  қойдым». 

Мұндай  зорлық-зомбылықты  айтқанымызда  кешегі  жүйе  қыспағы  мен 

қиянатынан туындаған саяси зобалаң торлқындарынан тепіріш көре жүріп те 

ұлттық мүддеге тамыр тартқан шығармашылық ізденістерімен көрінген небір 

асыл  ағаларымыздың  жасампаздық  өмірлерінің  өнеге  берер  тағылымы 

мейлінше мол екеніне қаныға түсеміз. «У меня тоже были ошибки. Однако я 

никому  не  делал  подлости»  деп  жазады  Олжас.  Осы  жағынан  келгенде 

Есағаң мен Қасым қашан да ақ адал достықтарына кірбің түсірмей, сол киені 

бойтұмар  етіп  ұстанды,  бір  біріне  сүйеу  болды.  Мəселен,  жігерді  мұқалтып, 

қайратты  қажытқан  тар  қапастан  туған  жерге  оралған  Есағаңның  Қасыммен 

араға  үш  жыл  салып  сағынышпен  қайта  қауышқан  сəтіне  назар 

аударайықшы.  Бір  сəт  жəне  бүкіл  ғұмыр!  Ол  –  ғалымның  заман  тепкісі 

шырғалаңға салған тамұқтан, тозақтан оралған тұсы болса, ақынның сырқаты 

дендеген  əрі  рухни  жағынан  қажыған  алмағайып  кезі  болатын.  Міне,  осы 

өксікті  өмірдің  өзінін  туған  ақиқатты  Есағаң  балайшы  жеткізеді:  «Мен 

Алматыға  1954  жылы  27  маусым  күні  қайтып  оралды.  Үйге  келісімен  он 

минут  өтпей  Қасым  маған  телефон  соқты.  Бір-бірімізбен  саулық  сұрап 

сөйлескенімізде  Қасымның  даусы  дірілдеп,  қамығып  жылағандай  болып 

естілді. Қатты сағынғандығын, менің тез келуімді өтініп айтып жатты. Келесі 

күні  ұзақ  отырдық.  Ол  жас  баладай  жадырап  кетті.  Мейлінше  жүдеу,  бір 

жапырақ еті қалмаған, жақ сүйек, шықшыт, иектері салдырап бос тұрғандай. 

Саусақтары  да  ұзарып,  қауырсын  қаламның  сабағындай  жіп-жіңішке,  шашы 

мен  мұрты  буырлана  бастаған,  бірақ  екі  көзінің  жанары  бұрынғыша  нұрлы, 

жалт-жұлт от шашады. Қазіргі тіршілігінің таусылмас қуаты да осы екі көзде 

тұрған сияқты. 

-  Сенің  келгеніңді  жаңа  поезда  көрген,  осындағы  жиен  қарындасым  Фариза 

айтып  келді...Сен  бақыттысың.  Коммунист  партиясы  əрқашан  адалдықты 

ашып,  əділ  қорытынды  шығарды.  Енді  сен  өлмейсің.  Ал,  менің  халім  не 

болары белгісіз...- деп мұңайып біраз үнсіз отырып қалды. Бір тіршілік тағы 

ілгері жасағала тұр, енді бір тіршілік тоқталып жоғалғалы тұр, оны екеуміз де 

іштей  сезетін  сиятымыз...».  Қасым  1951  жылы  партия  жиналысында  оқыған 


өлеңін,  өзге  де  шығармаларын  Есағаңа  оқи  отырып,  сан  жылдар  бойы 

ақындық  ойын  шырмаған,  шығармашылық  қуатын  тежеген  шемен  көңілдің 

іштегі  шерін  тарқатып,  жан  сырын  ақтарады.  Бұған  Қасымның  Есағаңа 

айтқан  мына  бір  жүрек  сыздатар  толғанысын  мысалға  келтірсек  заманның 

құлы емес, халқының ұлы бола білген азамат ақынды азапқа салған уақыттың 

табын,  көңілі  құлазыған  сезім  əлемін  ұғына  түсеміз.  «...Мені  жек  көретін 

кейбір  жалақорлар,  қызғаншақтар  енді  құритын  кезі  келді  деп  дайындалып, 

мені  партиядан  шығармақ  болған  екен.  Бірақ  баяндамашы,  жас  сыншы 

Қирабаев  олардың  күткеніндей  сөйлеген  жоқ.  Менің  поэзиям  туралы  жалпы 

дұрыстықты  айтты.  Партия  ұйымының  ол  кездегі  хатшысы  Мұстафин 

Ғабиден  де  туралықтан  асып  кете  алған  жоқ.  Маған  сынның  қатал 

болатынын,  партия  қатарында  болуым,  болмауым,  яғни  рухани  өлу,  өлмеу 

талқыға  түсетінін  жақсы  түсінгенмін.  Сондықтан  өзімнің  ақындық 

қызметімде  неден  ұтып,  неден  сүрінгенімді  қысқаша  өлеңге  түсіріп  жазып 

алғанмын». 

Тал  бесікте  тербелген  жанның  жер  бесікке  бөленетіні  табиғат  заңы. 

Қасымның  өзі  жырлағандай:  «Адамзат  сапарының  мейманымыз,  Бір  мезет 

жер бетіне кетер соғып...». Алайда жалын атқан Қасымның ақындық қуатын 

мейлінше  жарқырата  көрсететін  өмірінің  шығармашылық  белесінде  сырқат 

қысып,  ауру  дендеген  сəттерінде  ақтарылған  жан  сырынан  шын  мəніндегі 

талант  табиғатын,  «Жылап  тудым  анадан,  жырлап  өлем»  деп  өлімге 

мойымаған  өршілдікті  танимыз.  Осы  орайда  Есағаң  Қасымның  ақындық 

тұлғасын  шығармашылық  лаборатория  тұрғысынан  қарастыра  отырып, 

сырқат меңдете берген ақынның 1951 жылы 12 өлең, 1952 жылы 7 өлең, 1953 

жылы  9  өлең,  1954  жылы  4  өлең  жазғанын  зерделейді.  Қасымның  негізінен 

ақындық  өмір  туралы  ойлар  айтуға  тырысатынын,  шығармашылығы  мен  өз 

ғұмыры  жайында  көп  толғанып,  терең  сыршылдық  сезімге  бөленгенін 

жазады. Мысалы, ақынның «Өзім туралы» («Сыр») өлеңін жазуды 1949-1950 

жылдары бастап, аяқтай алмағанын, тек 1954 жылдың қыркүйегінде ғана аса 

бір  қиналумен  оқытқанын  былайша  баяндайды:  «Екеуміз  бір  -бірімізге  тіл 

қатпай,  біраз  үнсіз  отырып  қалдық.  Себебі  мұнда  ол  өзінің  өлетіндігін  де 

жасырмай айтқан  еді.  Ақын досымды сол бір  сұмдық дүниеге қимағандай:  - 

Бəрі  жақсы,  тек өлімнің не  керегі  бар?  «Мені  де өлім əлдиле»  деген ескішіл 

ақынның  күйіне  оралу  емес  пе,  мұның?  –  деп  мазмұны  жағынан  орағытып 

сын  бастады.  Қасым  жөтелін  басып,  сəл  езу  тартып:  -  Əй,  қусың-ау. 

Саудыраған қу сүйегім қалған мені алдағың келеді-ау. Өмірді ғашық жардай 

қимайтын адамның бірімін. Бірақ, шындықты айтпасқа шара бар ма? Сен өзің 

қайта бір оқышы, - деп қолжазбаны тағы маған ұсынды». 

Есағаң  ақынның  «Өзім  туралы»  өлеңінде  «замандастары,  ешқайсымыз  айта 

алмаған  терең  ойларды  Қасым  өзі  жеткізіп  жазғандығына  қатты  сүйсінесің» 

дей  келіп,  өкпе  түгіл  өлімге  қимаған  жан  досы  қазақтың  Қасымының  жан 

сырын жүрегімен қабылдап əрі көзден аққан жасын ірке алмағандығын: 

«Əттең, дүние жалт-жұлт еткен кең мекенім, 

Көре алмай көп жеріңді мен кетемін...  

Басымнан таярмысың бір күн дəурен?  


 

Жалт беріп нажағайдай жоғалар ма, 

  

Жүзімде шалқып тұрған күлкім дəурен... 



  

Тоқтамас өмірімнің сағатындай, 

 Жүрегім  енді  қашан  соғар  тынбай?  –  деген  жерлерін  неге  айтты  екен. 

Өмірмен қош айтысқандай. Көзіме іркіліп жас келді. «Бұлай жазу керегі жоқ 

еді» дей беріппін. Қасымға көрінбей ашық есіктің бір жағында тұрып өлеңді 

тыңдап  егілген  Сəпенге  енді  көзім  түсті.  «Ой,  Сəпен,  оның  не?»  деппін  өз 

көзімнің  жасын  сүртіп  жатып.  Қасым  Сəпеннің  бұл  өлеңді  естіп  қалғанына 

өкінгендей:  «-  Жап  есікті,  бар,  Сəпен,  -  деді  де  басқа  бір  жайларды  сұрай 

бастады. Қайтып бұл өлең жайын сөз қылған жоқ» деп жазады.  

Сəпен  –  Қасым  ақынның  ақ  адал  жан  жары.  «Сақыпжамал»  өлеңінде 

ақын: «Сақыпжамал! Атың қандай! «Сəпен» дейміз қысқартып. Жар бола гөр 

айтылғандай;  Сенен  қайсы  қыз  артық?»  деп  жырласа,  «Үй-ішінің  əзілі» 

өлеңінде: «Тозыпты сенің көйлегің, Тозбайтын өлең жазайын; Болмаса сенің 

көмегің  Шығар  ма,  құрғыр,  күн  сайын»  -  деген  жолдар  арқылы  тұрмыс 

тұралаған,  алайда  шалқыған  шабыт  арнасына  кең  тыныс  ашып,  сезімге 

серпін,  ақындық  қуатқа  тылсым  күш  дарытқан  жарының  жарқын  бейнесін 

суреттейді  (Қараңыз:  Сəпен  Аманжолова.  Қасым  қалай  жазды?  //  «Қазақ 

əдебиеті».  1974.  20.  ХІІ).  Сəпеннің  Қасымға  деген  адалдығы  мен  биік 

парасаты,  адамгершілігі  мен  имани  болмысы  сан  жылдар  сырқат  жанның 

көңілін  аулап,  төзімділік  пен  қажырлы  қайсар  шыдамдылық  танытуы  тек 

қана  қазақ  əйелдеріне  тəн  ілкі  де  саф  қасиетті  еш  боямасыз  көрсетсе  керек. 

Осы бір жан толқытар тіршілік тынысын да Есағаң табиғи қалпында жеткізе 

білген: «Ұзақ мезгілдегі сырқат Қасымды дене қуаты (физический) жағынан 

ғана  қажытып  қоймай,  рухани  жағынан  да  қатты  қажытқанын  осы  кездерде 

толық  байқадым.  Сəл  ғана  нəрсеге  тас  талқан  болып  ренжиді,  ауыр  сөздер 

айтып  тастайды,  ондай  реніштердің  салмағы  кейде  Сəпенге  де  тиеді.  Ол 

жылағаннан басқа лəм демейді. Кейде мен өзімен дауласып, туралық шегінен 

асып  кеткендігін  ескертемін.  Ұзақ  мезгіл  сырқаттанған  Қасымның 

қиыншылықтарын  бірдей  басынан  кешірген,  күні-түні  ұйықтамай  қасында 

отырып,  күте  білген  Сəпеннің  қажырлы  шыдамдылығы  мені  қайран 

қалдырды.  Бір  күні  стол  басында  Сəпен  қалғып  кетті.  «Сорлы  мен  үшін  не 

көрмеді,  бір  жұма  болды,  əлі  күнге  көз  шырымын  алмады.  Кейде  өзіне 

ұрсамын  да,  жанашыр  жақыным  болғандығынан  да  бұған  қатты  айтамын. 

Ондай ауыр сөзімді шешем де көтермейді. Ал, сен ше? Жуас түйе сияқтысың. 

Қазақтың бұрын-соңды бар ақынын жүк қып артып алғың келеді». 

Е.Ысмайыловтың  Қасым  шығармашылығының  əлемін,  сондай-ақ 

өмірінің  қиын  да  күрделі  тұстарын  ашып  көрсеткен  «Өмір  мен  өлең» 

зерттеуінде 

ғылыми-сыншылдық 

ой-өріс 


кеңдігі, 

публицистикалық 

ұшқырлық, эсселік əсер, ақынға тəн сезімталдық жарасымды үйлесім тапқан. 

Əсіресе,  ақынның  қысым  мен  қысастыққа  толы  келте  ғұмырының  беймəлім 

тұстарын ашып көрсеткен тұстары жан толқытады. 

Тіршілікте  өлместей  көрінетін  пенде  өмір  ағымында  біреудің  көңілін 

жаралайтыны,  жүрегіне  дақ  салатыны,  бақастық  ерегіспен  күндейтінін  əр 

дəуір  ақыны  əр  қырынан  жырлаған  ғой.  Біреулер  кеш  те  болса  тəубəсына 



келіп  ар  алдында  арылса,  əлдекімдер  ізгілік  алдында  қара  тастай  еш 

иіліместен зұлымдығын қара жер құшағына өзімен мəңгілікке ала кетеді. Ал, 

қамшының  сабындай  қысқа  өмірінде  жетімдік  пен  жоқшылықты,  заман 

қыспағы  мен  қоғам  қаталдығын  жəне  де  өнердегі  озбырлықты  көп  кешкен 

Қасымның дос-жарандарымен, қимас жандарымен бақұлдасқан соңғы сəттегі 

жан  сырындағы  əр  сөзінен  адамға  тəн  арманды,  өкінішті  ғана  емес,  адам 

деген ардақты атқа дақ түсірмей өткен рух асқақтығын да көреміз. 

«Ден  сау  болса,  тағдырдың,  Көкке  ұшырам  күлдерін.  Түрлентемін 

гүлдерін,  Жігермен  талап  еткен  соң,  Қоям  ба  екен  сүлдерін»  деп  жырлаған 

Сұлтанмахмұт ақындай Қасым да «О, тағдыр, мені сауықтыр! Айтатын жыр 

ойым  бар.  Көңілім  соған  ауып  тұр,  Алда  бір  қызық  тойым  бар...Құтқаршы, 

ауру, жараңнан, Жазылып бір жыр жазайық. Көңілдің күйін төгейік, Арманда 

кетті демейік, Бəрін де беріп ел, жұртқа, Қарыздар болмай өлейік» деп білді. 

«Əкең  сенің  Қасым-ды,  Адалдыққа  бас  ұрды,  Түсінбеді  кей  пенде  -  Əкең 

сырын жасырды» - дейді ақын «Дариға қарғам, сен үшін» өлеңінде. Өмірінің 

ақтық  демі  таусылар  сəте  де  ақын  «адалдыққа  бас  ұрды»,  өзін  ұғынбаған 

пенделерге  өмірдің  өткінші  екенін,  толассыз  тіршіліктегі  мағынасыз 

таластың  оспадарлығын  ұқтырғысы  келді.  «Жақсылық  пен  жамандық 

шекаралас, Ойсыз пенде екеуін айыра алмас. Жаздым мұны жанымен түсінер 

деп  Жері  жерлес,  бауырым  қаны  қандас»  деп  мəңгілік  музаға  бөленген  ұлы 

жүректің  соңғы  лүпілінен  тасып  төгілген  ақын  толғанысын  Есағаң:  «...Адам 

арманға  тойған  ба?  Өмірімнің  бірталайы  мағынасыз,  серілікпен  өтпеді  ме 

екен? Мұрат еткен дүниелерімнің көбін іске асыра алмағандығым өкінішті... - 

Адамның  тегі  айуанмен  аталас  қой.  Тіршілікте  біреумен  араздастық, 

біреумен жамандасып алыстық, көрместей өкпелестік, онан не шықты? Оның 

арты  жақсылыққа  жеткізген  жоқ.  Жақсы  көретін  жолдастарым  да, 

ұнатпайтын  жолдастарым  да  аз  емес  қой,  барлығы  да  менің  досым  болып 

қалса  екен.  Көрсем  көрдім,  көрмесе  сəлем  де.  Бұрынғы  өкпе-наздарымды 

кімге  болса  да  кештім»,  -  деді.  Міне,  сол  кезде  тіпті  аралары  бірталай 

алыстап,  суысып  кеткен  жолдастарын  да  ол  көргісі  келіп  жатты...  Күнене 

күнге  халі  нашарлаған  сайын  Қасым  жанашыр  жақындарын  да,  дос-

жарандарын  да  атын  атап-атап  шақырып  есіне  түсірді.  Не  қоштасқандай,  не 

кешірім  сұрағандай  оларға  жылы  сөздерін  арнайды»  деп  жеткізеді.  Бұл 

«Адам болып туғанмын, адамша өтем...» деген азамат ақынның өз мұратына 

адал болып қалған биік тұғырын да айқындайды.  

Есағаң сыралғы да сыйлас досы Қасымның ақтық демі үзілер ең соңғы 

сəтте  де  қасында  болды.  «...15-16  қаңтарда  күні-түні  Ахметжан,  Қапан, 

Лəзиза жəне басқаларымыз əлдеқалай болады деп сол үйде отырдық. Қасым 

бірде қатты-қатты жөтеліп, ауыр азап буындырғандай тыныс тарлығынан бір 

түрлі  ашынулы,  күңіренген  үнмен  сарнағандай,  сөйлегендей  болады.  17 

қаңтар күні күндіз Қасымның есі кіріп, келген бірталай ақын-жазушылармен 

бір-бір  ауыз  тіл  қатысты.  Сол  күні  18  қаңтарға  қараған  түні  сағат  бірдің 

кезінде  Қасым  келмес  сапарға  жол  шегіп,  көзін  жұмды.  19  қаңтар  күні 

Алматының  мəдениет  жұртшылығы  зор  құрметпен  Қасымды  жерледі»  деп 

жазады.  Е.Ысмайыловтың  Қасымның  өмірі  мен  шығармашылық  əлемін, 


əсіресе  ақындық  қуатын  тұсаулаған  тоталитарлық  жүйе  жағдайындағы  жан 

толғанысын,  сезім  əлемін  шынайы  да  тың  арнада  өрнектеген  «Өмір  мен 

өлең»  атты  зерттеуіндегі  сөз  зергерінің  өмірбаянынан  бізге  осындай  сыр 

түйеді.  

Ұлт  мүддесі  мен  мерейін  мұрат  тұтқан  дарындардың  мұрасы  мəңгі 

жасай  бермек.  «Ей,  тəкаппар  дүние!  Маған  да  бір  қарашы.  Танисың  ба  сен 

мені, Мен қазақтың баласы» деп жырлаған Қасым ақын мен «Қазақты жақсы 

көрген адам оның өткен күні мен бүгінгі күнін түгел айырып, жақсы білуіне 

тиіс,  екеуінен  де  жақсыны,  сүйсінерлік  қасиетті  табады,  сынайтын,  жек 

көретін  мінді  де  табады.  Қазақты  жақсы  көру  үшін  алдымен  оның  ерте 

күннен  мемлекет,  мəдениетті  ел,  жауынгерлік  салты  мықты  халық  болған 

тарихын,  мəдениетін  жақсы  білу  керек.  Өзінің  ата-бабасының  тарихын 

білмеген  адам  ешуақытта  өзінің  халқын  толық  жақсы  көре  алмайды»  деген 

Есағаң  аманаты  да  отаншыл  рухтағы  ұлт  перзенттерінің  санасына  тоқылар 

ұлағат  болып  қала  бермек.  Ең  бастысы,  ұлттық  рухтың  айбары  мен  айбыны 

болып  табылатын  əдебиет  мүддесі  тоғыстырған  тұлғалардың  өмір  мен 

өнердегі  ақ  адал  сыйластықтары  Абайдың  «Біріңді,  қазақ,  бірің  дос, 

Көрмесең істің бəрі бос» деген тағылымын жадымызда жаңғыртады. 

 

Шығармашылық  зертхана  -  қазақ  əдебиетінде  кең  өріс  жая  қоймаған 



арна.  Бұл  ретте  жекелеген  суреткерлердің  оқырман  қауыммен  болған 

сұхбатындағы  жекелеген  ой  толғамдары  немесе  өзінің  шығармашылық 

зерханасы жайлы мақалалары назар аудартады. М.Мағауин тілімен айтқанда 

«Шығармашылық  психологиясы  өз  алдына  бір  ғылым  сияқты.  Оның  үстіне 

оқырман  қауым  көркем  шығармалардың  қандай  жағдайда  жəне  қалай 

туғанын  білгісі  келеді»  (Қараңыз.  «Жұлдыз».  1997.  №12.  Б.  –  175-192). 

Шығармашылық  зертхана  шабыт  ұғымына  қатысты  пайымымызды  кеңейте 

түседі.  Мəселен,  М.Мағауин:  «Менің  ойымша,  мына  ақындар  кешіре  жатар, 

шабыт дейтін жоқ нəрсе. Шабыт деген жоқ...Шабыт деген, егер бар болатын 

болса, ол шағын ғана ұшқын болуы керек», - дейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет