«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар»



Pdf көрінісі
бет18/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   137
дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» (С.Ақатаев. Абайдың әлеуметтік 
позициясы)./5/ 
Енді адамның жеке игілігіне бағытталған еңбек әрекетімен байланысты 
провербиальды мағыналарға мән берейік. 
Іс-әрекеттің бұл түрі «дене және ой күштерінің шығынын талап ететін адамның 
мақсатты жасампаз әрекеті» ретінде сипатталады. Салыстырайық: Қарманған қарап қалмас. 
Келген дәулет, кеткен бейнет. Бұл мақалдарда еңбек атауы әрекет түрі мәніндегі 
акциативтің семантикалық рөлін көрсетеді. Еңбек жағымды демалыстың шарты болып 
табылады: Еңбек ет те мақтан, Ойнап күл де, шаттан, мұнда әрекеттің бір түрінің 
екіншісінің шарты болуы. 
Нәтижеге бағытталуы бұл әрекет түрінің сипатын анықтаушы болып табылады. 
Еңбектің нәтижелілігі жоғары бағаланады: Еңбек ет те міндет ет. Мақалдарда ынталы 
әрекеттің нәтижеге қатыстылығы баса айтылады: Еңбегі аздың, өнбегі аз. Бейнетсіз рахат 
жоқ. Еңбексіз өмір, сөнген көмір. Еңбекшіге әр күн сәт, еңбексізге бір күн сәт. Мұнда 
«Еңбексіз»-дің синтаксемасы кондитив мәнін береді. 
Жоғарыда аталғандар концептуальды мазмұн бейнелі кешенмен жасалған 
провербиальды мағынаның көмегімен жүзеге асады. 
Шаруалардың еңбек әрекеттері тіршілік көзі - азық пен киім өнімдерімен қамтамасыз 
етуге бағытталған болып табылады. Енбек азықты алудың шарты болып табылады. Еңбек 
етсең, емерсің. Кім еңбек етсе - сол тоқ - мақалдарында шартты-салдарлы қатынас 
жасалған, мұнда бірінші предикат кәсіби- еңбек әрекет предикаты, ал екінші - өз иелігіне алу 
және мақсатқа жету сияқты біртұтас предикат болып табылады. 
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар мақалында физиологиялық қимыл мен енбек 
әрекеті процестерінің салыстырылуы кәсіптік-еңбек әрекеті предикаттарымен және 
кимылдың жүзеге асырылуы физиологиялық қимылдың біртұтас предикатының көмегімен 
жасалған. 
Еңбек туралы мақалдарда еңбек әрекеті үшін сыйақы жоғары бағаланады: Еңбектің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет