Филология факультеті


 Пəннің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілу картасы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.02.2017
өлшемі442,73 Kb.
#5071
1   2   3   4   5   6   7

 

         4. Пəннің оқу-əдістемелік қамтамасыз етілу картасы 

 

№ 



 

Əдебиет атауы 

 

Барлығы 


 

Ескерту 


 

Кітапха


нада 

 

Кафед



рада 

Студентт


ердің  

қамтылу 


пайызы  

(%)  


Электр

онды 


түрі 













1   Арғынов  Х.  Қазақ 

тілі  синтаксисі    мен 

пунктуациясының   

методикасы.  

Алматы: мектеп 1974. 

 

20 


100% 


Негізгі 


оқулық 

2  Əбілқаев  А.  Маманов  

Ы.  Қазақ  тілін  оқыту 

методикасы.  Алматы, 

1965. 

 

10 



91% 


Негізі 


оқулық 

3  Əбілжанов 

Д.,   

Маманов  Ы.  Қазақ 



тілін 

оқыту 


методикасы. Алматы , 

1995. 


  

 



27% 




4  Əбдікəрімова 

Т., 


Əбдіғалиева 

Т., 


Шаймерденов 

Қ. 


Қазақ 

тілін 


оқыту 

əдістемесі. 

Практикалық 

жəне 


лабораториялық 

жұмыстар. 

Алматы: 

Ана  тілі,  əдістемесі  . 

1999. 

 

50 



100% 


5  Байтұрсынов    А.  Тіл 



тағылымы. 

Алматы, 


1992. 

  



18% 


6  Балақаев 



м. 

Тіл 


мəдениеті 

жəне 


мектепте,  қазақ  тілін 

оқыту. 


Алматы. 

Мектеп, 1982. 

 





45% 



7   Жапбаров 

 

А. 



Стилистиканы    оқыту 

əдістемесі. 

Алматы 

,1995. 


 



27% 



8   Зельманова 

Л.М. 


Наглядность 

 

в 



преподовании 

русского  языка.  М., 

1984. 

 



55% 


9  Исабаев    Ə.  Қазақ 



тілін 

оқытудың 

дидактикалық 

негіздері  .  Алматы. 

Қазақ 

университеті, 



1993. 

 



27% 


10  Кəтембаева 



Б., 

Нұрғалиева 

М., 

Морфологияны 



оқытудың 

методикасы,  Алматы 

:Мектеп 1975. 



73% 



 

11  Құлмағанбетова  

жəне  т.б.    Қазақ  тілін 

оқытудың 

методикасы.  Алматы: 

1998. 


 



45% 

 

 



12   Құрманова 

Н.Ж., 


Мухлис 

К. 


Текст 

теориясы жəне  тексті 

талдау  əдістемесі  . 

Алматы: 


Абай 

атындағы 

АлМУ 

2000. 


 



45% 

 

 



13   Ломизов 

А.Ф. 


Выразительное 

чтение    при  изучении 

синтаксиса 

и 

пуктуации. М. ,1986. 



 



45% 

 

 



14  Мұсабекова 

Ф. 


Тыныс 

белгілерін 

оқытудың 

кейбір 


мəселері  .  Алматы 

мектеп ., 1959 

 





27% 

 

 



15  Напольнова 

Т.В. 


Активизация 

мыслительной 

деятельности 

учащихся  на  уроках 

русского 

языка 


М.,1983. 

 





27% 

 

 



16  Оразбаева 

Ф.Ш. 


Тілдік 

қатысым: 

теориясы 

жəне 


əдістемсі. 

Алматы 


2000. 

 



64% 


 

 

17  Оралбаева 



Н., 

Жақсылықова 

К. 

Орыс  тілді  мектепте  



36% 



 

 


қазақ 

тілін 


оқыту 

əдістемсі  .  Алматы: 

Ана тілі. 

1996. 


 

18   Прудникова 

А.В. 

Лексика  в  школьном  



курсе русского языка. 

Москва .1979. 

 

10 


91% 


 

 

19   Панов  В.Т.  Типы  и 



структура    уроков 

русского 

языка. 

Москва 1986. 



 



45% 

 

 



20  Сарыбаев  Ш.  Қазақ 

тілі    методикасының 

кейбір 

мəселелері.Алматы 



1959. 

10 


91% 


 

 

 



5. Дəрістік кешен (дəріс  тезистері) 

1-дəріс 

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту технологиясы - ғылым саласы 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.  Қазақ тілін оқыту əдістемесінің мақсат-міндеті, нысаны. 

2.  Қазақ тілін оқыту əдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. 

3.  Қазақ тілін оқыту əдістемесінің лингвистикамен байланысы. 

Ғылым 

адам 


баласы 

ой-санасының, 

дүниетанымының 

өсуіне 


байланысты  бірте-бірте  дамып,  қалыптасады.  Ғылымның  алуан  түрі  бар. 

Соның бірі – қазақ тілін оқыту əдістемесі.  

Қазақ  тілі  əдістемесі  ғылымның  бір  саласы  ретінде  педагогика 

ғылымының  құрамына  енеді.  Қазақ  тілі  əдістемесі  –  тарихи  жағынан 

дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге 

келген ғылым. 

Əдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу əдістері, қалыптасқан 

жүйесі бар. 

Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі,  ең  алдымен,  оқушыға  қандай  тілдік 

категорияларды үйрету керек? Қандай əдіс-тəсілдер арқылы үйретуге болады 

деген мəселелерді қарастырады. 


Сондай-ақ,  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  –  қазақ  əдеби  тілінің  маңызын, 

əдіс-тəсілдерін,  амалдарын,  оқушыға  ана  тілінен  білім  берудің,  оны 

меңгертудің  жолдарын  үйрететін  ғылым.  Мұғалім  ана  тілінен  теориялық 

білім  беру  арқылы  оқушының  өзін  қоршаған  ортаға  көзқарасын 

қалыптастырады.  Отанына  шын  берілген  нағыз  патриот,  азамат  етіп 

тəрбиелейді.  Ондай  дағды  мен  білім,  тəрбие  беру  қазақ  тілін  дұрыс  оқыту 

арқылы  іске  асады.  Сонымен  бірге  əдістеме  мұғалімді  педагогиканың  қыр-

сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, 

өзінің  мамандығын  құрметтеуге  тəрбиелейді.  Сайып  келгенде,  əдістеме 

мұғалімнің  шығармашылық  тұрғыдан  жұмыс  істеуіне  бағыт  берумен  бірге, 

сабақ берудің тиімді əдіс-тəсілдерін меңгеруге көмектеседі. 

Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  лингвистика,  логика,  философия, 

педагогика жəне психология ғылымдарымен тығыз байланысты. 

Əдістеменің лингвистикамен байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын 

пəннен  жеке-дара  қаралмайды.  Атап  айтқанда,  тіл  білімі  жөніндегі 

материалдың  мазмұнына  орай  əдіс-тəсілдерді  таңдау,  қолдану,  олардың 

жолдарын  көрсету,  жаттығу  мен  дидактикалық  материалдарды  таңдап, 

іріктеумен тікелей байланысты. Мысалы: фонетиканы оқытумен байланысты 

түрлі фонетикалық талдау жасау, əріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал 

сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, 

жалғау  мен  жұрнақтың  ара-жігін  ажыраттыру  сияқты  əдіс-тəсілдер 

қолданылады. 

Тіл  ғылымының  үздіксіз  дамуы  нəтижесінде  əдістеме  жетіліп,  байып 

отырады.  Мектепте  оқылатын  қазақ  тілі  курсы  лингвистика  ғылымына 

жаңадан  енген  теориялар  жəне  тілдік  фактілер  арқылы  дамуда.  Қазақ  тілін 

оқыту  əдістемесінің  алдына  үлкен  міндеттер  қойылды.  Осы  тақырыптарды 

ғылыми  тұрғыда  оқушыларға  түсіндірудің  тиімді  əдіс-тəсілдерін  іздестіру 

қажеттілігі қойылып отыр. 

Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесін  жетілдіру  процесі  əлі  аяқталған  жоқ. 

Өйткені, əдістеме озат мұғалімдер тəжірибелерімен толығып, оның мазмұны 

мен  жүйесі,  құрылысы  кеңейіп,  байып  отырады.  Əдістемедегі  қолданылып 

келген  кейбір  ереже,  анықтама,  түсініктер,  терминдер  нақтыланып, 

жетілдіріліп, дамытылып отырылады. 

Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі  –  мектепте  оқылатын  қазақ  тілі 

материалдарын  практикалық  тұрғыдан  оқушыларға  саналы  түсіндіретін 

ғылым саласы болып табылады. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:3], [1.7:5] 

Қосымша əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:4] 

 

2-дəріс 



Тақырыбы: Қазақ тілін оқытуда қолданылатын əдістер 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1. Орыс ғалымдарының оқыту əдістерін жіктеуі. 

2. Қазақ тілін зерттеуші əдіскер-ғалымдардың оқыту əдістерін жүйелеуі. 

3. Қазақ тілін оқыту əдістерінің тиімділігі. 

Оқушыларға  қазақ  тілінен  теориялық  білім  беру  мен  практикалық 

сабақтарды  жүргізу  белгілі  бір  оқыту  əдістері  арқылы  жүзеге  асады. 

Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыру 

жолында пəн мұғалімінің жүргізетін жұмысы сан алуан болып келеді. 

Педагогика  теориясында  оқыту  əдісіне  мынадай  анықтама  берілген: 

«Білім  беру  əдістері  оқушылардың  білім  мен  білігін,  олардың  практикалық 

дағдысын  қалыптастыру  жолындағы  мұғалімнің  жүргізетін  жұмыстарының 

тəсілі  жəне  оқушылар  жүргізетін  жұмыстың  мұғалімнің  басшылығымен 

орындалатын  тəсілі».  Əдіс  –  метод  –  грек  тілінен  енген  сөз.  Оның  бастапқы 

ұғымы  «зерттеу»  деген  мағынаны  береді,  кейін  алғашқы  мағынасы  кеңейіп, 

«белгілі бір пəнді оқытудың əдісі» дегенді білдіреді. 

Дидактикада  оқыту  əдістерін  топтауда  бірізділік  жоқ,  яғни  осы  саланы 

зерттеп жүрген ғалымдарымыз оқыту əдістерін əр түрлі топтастырады. Атап 

айтар  болсақ,  И.А.Каиров,  Н.К.Гончарев,  Б.П.Есипова,  Л.В.Занковтардың 

авторлығымен  жарияланған  «Педагогика»  оқулығында  оқыту  əдісінің  9  түрі 

айтылған: 

1. 

Мұғалімнің баяндауы мен лекциясы. 2.Мұғалімнің оқушылармен 



əңгімесі.  3.  Мұғалімнің  тəжірибелермен  оқытылатын  затты  көрсетуі.  4. 

Картиналармен,  сызықпен  жасалынған  көрнекті  құралдарды  көрсету.  5. 

Экскурсия. 6. Оқулықтан жəне басқа да кітаптардан оқушылардың өздігінен 

білім  алуы.  7.  Оқушылардың  өздігінен  бақылауы,  тапсырманы  орындауы, 

лабораторияда  істейтін  жұмысы.  8.  Жаттығулар.  9.  Оқушылардың  білімін 

тексеру методы: ауызша, жазбаша, практикада сынау. 

Профессор Е.Я.Галант оқыту əдісінің 8 түрін ұсынады: 

1.  Ауызша  мазмұндау.  2.  Əңгіме.  3.  Кітапты  пайдалану.  4.  Көрсету.  5. 

Экскурсия.  6.  Лаборатория  жұмыстары.  7.  Жазу-сызу  жұмыстары.  8. 

Практикалық жұмыс. 

П.А.Зайченко  он  түрін  көрсетеді,  И.Я.Ларнер  мен  М.Н.Скаткин  оқыту 

əдісінің бес түрін көрсетеді: 

1. Түсіндіру – сипаттау əдісі, əңгіме, лекция, көрсету, оқулықпан жұмыс 

істеу, жазба жаттығулар. 

2. Қайталау – жаттығу, əңгіме, өз сөзімен қайта айту. 

3.  Проблемалық  баяндау  əдісі  –  оқытушының  дəлелді  түрде  баяндауы, 

экскурсия. 

4. Ізденіс түрлері – эвристикалық əңгіме, байқау, жоспар жасау. 



5.  Зерттеушілік  –  тəжірибе,  байқау,  сыныппен  жұмыс,  құжаттармен 

жұмыс, сурет салу. 

Қазақ  тілін  зерттеуші  əдіскер  –  ғалымдар  оқыту  əдістерін  төмендегідей 

жіктейді. 

Х.Арғынов  синтаксистен  оқушыларға  білім  беруде  мынадай  оқыту 

əдістерін пайдалануды тиімді деп санайды: 

1)  байқау  əдісі;  2)  түсіндіру  əдісі;  3)  əңгіме  əдісі.  Ал,  Ə.Исабаев  болса, 

қазақ тілінен білім беру əдістерін былайша топтайды. 

А)  Қазақ  тілін  практикалық  жақтан  үйрету  əдістері:  1)  қазақ  тілін 

əдебиет  материалымен  байланыстырып  өту  əдісі;  2)  түсініксіз  сөздерді 

үйрету əдісі; 3) диалогтық жəне монологтық сөйлеуді үйрету əдісі; 4) ауызша 

түсіндіру əдісі; 5) ауызша мазмұндау əдісі; 6) мəнерлеп оқу əдісі. 

Ə)  Қазақ  тілін  теориялық  жақтан  үйрету  əдістері:  1)  əңгіме  əдісі;  2) 

хабарлау  əдісі;  3)  түсіндіру  əдісі;  4)  тəжірибе  əдісі;  5)  кітапты  пайдалану 

əдісі. 

Б)  Қазақ  тілін  теориялық  жəне  практикалық  жақтан  үйрету  əдістері:  1) 



дайын  материалды  талдау  əдістері;  2)  фонетикалық  талдау  əдістері;  3) 

морфологиялық  талдау  əдісі;  4)  синтаксистік  талдау  əдісі;  5)  тілдің 

материалдық түрін өзгерту əдісі; 6) тілдік тапсырмалары бар мазмұндау əдісі; 

7)  сөйлем  құрату  əдісі;  8)  тілдік  тапсырмалар  негізінде  шығарма  жаздыру 

əдісі; 9) орфографиялық талдау əдісі; 10) көшіріп жазу əдісі; 11) диктант жазу 

əдісі. 


З.Бейсембаева  мына  əдістерді  көрсетеді:  1)  табиғи  əдіс;  2)  сұрақ-жауап; 

3) сурет əдісі; 4) сөйлем мен сөзді толықтыру; 5) мəтінмен жұмыс əдісі. 

Профессор Н.Оралбаева, К.Жақсылықова қазақ тілін оқытудың мынадай 

əдістерін  көрсетеді:  баяндау,  түсіндіру,  ойландыру,  жалқылау,  жалпылау, 

əңгімелесу,  еліктеу,  жаттығу,  ана  тілімен  салыстыру,  көрнекілік,  топпен 

жұмыс, экскурсия əдісі. 

Ж.  Сүлейменова  əдістерді  жалпы  дидактикалық  жəне  пəндік  деп  екі 

топқа  бөліп  қарастырады.  Жалпы  дидактикалық  топқа  ауызша  хабарлау 

немесе сөз əдісі (баяндау, түсіндіру, əңгімелеу, пікірталас, дəріс); көрнекілік 

əдісі  (иллюстрация,  демонстрациялау);  бейне  əдіс  (электронды  оқулық); 

практикалық  əдіс  (жаттығу,  тəжірибе  жасау,  экскурсия);  кітаппен  жұмыс 

жасау əдісін жатқызады. 

Жеке  пəндік  топқа  ана  тіліне  сүйену  немесе  салыстыру  (еліктеу, 

аударма, 

грамматикалық 

талдау, 


коммунакативті 

– 

ситуативтік, 



драматизациялау);  лингвистикалық  сөздіктермен  жұмыс  істеу  (сан  əдіс); 

апроксимация, грамматикалық ойын əдісін жатқызған. 

Əдіскер-ғалым  К.  Назарғалиева  оқыту  процесіндегі  негізгі  мақсат  – 

таным  –  білімді  меңгеру  жəне  меңгерту,  оқытушы  мен  оқушының 

əрекеттерінен тұрады, оқыту əдістерін екі топқа бөліп топтастырады. 

Оқыту  əдістері:  ауызша  баяндау,  информациялық  хабарлау,  түсіндіріп 

оқыту, əңгімелеу, демонстрациялау, экскурсия, тексеру, жүйелеу, бағалау. 


Оқу  əдістері:  əңгімелеу,  оқулықпен,  кітаппен,  қосымша  материалмен 

жұмыс,  жоспарлау,  тапсырманы  орындау,  бақылау,  зерттеу,  қайталау, 

графикалық жұмыс, жаттығу, оқыған материалын баяндау. 

Қазіргі  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  тілді  қатысымдық  бағытта 

үйрету,  яғни  қазақ  тілінің  əлеуметтік  рөлін,  аясын  кеңейтуді  жүзеге  асыру 

қажеттігі  маңызды  болып  есептеледі.  Қатысым  əдісінің  ерекшеліктері  мен 

тілді  меңгертудегі  мəні  мен  алатын  орнын  ажыратып,  айқындау  –  қазіргі 

көкейкесті мəселе. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:3], [1.7:5] 

Қосымша əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:4] 

 

3-дəріс 

Тақырыбы: Қазіргі сабақ жəне оның түрлері 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.  Қазіргі сабақтың түрлері. 

2.  Сабақ типтері мен түрлерінің жіктелуі. 

Қазіргі    сабақ  туралы    көптеген    монографиялық    еңбектер    жекелеген  

ғылыми    жəне    практикалық    сипаттағы    мақалалар    жарық    көрді.  Атап 

айтқанда,  Ю.Б.Зотовтың    «Қазіргі  сабақты    ұйымдастыру»  1984, 

М.Махмутовтың  «Қазіргі  сабақ»  1985,  И.Д.Зверевтің  «Қазіргі  сабақ 

ізденістер,  проблемалар    шешімдер».  «Сабақ  ол    қандай  болуы  керек?» 

мақалаларын айтуымызға  болады. 

Огородников.И.Т,  Сарокин.Ю.К,  Р.Т  Лембер    мынадай  оқыту  жүйесін 

ұсынады: 

1) Ауызша: əңгіме, əңгіме кеңес, лекция, кітаппен жұмыс. 

2) Көрнекілік: суретпен сипаттау, демонстрация. 

3) Практикалық-лабороториялық жұмыстар, практикалық жұмыстар. 

Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмудов төмендегіше  берген. Жаңа оқу 

материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке  лекция, баяндау, əңгіме түрінде 

өтетін  сабақтар,  кино,  диофильм,  көрсету.  Теориялық  мəліметтерді 

оқушылардың  ізденісі,  еңбектенуі  негізінде  өткізілетін  сабақ  түрлері 

жатқызылады.  Ə)  Білім  мен  іскерлікті,  дағдыны  жетілдіру  сабағы.  Бұған 

ауызша-  жазбаша  жаттығу,  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуі, 

лабораториялық  жұмыс,  экскурсия    сабағы  жатады.  Б)  Білімді    жүйелеу, 

жинақтау  сабағы.  Бұл  сабақтар  өткен  материалды  іштей    байланыстыру, 



қайталау,  жүйелеу,  қорытындылау  мақсатымен  жүргізілетін  əңгіме,  семинар 

сабағы  түрінде  өткізіледі. 

Аралас  сабақ.  Сабақтың  бұл  түрі  жоғарыда  айтылған  сабақтың  бар 

түрімен  тығыз  байланыста  өткізіледі.  Білім,  іскерлік  пен  дағдыны  бағалау, 

бақылау сабағы. Бұл сабақтар көп жағдайда сұрақ-жауап тəсіліне негізделеді. 

Қойылатын  сұрақ  бір  ғана    оқушыға  не  барлық  оқушыға  арналады.  Əрбір 

практикалық 

жұмыстар 

бағамен 

не 


сынақпен 

қорытындыланады. 

М.Махмутов  сабақтың  əдістемелік  құрылысы  тұрақты  емес,  сабақтың  

мақсатына  жету  үшін  қолданылатын  əдіс-тəсілдер  əрқашанда  ауыспалы 

сипатта  болады,  деп  айта  келіп,  сабақтың    дидактикалық    құрылымы  оның 

түрлері  мен  типтері  үнемі  ортақ  болады  деп  көрсетеді.  Б.Т.Панов  сабақ 

типтерін  төрт  топқа  бөледі.  Бірінші  топқа  оқу  материалдарын  меңгерту 

барысындағы  психологиялық,  педагогикалық кезеңдерге сай өтілетін сабақ 

түрлерін, жаңа материалды өту сабағын, білімді, іскерлік пен дағдыны бекіту 

сабағын,  қайталау,  өтілген  материалдарды  жүйелеу  сабағын,  аралас  сабақ 

түрлерін;  

Екінші топқа оқытудың негізгі əдістеріне сай белгіленетін  лекция сабақ, 

семинар сабақ, практикум сабақтарын; 

Үшінші топқа тіл дамыту, мазмұндама мен шығарма  жаздыруға үйрету 

сабақтарын; 

Төртінші  топқа  көмекшілік  сипаттағы  сабақтардың,  оқушылардың 

жазбаша жұмыстарын талдау, бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.  

Ə.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегідей  жіктейді. Олар: 

жаңа сабақ, біріккен сабақ жəне лекция сабақ. 

2)  Практикалық  дағдыны  қалыптастыру  сабақтары.  Бұларға    мына 

сабақтар  жатады:  бекіту  сабақтары,  семинар  сабақтары,  баспасөз-пресс 

конференция  сабақ,  практикум  сабақ,  тексеру  сабағы,  сынақ  сабақ, 

коллоквиум сабақ, талдау сабағы, қайталау сабағы. 

Қазіргі  сабақ  түрлеріне  қазақ  əдеби  тілі  стилінің  атқарар  қызметі  зор. 

Сөйлеу стилі. Көркем əдебиет стилі. Ресми іс- қағаздар стилі. Баспасөз стилі. 

Ғылыми  стиль.  Тыныс  белгілердің    стильдің  барлық  түрлерінде  атқаратын 

ролі.  

Қазақ  тілінен  берілетін  білім  мазмұнын  толықтырып  отыруда  басқа 



пəндер арасында тығыз байланыстар болуын қарастырады. Қазақ тілі сабағын 

əдебиет,  тарих,  география,  биология,  математика,  информатика  ғылымы 

материалымен  де  байланыста,  ауызша-жазбаша  тіл  дамыту  жұмыстарында 

грамматикалық ережелерді талдауға мүмкіндік туады.  

Қазіргі  сабақ  түрлерінде  талап  оқу  мазмұнын  байытып,  оқыту  бағытын 

интеграциялау  арқылы  экономикалық,  қоғамдық,  саяси,  əлеуметтік,  мəдени 

өмірдің  əр  түрлі  салаларынан  мəлімет  бере  отырып  оқыту  арқылы 

оқушыларды  болашақ  қоғамға,  өмірге    дайындау  қажет  болып  отыр.  Бұған 

жаңа  білім  мазмұнының    тұжырымдамасы,  стандарты,  қазақ  тілінің 

бағдарламасы,  оқу  жоспары,  оқулығы  жəне  оқу  құралымен  мұғалім  жете 

түсініп меңгергенде ойдағыдай  нəтижеге жетеді. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 


дəрістің өз мақсатына жетуі 

негізгі тұжырымдар 



мəселенің теориялық маңызы 

мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:3], [1.7:4], [1.7:7] 

Қосымша əдебиеттер: [1.7:1], [1.7:3], [1.7:22] 

 

4-дəріс 

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологиялар 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет