«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет21/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137
көк+құтан т.б. сияқты номинативтік бірліктердің лексикаттық мағынасы кұрамындағы 
сыңарлардың мағынасымен ұштасып жатыр» деп көрсетеді [1, 156 б.]. Ғалымның осы 
қағидасын негізге ала отырып, медициналық аталымдардағы номинативтік бірліктерді 
қарастырып көрелік. 
Мединица аталымдарындағы номинативтік бірліктердің ең бірінші айырмашылығы - 
аталымдардың лексикамен, жалпы әдеби тілмен тығыз қарым-қатынаста болуы және әр түрлі 
жолдармен осы салаға өтуі. Осы саланы талдау барысында үш түрге бөлуге болады. 
Біріншіден, терминдер мағынасының кеңеюі, калька әдісі арқылы беріледі. Калька әдісі 
арқылы жасалуында термин тек бір салада шектеліп қалмай, қолданыс аймағы кеңейе түседі. 
Жалпы негізгі мағынасы сақталып қалады да, осы мағынада басқа да білім салаларында 


Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
немесе жалпы әдеби тілде қолданылады. Медициналық аталымдардың қазақ тіліндегі ортақ 
ерекшеліктері мен белгілеріне талдау жасап көрейік. Мысалы: Дененің басы болғаны жақсы, 
Тонның жағалы болғаны жақсы (“Алтын шежіре”. “Моңғолдың құпия шежіресі”), Ізгі ердің 
сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді (М.Қашқари). Құрғақ қасық ауыз жыртады, Құрғақ сөз 
құлақты құртады (М.Қашқари). Ақыл көркі - тіл, Тілдің көркі - сөз. Адам көркі - жүз, 
Жүздің көркі - көз (Ю.Баласағұни). Жомарт қол куатты қолдан жақсы (С.Сарайи) деген 
сөздерде анатомиялық терминдер дененің басы, сүйек, ауыз, тіл, көз, қол қолданылып, 
лингвистикалық дененің басы, сүйегі шіру, ауыз жырту, құлақты құрту, адам көркі 
секілді фразалық тіркестер ретінде қолданылып тұр. 
Номинативтік бірліктердің екінші түрі - бастапқы мағынаны сақтап, терминнің басқа 
түрге ауысуы. Бұл жерде көптеген медициналық аталымдарды атап өтуге болады. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде анатомиялық бас сөзінің бірнеше түрі берілген. I. Адам мен 
жан-жануарлардың дене мүшесі, кісі, адам, жан, малдың саны, тұяқ, өсімдіктердің ұшы, 
таудың шыңы, төбесі, өзеннің, бұлақтың басталған жері, таяқтың, сойылдың бір жақ шеті, 
ұшы, аяқ киімнің қоныштан төмен жағы, құрал-саймандардың жүзі бар жағы, бір оқиғаның 
басталған мерзімі, мамандық атауына тіркесіп лауазымды білдіреді. Мысалы: бас әріп, бас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет