Филология факультеті


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#7345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Қазақ прозасындағы тарихи шындық пен 

көркем шындық 



Негізгі  əдебиет:  1.  [1.7:3.15];  2.  [1.7.6.10:12].  Қосымша  əдебиет:  1. 

[1.7.8.11:12].  



 

№  13  лекция  тақырыбы:Қазақ  əңгімелерінің  типологиясы.  Қазіргі  қазақ 

əңгімелерінің даму тенденциялары  



Қарастырылатын  сұрақтар:  Қазақ  əңгімелерінің  типологиясы.  Қазіргі 

қазақ  əңгімелерінің  даму  тенденциялары.  Əңгіме  -  очерк,  публицистикадан 

кейінгі 

белсенді 

жанр. 

Б.Наурызбаевтың 



“Б.Майлиннің 

шығармашылығындағы  эпикалық  жанрдың  шағын  түрлері”  кандидаттық 

диссертациясы  мен  “Б.Майлин  творчествосының  шеберлігі”  докторлық 

диссертациясы,  Х.Əдібаевтың  Ғ.Мүсіреповтің  шығармаларына  арналған 

“Талант.  Талғам.  Тағдыр”  докторлық  диссертациясы,  З.Қабдоловтың  əңгіме 

жанрына арналған “Жанр сыры” 60-жылдардың басындағы қазақ əңгімелерін 

қамтиды.  1970-90-жылдардағы  қазақ  əңгімесі  жайлы  шолу  мақалалар,  сын, 

зерттеулер  жарық  көріп  тұрды.  Мысалы,  Бекен  Ыбрайымов,  Тұрсын 

Жұртбаев,  Төлеген  Тоқбергенов,  Сағат  Əшімбаев,  Асқар  Егеубаев, 

Б.Майтанов, 

Р.Рүстембекова, 

С.Шарабасов, 

А.Құлымбетова 

т.б 


еңбектеріндегі жанрды теориялық талдау мəселелері

 

     Дəрістің мақсаты: Қазақ əңгімелерінің жанрлық негіздерін талдауға 

үйрету . 

     Дəріс мазмұны:   

Əңгіме - очерк, публицистикадан кейінгі белсенді жанр. Шағын жанрдың 

өткеніне  ой  жүгіртсек,  халқымыздың  басынан  кешкен  не  түрлі  өзгерістер 

көрініс  тауып  отырған.  Əдебиетке  50-60-жылдары  келіп  қосылған 

жазушылар-  соғыс  жылдарының  ауыртпалығын  көріп  өскен  буын.  Олардың 

шығармашылығындағы  сол  кезеңнің  оқиғалары  тарихи  панораманың 

бөлшектері  дерлік.  Əңгіме  жанрының  жаңа  серпілісі  50-жылдардың  бер 

жағында басталады. 

Əңгіме  жанры  жеке  проблема  түрінде  соңғы  жылдары  ғылыми-зерттеу 

нысанына айнала бастады. 

Ал  жеке  монографиялық  зерттеулер,  диссертациядан  Б.Наурызбаевтың 

“Б.Майлиннің  шығармашылығындағы  эпикалық  жанрдың  шағын  түрлері” 

кандидаттық  диссертациясы  мен  “Б.Майлин  творчествосының  шеберлігі” 

докторлық  диссертациясы,  Х.Əдібаевтың  Ғ.Мүсіреповтің  шығармаларына 

арналған 

“Талант. 

Талғам. 


Тағдыр” 

докторлық 

диссертациясы, 

З.Қабдоловтың  əңгіме  жанрына  арналған  “Жанр  сыры”  60-жылдардың 

басындағы  қазақ  əңгімелерін  қамтиды.  1970-90-жылдардағы  қазақ  əңгімесі 

жайлы шолу мақалалар, сын, зерттеулер жарық көріп тұрды. Мысалы, Бекен 

Ыбрайымов,  Тұрсын  Жұртбаев,  Төлеген  Тоқбергенов,  Сағат  Əшімбаев, 

Асқар  Егеубаев,  Б.Майтанов,  Р.Рүстембекова,  С.Шарабасов,  А.Құлымбетова 

өз еңбектерінде осы шағын жанр мəселелерін сөз етеді. 

60  -  жылдардың  бер  жағында  əңгіме  жанрының  дамуына  үлес  қосқан 

жазушылар 

С.Мұратбеков, 



Қ.Жұмаділов, 

Т.Əлімқұлов, 

О.Бөкей, 


Ə.Кекілбаев,  М.Мағауин,  Ə.Тарази,  Ш.Мұртаза,  Т.Əбдіков,  Д.Исабеков, 

Т.Нұрмағамбетов  т.б.  Қазақ  əдебиетіндегі  əңгіме  жанрының  алғашқы 

қадамынан бүгінге дейінгі эволюциясын сараға салып біраз ой жүгіртсек, көп 

өзгерістерді  аңғарамыз.  Ол  өзгерістер  түр,  мазмұн,  көркемдеу  тəсілдері  мен 

көркемдеу құралдарынан, тақырып өрісінен де байқалады. 

Қазақ  əдебиетінде  новелла  жанры  поэзиядан  кейін  дамығаны  белгілі. 

Шын  мəніндегі  қалыптасқан  көркем  туынды  дəрежесіне  С.Торайғыров, 

Б.Майлин,  М.Əуезов,  С.Сейфуллин  есімдерімен  байланысты  ХХ  ғасыр 

басында  келді.  Осы  аталған  жазушылардың  алдында  қалыптасқан  дəстүрлі 

үлгі  болды.  Əсіресе  ,  ауыз  əдебиеті  -  ертегі,  аңыз,  шешендік  сөздер 

жазушыларға үлгі тұтарлық асыл қазына екені сөзсіз. 

Ы.Алтынсариннің  сүрлеуі  мен  өнегесі  халықтың  рухани  тарихында 

шоқтығы биік тұр. Олай болса, əңгіме жанрының дамуына ауыз əдебиеті мен 

Ы.Алтынсарин қалдырған мұра ықпал жасағаны ақиқат. 

 Жазушы  идеясы  көркем  образ  арқылы  танылса,  шығарманың 

құндылығын  анықтайтын  белгінің  бірі  -  образ  болмақ.  Ал  толысқан  образ 

психологиялық тереңдікпен ұштасады. 

“Атап  айтуға  тұрарлық  бір  мəселе  -  соңғы  жылдары  əңгімелерде 

қарапайым еңбек адамының тірлігі, ауыл өмірі, соның ішінде жастар жайлы, 

олардың  арман  қиялы,  махаббат,  семья,  ата-ана  мен  баланың  қарым-қатысы 

т.б.  проблемалар  əңгіме  жанрының  тақырып  ауқымының  кеңейе  түскенін 

дəлелдейді.  Əңгіме  бүгінде  күрделі  өмірдің  əр  саласын  қамтып  отыр.  Бұл 

жылдардың табысы тақырып ауқымының кеңейе түскенін дəлелдейді. Əңгіме 

бүгінде  күрделі  өмірдің  əр  саласын  қамтып  отыр.  Бұл  жылдардың  табысы 

тақырып  өрісінің  кеңеюі  ғана  емес,  біраз  жазушылардың  қызықты,  шым-

шытырық  тартысқа  құрылған  оқиғалардан  гөрі  психологизмге  көп  мəн 

беретіндігі.Адамдардың 

қарым-қатынасын, 

мораль-этика 

мəселелерін 

көтерді.  Осы  белгілерді  Сайын  Мұратбеков,  Тəкен  Əлімқұлов,  Мұхтар 

Мағауин,  Əбіш  Кекілбаев,  Əкім  Тарази,  Тынымбай  Нұрмағамбетов,  Дулат 

Исабеков,  Дүкенбай  Досжанов,  Қабдеш  Жұмаділов,  Оралхан  Бөкеев 

шығармаларынан табамыз. 

Осы жазушылардың көпшілігіне тəн ерекшелік - еңбек адамын бейнелеу 

десек, соның ішінде, əсіресе, ауыл тұрмысын өздерінің бала кездерінен көріп 

өскен ортасының шындығын жазды. 

Сайын  Мұратбеков  жазушылық  жолын  очерктен  бастады.  “Ауыл  оты”, 

“Отау  үй”,  “Жабайы  алма”,  “Көкорай”  жинақтарында  түгелімен  ауыл  өмірі, 

еңбек адамы, олардың қуаныш-реніші т.б. сөз болады.  

Лиризм  мен  психологизм  -  оның  əңгімелеріндегі  есте  қаларлық  тұлға 

жасаудың  басты  белгісі.  Мысалы,  “Бекеңнің  құбылысындағы”  қорықшы 

Бекен,  агроном  Сəбира,  тракторист  Самат,  “Күсен-Күсекедегі”  Күсекең 

қойшы,  “Жеңеше”  əңгімесіндегі  Мақсұт  қарт пен  Қамар  бейнелерінен  еңбек 

адамы тұлғасын танимыз. 

Сайын  Мұратбеков  адам  характерін  ашуда  еңбек  процесін  қисынымен 

ұтымды  ұштастырады.  Күсен  тұлғасында  хақымызға  тəн  кеңпейілділік, 

мейірімділік,  қонақжайлылық  сияқты  ұлттық  қасиеттер  бар.  Күсекеңнің 



көңіл-күйін  оны  қоршаған  табиғатымен  тығыз  байланыста  береді. 

«Күсекеңнің  де  көңіл-күйі  аспан  сияқты  кейде  жайдары,  кейде  жабырқау». 

Еңбек  Күсекеңе  рухани  қажет.  Жазушы  оны  ешбір  мінсіз  етіп  суреттеуден 

аулақ.  Оның  бойында  пендешілік  мінез  де  бар.  Жалақы  алғанда  “арақ  ішіп, 

есіп  отырып  сөйлейтіні».  Қазіргі  өскелең  əдебиеттің  талабы  да,  талғамы  да 

күшті.  Бір  кездегі  жағымды  тұлғаны  мінсіз  деп,  жағымсыз  болса,  іске 

алғысыз  бейнеде  суреттелетін  схемаға  айналған  сіреспе  адамды  оқушы 

қауым  қабылдамайды.  Ондай  болса  Күсекең  бойындағы  кейбір  пендешілік 

мінез  өмір  шындығына  қайшы  келмейтін  шынайылығымен  образды 

мүсіндеуде үйлесімді шыққан. 

Сайын  ауыл  жастарының  махаббатын,  сезім  дүниесін  суреттегенде  екі 

жасты  бөліп  алмай,  маңындағы  адамдардың  тіршілігін,  өмірге  көзқарасын, 

өзара  қарым-қатынасын  ашып  отырады.  “Махаббат”  əңгімесінде  қызын  өзі 

ұйғарған адамға бермек болғаны əке мен оған көнбеген қызының арасындағы 

тартысты 

суреттейді. 

Əсия 

жүрек 


қалауымен 

тұрмыс 


құруды 

армандайды.Осы жолда табандылық мінезімен көрінеді. 

Бүгінгі  жастардың  моральдық  бетін  көрсетететін  -  еңбек.  Əкеге  “масыл 

болмай,”  Əсия  еңбек  етеді.  Махаббат  мəселесінде  ешкімге  бағынышты 

болмайтынын  дəлелдейді.  Əсия  Ноянды  сүйеді.  Жазушы  əңгімесінде  мұны 

ескі мен жаңа арасындағы шиеленіскен тартыс түрінде көрсетпейді. Қыздың 

əкесі  Отарды  мейірімсіз  қатал  етіп  көрсетуден  аулақ.  Оның  əрекеті  -  əкелік 

жанашырлық  көңілден  туған  ізгі  ниет.  Өйткені  өз  тағдыры  сондай.  Ата-ана 

тілегімен  үйленіп,  өмір  сүрген.  Ол  Əсияға  қалыңмал  алып  отырған  жоқ, 

қызына ренжігеннің өзінде де əкелік мейірбандылықпен елжіреген жүрегінің 

лебін  сезіп  отырасыз.  Əңгіме  соңында  Отар  өткен  өміріне  ой  жүгіртіп, 

“махаббат” сөзінің төркінін ұққысы келгендей күйде қалады. 

 Əңгімеде  осылайша  жаңа  өмірге  лайықты  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынасты жаңаша суреттейді. Оның қандай əңгімесін алсақ та, адамға деген 

жылы сезім, лиризм үстем болып отырады. 

Жазушылардың  шеберлік  жағынан  шыңдала  түскені  диалог,  монолог, 

психологиялық  параллелизм,  деталь,  пейзаж  сияқты  компоненттерден 

танылғандай.  Деталь,  штрихтарды  орынды  пайдалану  əңгімеге  қажет 

ықшамдылықты туғызады. Шағын көрініспен үлкен түйін жасайды.  

 “Ескек  жел”əңгімесінде  еңбек  үстіндегі  ауыл  адамдарының  көңіл-күйін, 

көтеріңкі  атмосфераны  ғана  емес,  халықтық  юморды  пайдалана  отырып, 

ұлттық əдет-салтты да танытып, əрі келіншектермен қалжыңдап, “жездемсіп” 

жүрген  “Жаман  Жаңабай”  характерін  ашады.  Төлеп  пен  Рысжан  кездескен 

жердегі шағын көрініс , айырылысып кетсе де, бірін-бірі қимай жүрген ерлі-

зайыптылардың  көңіл-күйі  мен  сезімі  нанымдылығымен  көкейге  қонады. 

Олар  бірін-бірі  қанша  жақсы  көргенмен  іштей  жанып,  сол  сезімін  жасыра 

білетін сабырлы жандар. 

Сайынға  тəн  лиризм  Рысжанды  суреттеуде  əңіменің  өн  бойынан  елес 

беріп отырады. Жазушы шеберлігінің бір белгісі кейіпкер сөзі - диалогтерінің 

жинақы ұтымды болып келетіндігі. 



 Рысжан  Төлепке:  “Тек  əйеліңді  маған  жамандай  көрмеші  Төлеп  ,  саған 

жараспайтын  мінез”,  -  дейді.  Осы  арада  Рысжан  өзінің  күндесіне  де  кек 

сақтамайтын ақылды, кең пейіл əйел тұлғасында, əрі ұсақ сөзге үйірлігі жоқ, 

ондайдан өзін жоғары ұстайды.  

 Семья,  махаббат  мəселесі  “Ұлтуған”  əңгімесіне  де  арқау  болған.  Əкесі 

қайтыс  болып,  жалғыз  қалған  Ұлтуғанның  аянышты  халіне  адуын  əйелінен 

безіп келген, пана іздеген Майдан тағдыры ұштасады. Ұлтуғанға құлай ауған 

сезім  құдіретімен  Майдан  бойында  батылдық  пайда  болады.Əуелгі  оның 

мүсəпірлік  күйін  көрген  Ұлтуған  осындай  адамды  сүйемін  деп  ойлаған  ба? 

Қайта  жігерсіздігіне  ызыланады.  Сөйлесе  келе  аяғы  махаббатқа  ұласады. 

Майдан  шайпау  əйелден  қорлық  көрген  адам.  Рас,  өзі  де  кінəлі,  ішімдікке 

салынып  парықсыз  өмір  кешті,  бала-шағаны  ойламады.  Бірақ  əйелдің  жылы 

лебізі,  оны  сыйлап  құрметтеуі  мүлде  өзгертіп  жібереді.Арақты  да 

қояды.Жазушы Ұлтуған мен Майдан арасындағы сезімнің күштілігін шырқау 

шегіне  жеткізіп  көтеріп  əкеледі  де,  оқушы  ойламаған  бағытта  көркемдік 

шешім табады. 

 Табиғатында  мейірімді,  ақкөңіл  Ұлтуған  Майдан  семьясының  мүшкіл 

халін  көргенде  (ауру  əйел,  кішкентай  балалар)  оның  жүрегіне  аяныш  сезім 

ұялайды.Махаббаты  қанша  күшті  болғанымен,  адамгершілік  сезім  үстемдік 

алады.  Ұлтуған  Майданға  айтпастан  басқа  жаққа  көшіп  кетеді.  Сайын 

əңгімесіндегі  осындай  гуманизм  -  жазушының  бір  ерекшелігі.  Əңгімедегі 

Сəндібала  тұлғасы  да  дараланады.  Тентек  əйелдің  ел  ішінде  кездесетіні 

ақиқат.Сайын  оның  “көк  долылығын”  сөзімен  де,  əрекетімен  де  танытады. 

Бірақ  қанша  долы  болса  да  семья  қамын  ойлайды.  Қызғаныш  сезімі  де  жоқ 

емес. Басты тұлға Ұлтуған өз бақытын құрбан етеді. 

 Сайын  əңгімесіндегі  əйелі  қайтыс  болғаннан  кейін  жалғыз  қалған  қарт 

қалада  тұратын  баласын  іздеп  барады.Баласы  оқуды  бітіріп,үйлі-баранды 

болғанын  да  хабарламаған.  Өз  тұрмысына  риза.  Əке  тағдыры  оны 

ойлантпайды.Əкесіне  баласы  сыйластық  ілтипат  көрсеткенмен,  баласының 

жат  бауыр  болып  кеткенін  əке  жүрегі  сезеді.  Дүние-мүлікке  сықиған  үйде 

күні  бойы  жалғыз  қалып  жабырқаған  көңіліне  балалары  келгенде  де 

жылылық сезілмейді. Баласында мүлде басқа психология қалыптасқан. Өмір 

бойы  ауылда  туып  өскен  қарияға  осының  бəрі  жат.  Тіпті  немерелерінің  өзі 

онша үйірсектік білдірмейді. Əңгімедегі мəселе - əкенің балаға мейірімділігі, 

кешірімділігі. Баланы жазғыру, оған өкпе-наз білдіру емес, іштей түсініп, өз 

тағдырына  мойынсыну  бар.  Əкесі  тамырын  терең  жайған  туған  топырағына 

кетеді. 

 Сайын  əңгімелері  сыншылар  назарына  ерте  ілікті.  Сағат  Əшімбаев 

“Парасатқа құштарлық” еңбегінде Сайынның кейіпкер характерін жасаудағы 

ерекшелігі  мен  пафосын  талдаған.  Сыншы,  ақын  Асқар  Егеубаев  “Сөз 

жүйесі”еңбегінде 

жазушы 


əңгімелеріндегі 

“психологиялық 

талдау, 

кейіпкердің  жан  дүниесіне  үңілу  арқылы  шынайы  бейнелеуіне”  арнайы 

тоқталады. 

 Дулат Исабеков те ауыл тіршілігі, адамның психологиясын өте шынайы 

жазады.Бір  ғана  “Ақырамаштан  наурызға  дейін”  əңгімесінен  жазушы 


шеберлігі  танылғандай.  Бұл  əңгіме  ерекшелігі  басынан  аяғына  дейін  езу 

жиғызбайтын  күлкілі  ситуация,  сол  ситуацияда  əр  қырынан  ашылып 

отыратын  комедиялы  образдар.  Адамдар  қарым-қатынасы  арқылы  əртүрлі 

мінездер, бюрократизм, бейпіл сөзге машықтанған əдеттер күлкі болады. Зілі 

жоқ  жеңіл  күлкі,  халықтық  юмор.  Көтерген  жүгі  ауыр.  Бір  шеті  этикамен 

ұштасып жатыр.  

 Падашы  Кемпірбай  мен  пошташы  Отардың  арасында  кенеттен  туған 

жанжалдың  тарихы  бір  тұтанып,  басылып,  қайта  өршіп,  жолдастық  сотқа 

дейін - кульминациялық шегіне көтеріледі. Даудың басы Киевте оқып жатқан 

баласынан  күтіп  жүрген  посылканы  сұраған  Кемпірбайға  Отардың  теріс 

қарап отырып, “жоқ” дегенінен басталады. Комедиялық ситуация осы арадан 

өрбиді.  Ораза  ұстап  отырған  адамға  жаңағы  “жоқ”  деген  жалғыз  сөз 

қамшыдай  тиеді.  Сарыла  күткен  посылка  келгенде  Отардың  əртүрлі  сылтау 

айтып  бере  қоймауы  Кемпірбайдың  төзімін  тауысады.  “Қызталақ”  деуі  сол 

екен,  почташы  да  қыңыр  кетіп,  даудың  аяғы  акт  жасаумен  тынады.  Араға 

көлденең екі адамның араласуы даудың бетін бұрады. Кемпірбай посылканы 

алып,  бəсеңдейді,  бірақ  актінің  жыртылмауы  жанжал  отына  қайтадан  май 

құяды. 


 Комедиялық  жағдай  төрелік  айтқан  Мүсір  мен  звеньевой  Орысбайдың 

арасындағы  қарым-қатынас  қызықты.  Ендігі  жерде  басу  айтушы  Кемпірбай 

мен  Отар болып  шығады.  Ситуация  алма  кезек  ауысып, копозиция қызықты 

құрылған.  Кейіпкерлердің  бəрі  де  нығыздап,  бұлтартпайтындай  дəлелді. 

Ұтымды  ой,  ұшқыр  сөзбен  бірін-бірі  матап  тастайды.  Кейіпкерлер  сөзі  де 

характерді ашатынай сипатта алынған.  

 Мысалы, почташы Отардың мекемедегі қызметінің сиқын Кемпірбайдың 

мына  сөзі  дəлелдейді:  “Қой,  бастық  мына  сен  бе?  Өзің  кетсең,  өрмекшіден 

басқа  жан  кірмейтін,  ит  байласа  тұрғысыз,  қаңыраған  қуысты  кеңсе  деп, 

өзіңді  бастық  деп  есептейсің  бе?  Өзіңе-өзің  бастықсың  ба?”  Дулат 

Исабековтің сөзді ойната білетін шеберлігі байқалады. 

 Этика,  мораль  -  бүгінгі  жазушылардың  творчествосынан  үлкен  орын 

алып  жүрген  мəселелердің  бірі.  Əкім  Таразидің  “Кəке”  əңгімесі  отбасылық 

тұрмыста  ардан  безген  адамдарды  қызықты  оқиға,  өткір  шиеленіс  арқылы 

суреттейді.  Кірпішбай,  Батиха,  Еркебұлан  -  үшеуі  де  жағымсыз 

əрекеттерімен  көрінген  бейнелер.  Жеңіл  мінез  Еркебұлан  жолдасының 

əйелімен  ашына  болады  жəне  кінəсін  мойындаудың  орнына  Кірпішбайдың 

өзінің үстінен материал жинап, оны мүсəпір халге əкеледі. Енді Кірпішбай өз 

басын  арашалау  əрекетіне  түседі.  Қайда  барса  да  Еркебұлан  алдын  орап, 

Кəкеңнің  теңдік  алуы  қиындай  түседі.  Ақыры  жайлы  орын,  жақсы  жайды 

қимаған мансапқор Кірпішбай Еркебұлан мен əйелі Батихадан кешірім сұрап, 

татуласуға  мəжбүр  болады.  Əрине,  өзінің  азаматтық  арын,  намысын  таза 

ұстаған адам мұндай қорлыққа бармас еді.Олар -рухани азықтан ада жандар.  

 Тарази  осы  үш  кейіпкерді  де  нанымды  көрсеткен.  Ал  “Қыз  Жібек” 

əңгімесінде  Əкім  Тарази  отбасы  бірлігі  үшін  күйеуіне  деген  үлкен  сезімі 

болмаса  да,  адал  жар  болып  өмір  сүруге  тырысқан  Лəйлі  образын  алады. 

Батихадан  Лəйлі  мүлде  басқа.  Лəйлі  Мирасқа  деген  өзінің  ыстық  сезімін 


тежеп,  тұсауға  тырысады.  Бойын  билеген  сол  бір  махаббат  күшіне  қарсы 

тұрып,  шыдамдылық  жасайды.  Күйеуі  Сауранның  бойындағы  бар  қасиетті 

өзіне қанағат тұтып, шүкіршілік еткендей. Күйеуі Сауранның “қарны шығып, 

басы  кіп-кішкентай  боп,  аяқтары  сыйдиып,  орта  бойлы,  жұп-жуан”  қалыпқа 

түсіп,  өзгеруіне  де  “Қыз  Жібек  “  атанған  сұлу  келіншек  мəн  бермейді. 

Көркемөнерпаз үйірмесінде Қыз Жібекті ойнаған Лəйлінің көркіне дауысы да 

сай,  оған  ғашық  болған  Мирас  -  Саураннан  əлдеқайда  тартымды.  Лəйлі 

Мирастан қанша бойын аулақ салғанмен, жігітке деген сезім оны толқытпай 

қоймайды. 

 Əңгіме 


“Ештеңе 

ойлаған 


жоқ” 

деген 


сөйлеммен 

аяқталады.Шындығында,махаббат  сезімінің  шырмауында  жүрген  жас 

келіншек  ештеңе  ойламағанына  сенбейсіз.  Əр  оқушы  өз  түсінігіне  қарай 

қорытынды шағарсын деген түйін бар сияқты. 

 Лəйлі  -  өзін  жақсы  көріп,  еркелете  ұстайтын  күйеуінің  адамгершілігін 

бағалап,  өзіне  деген  сенімін  ақтау,  отбасының  тыныштығын  сақтауға 

бекінген əйел. 

 Əкім Тарази əңгімелерінде шынайы сезім, ыстық махаббаттың құдіретті 

күшін көп жазады. “Келін” əңгімесіндегі Жауһаз тұлғасы сондай бала кезінен 

қиялшыл,  “Онегиндей  жарым  болса”  деп  армандайтын  Жауһаздың  күйеуі 

мүлде  өзгеше  болып  кездеседі.  Ол  -  дүние  жиып,  өмірді  тоғышарлықпен 

бағалайтын  адам.  Жас  келіншек  Танабайды  кездестіргенше  қиял  құшағында 

жүргенмен, осы өміріне мойынсұнған. Жүрек сезімінің қылын шертіп, бірін-

бірі  түсіне  алатын  адам  табуға  болатынын  Жауһаз  алғаш  Танабаймен 

кездескенде-ақ сезеді. Енді күйбең тірліктің көңіл құлазытатын көлеңке жағы 

Жауһаздың  еңсесін  баса  түседі.  Жауһаздың  романтикалық  тұлғасы  күйеуі 

Тұрардан,  отбасынан,  ортадан  емес,  табиғаттан  медет  тапқандай.  Бұл  аса 

сезімтал, нəзік жандарға тəн. 

 Танабай  Жауһазға:“қиялшыл  адам  бақытсыз  болады”,  -  дейді.  Тауып 

айтылған  сөз.  Өйткені  қиялмен  ғана  өмір  сүруге  болмайды,  қиял  мақсатқа 

жеткізер  жол  емес.  Сағым  қуғанмен  бірдей.  Жауһаздың  сұңқар  деген 

Танабайы жапалақ болып, бұрынғы күйік тереңдей түседі. Оған енді бəрі бір, 

күйеуі  қорлап  сабаса  да  Жауһаз  Тұрармен  қалуға  көнеді.  Тарази  əйел 

жанының нəзіктігін шынайы суреттейді. Махаббатың күшін əйелдің əр қилы 

тұлғасы арқылы татымды да əсерлі жеткізеді. Шынайы махаббатқа сендіреді. 

 М.Мағауин  “Ақша  қар”  жинағындағы  “Ватерлоо  көпірі”,  “Əйел 

махаббаты”, Жаңылысу” əңгімелерін де осы тақырыпқа жатқызуға болады. 

 М.Мағауин 

əңгімелерінде 

əйел 


махаббатының 

беріктігін, 

тиянақтылығын суреттейді. 

 “Əйел махаббаты” əңгімесіндегі Зия мен Төлеген арасындағы терең сезім 

қатты  толғантады.  Ұстамдылығы,  адамгершілігі  жоғары  Төлегеннен 

Арыстанның  батылдығы  үстем  болып,  Зия  Төлегенді  қанша  сүйгенмен 

Арыстанға  шығады.  Қыздың  Төлегеннің  қызғаныш  сезімін  оятамын  деп 

жасаған оқыс əрекеті, тəкаппарлық мінезі жігіт жүрегін жаралайды. Сезімтал, 

сүйгеніне берілген Төлеген ақыры ауруға шалдығып, есі ауысып қаза болады. 

Зия да өмірден бақыт таппайды. Арыстанның басындағы бақ, дəулет, атақ та 



жанға  азық,  жүрекке  лəззат  іздеген  адамға  олқы  тиеді. Зия  қанша  жыл  бірге 

өмір  сүргенде,  Арыстанмен  ешқашан шешіліп  əңгімелеспеген  екен.  Осының 

өзі-ақ  ерлі-зайыпты  адамдардың  арасында  қимастық,  қызықты  тұрмыс 

болмағанын  аңғартады.  Төлеген  мен  екі  арадағы  əрбір  сөз,  айтылған  сыр 

Зияның  есінде  мəңгілік  қалады.  Өзі  өнер  адамы,  композитор  Төлеген 

табиғатында  қиялшыл  жан  Зияға  деген  махаббатының  құлы  боп  өмірден 

өтеді.  Зия  Төлегенді  қанша  іздегенмен  таппайды.  Сөне  бастаған  сезімінің 

қайта  тұтануына  себеп  -  Зияның  кенеттен  Төлегенді  мүлде  басқа  қалыпта, 

есуас  қалыпта  көруі.  Сүйгенінің  мүшкіл  халын  көріп,  бұрынғы  сезім  енді 

өкініш, қасіретке айналады. Зия үшін енді қалған өмірінде Арыстанмен бірге 

тұру - бірін-бірі алдау болған болар еді. Зия жалған өмір сүруден гөрі жалғыз 

тұрып,  өткен  күннің  елесімен  қалуды  қалайды.  Зияның  жан  азабын  шегуі 

шындыққа жанасымды. 

 Мұхтардың  əңгімесінің  идеясын  :”Иə,  шын  сүйе  алатын  тек  əйелдер 

ғана”,- деген Мопассаннан келтіретін эпиграф меңзеп тұр. 

 М.  Мағауин  жастық,  махаббат  туралы  жазғанда  əрқашан  интеллектіні 

жоғары  қояды.  “Ватерлоо  көпірі”  əңгімесінде  екі  жастың  терең  сезімін, 

тұрақтылығын  мадақтайды.  Сондықтан,  М.Мағауин  əңгімелерінің  жастарға 

үлгі боларлық жағы айтуға тұрарлық. 

 Осындай  лепті  біз  Қабдеш  Жұмаділов  шығармаларынан  да  байқаймыз. 

“Сыр”,  “Өкініш”  əңгімелерінде  албырттық,  адасумен  қатар  осы  жолда 

моральдық беті айқындалып отыратын қыз-жігіттердің тұлғалары бар.  

 “Сыр”  əңгімесінде  студенттік  өмірді  суреттей  отырып,  бір-біріне  мүлде 

қарама-қарсы жігіттер бейнесін алған. Салмақты, байсалды, еңбекқор, сүйсе, 

шын  сүйе  білетін  Қажым  мен  жеңіл  мінезді  қыздарды  сылдыр  сөзімен 

арбайтын  Асылхан.  Қызық  думан  іздейтін  жігіттердің  өзі  сол  Асылханның 

қасынан  шықпайды.  Қажым  қыздарға  өтімді  емес.  Бұл  да  өмірде  жиі 

кездесетін  ақиқат,  жастықтың  буы  Қажымға  да  тұсауын  салады.  Бірақ  ол 

шын  сүйеді.  Ал  қыз  Асылханның  қармағына  ілінеді.  Қыз  да  Қажымды 

сүйгенмен,  Асылханмен  кете  барады.  Қызға  аяныш  білдіресіз.  Асылхан 

сөзімен айтқанда: ”Заман екі келмейді, егіз аттай желмейді”. 

 Əңгіме  жанрында  тағы  да  бір  көңіл  аударарлық  жайт  -  əн,  əнші,  өнер 

адамдары туралы шығармалар.  

 70-80  -жылдарда  əңгіме  жанры  өркендеу  жолында  болғаны  даусыз.  Бұл 

кезеңдегі жазушылардың көркем əңгімелері тақырыптық-көркемдік жағынан 

біраз байып, адам характерін ашуда ілгері басқандығын танытты. Лирикалық, 

психологиялық  үлгілерді  дамытты.  Бұларда  адамдық  мінез-құлықтың 

ерекшеліктері,  олардың  арасындағы  қарым-қатынас,  соларды  түсіну  арқылы 

өмір тану мəселелері кең қойылды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет