Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г.
үйленуі тойы болмайды. Батырдын тойы ұдайы сапарда жүргендіктен сапар кезінде және де ол дәстүрлі жеті күн
болады. Бір қызығы той дайындығы кеңірек суреттеліп тойға қанша сарбаздың
қатысқаны және тойға қай
малдардың қаншадан сойылғаны толық аталады. Жырда жүз елу жылқы сойылғаны да айтылады. Жырда жылқы
сойылғандығының айтылып өтілуі өте қызық. Өйткені қазіргі таңда Түркияда жылқы союға қатты тиым
салынған және көпшілік аталарымыздын жылқы етін жегеніне сенінкіремейді[14, 151-156]. Батырдың досы
Артухидің тойында да жылқы сойылады[14, 86-87].
Міне қорыта келе «тұтастай алғанда,қаһармандық эпостағы той көрінісі әлеуметтік ортадан, елдің бейбіт
тіршілігінен тыңдаушыға мағлұмат беретін жыр экспозициясы мен аяқталуының негізгі типтік белгісі. Мекен
мен мезгіл тұтастығы /бір жерден, бір дәуірден бастап, сонымен аяқтау/сиякты құбылыс мұнда да бар. Анығырақ
айтсақ, той соның бір бөлшегі. Тоймен басталған оқиғанын тоймен аяқталуы- эпос үшін типтік жағдай.
Халықтың аңсары ауған қоғамы батыр келгенде қайта орнайды. Той сол коғамның басты белгісіне айналады.
Сюжет идеалды жағдайдың қалпына келуімен тамамдалады» [1-205]. Бұл ерекшелік біз қарастыратын жоғарыда
аталған жырларда да толығымен сақталады. Жырларда жырдың басында батырлардың туу құрметіне, кейін ілкі
ерлігіне байланысты және алғашқы қалыңдығымен үйленгенде
той жасалса, жырдың аяғында жау елінде ұзақ
уақыт тұтқын болуына т.б. әр түрлі себеппен елінен алыста жүріп, ақыры жұртына аман оралған батырға елі
тағы да той жасайды. Біз қарастыратын жырларда осы тойлар үш түрлі себеппен жасалады;
Достарыңызбен бөлісу: