«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


  Шәкір Ыбыраев.Эпос әлемі. -Алматы, 1993



Pdf көрінісі
бет125/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   137
1 
Шәкір Ыбыраев.Эпос әлемі. -Алматы, 1993 
1 А
,
Мырзатай Жолдасбеков.Асыл Арналар.-Алматы, 1990 
3. 
Манас - Бишкек, 1995 
4. 
Бабалар сөзі. 45 том. -Астана , 2007 
5. 
Қорқыт Ата Кітабы, -Алматы, 1986 
0. 
Ozkul Cabanoglu, Turk DiXnyasi Epik Destan Gelenenegi, -Ankara, 2003 
7
.
Бабалар сөзі, 47 том,-Астана, 2008 
8. 
Metin Ekici.Dede Korkut Hikayeleri Tesiri He Te^ekkul Eden Halk Hikayeleri, -Ankara, 
1995 
9. 
Muharrem Ergin. Dede Korkut kilabi .-Istanbul, 1995 
10. 
Төрт Батыр.-Алматы, 1990 
п. 
Жаныш-Байыш.-Бишкек, 2002 
12. 
Шырдакбек.Эр Табылды.-Бишкек, 2002 
13. 
Necati Demir.Mehmet Dursun Erdem.Battal Gazi Destani. -Ankara, 2006 
14. 
Necati Demir. Dani$mend-Name. Harvard Universitesi Yaymlar, 2002 


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
elements. By this work author shows different views on weddings in Turkic epics. Typologicaly comparing the Turkic 
epic works, author expresses his vision to the problem.
А.П.ЧЕХОВТЫҢ «ҚҰНДАҚТАУЛЫ АДАМ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ БЕЛИКОВТЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ СИПАТТАРЫН ТАЛДАУ 
Г.Ә. Шаңбаева - 
доцент, Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық институты 
Әлем әдебиетінде қысқа да нұсқа әңгіме жанрымен белгілі орыстың 19 ғасырда өмір 
сүрген көрнекті сыншыл реализм жазушысы Антон Павлович Чеховтың өмірі мен 
шығармашылығы Қытайдың жоғарғы оқу орындарының филология мамандығында оқитын 
студентерге және басқада әдеби ортада етене таныс. Мен өзім әдебиетші педагог ретінде 
студентерге А.П.Чеховтың әр кезеңде жазылған «Дон бойындағы жер иесінің хаты», «Жуан 
мен жіңішке», «Хамелеон», «Сахалин аралы», «Шағала», «Апалы-сіңлілі үшеу»сияқты т.б. 
шығармалары арқылы А.П.Чеховтың өмірі мен шығармашыдығын таныстырып жасаған 
Патшалық Ресей дәуірінің қоғамдық-саяси жағдайын талдап-сараптап көрсетіп отырамын. 
Жалпы Қытай елінде А.П.Чехов демократиялық, адамгершілік бағытты ұстанған 
сыншыл реалис жазушысы ретінде танылды. Оның бұл сипатын жазушының өз сөзімен 
айтқанда '‘Мен заманымыздың шолжаңдаған еркін адамдарына мүлде ұқсамаймын, 
құндақтаулы адамдарынан да емеспін, мен тек өнерді пip тұтатын жазушы ғана болсам деп 
армандаймын”- деген басты ұстанымымен өлшеуге болатын-ды. Жазушының осы өмірлік 
ұстанымы мен бұлжымас мұраты оны қазақы даналықпен айтқанда, атаның ұлы деңгейінен 
әлемдік дәрежедегі адамның ұлы мәртебесіне көтерген жоқ па? 
А.П.Чеховтың өмірден өткеніне бір ғасырдан артық уақыт болсада, оның адамзаттың 
әдеби арасына қосқан үлесі сарқылар емес, айта уақыт өткен сайын жаңа бір қырынан көрініп, 
әр халықтың рухани қазынасына кәусар бұлақтай құйылып, өзінің өшпес рухын паш етіп 
келеді. 
А.П.Чеховтың тұтас шығармашылыққа толы сәулелі ғұмырын біздің елдегі әдебиет 
танушылар кезеңге бөліп қарастырады, А.П.Чехов шығармашылығының алғашқы кезеңі, бұл 
1880 жылдан 1890жылдар арасы, соңғы немесе жасампаздық кезеңі, бұл 1890 жылдан өмірінің 
аяғына дейінгі уақыт арасы. Осы соңғы кезең жазушының сарытабан шығармашылығының 
алтын дәуірі болып саналады. Бұл кезде ОИЫН жан сарайы терең тебіреністерге толы 
теңіздің ақбұйра толқынындай меруерт көбік шашып, Ресей кшамыньщ күрмеуі күрделі, 
қатпары қалың қоғамдық-әлеуметтік ортасын өткір әзіл және әсерлі суреттеулерімен оқырман 
назарына ұсына білді. Әлем жұртшылығына жақсы таныс «Сахалин аралы» *і.іне 
«Құндақтаулы адам» сияқты өшпес туындылары осы дәуірдің жемістері еді. Біз осы шағын 
мақаламызда «Құндақтаулы адам» әңгімесіне және сондағы бас кейіпкер Беликовтың образын 
талдау арқылы сол уақыттағы қоғамдық-саяси жүйенің сипаттарын өзімізше пайымдап, баға 
беруді мақсүт түпык. 
«Құндақтаулы адам» - оқырманды терең ойға жетелейтін, күрделі тақырыпқа құрылған 
әңгіме. Әңгімеде қоғамның керітартпа, мешеу салт-тәртібін көзінің қарашығындай қорғайтын, 
ал жаңаша көзқарасқа, жаңа идеялар мен өркениетке тыс-тырнағымен қарсы Беликовтың өмір 
көшірмесі, тағдыры мен қалауы әңгіме желісіне арқау болады. Бас кейіпкер Беликов 
шығармада белгілі бір мектепте грек тілінен сабақ беретін оқытушы болып суреттеледі. 
Алайда оның мінез-құлқы мен таным-түсінігі елден ерек, ғажап. Ол бейне бір қымталған 
қысқыш бақа немесе ұлу тәрізді, үнемі қораптың ішінде жүруді жаны сүйеді. Тіпті, жайдары 
жаз күндерінде де аяғына колеш, үстіне пальто киіп қолына күндік ұстап жүреді, қол сағаты 
мен пышағын дорбаға салып алып жанынан тастамайды, мүмкіндігінше бар жерін қымтап, 
тұмшалап жүруді ұнатады, пауескіде отырса есік-терезесін мықтап жауып, пердесін түсіріп 
отырады, жатарда да төсегін шымылдықпен тұмшалап басын бүркеп мазасы кетеді, әлденеден 
қорқып, әлденеден қауіптенеді. Қысқасы күнделікті өмірден барынша оқшауланыпң, болып 
жатқан қоғамдық өзгерістерден үрейленіп, өзін жасырын ұстауға жанын салады. Біз 
шығармаға басқа емес, адами тұрғыдан қарасақ, бастысы Беликов та қатардағы жай адамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет