дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» (С.Ақатаев. Абайдың әлеуметтік
позициясы)./5/
Енді адамның жеке игілігіне бағытталған еңбек әрекетімен байланысты
провербиальды мағыналарға мән берейік.
Іс-әрекеттің бұл түрі «дене және ой күштерінің шығынын талап ететін адамның
мақсатты жасампаз әрекеті» ретінде сипатталады. Салыстырайық: Қарманған қарап қалмас. Келген дәулет, кеткен бейнет. Бұл мақалдарда еңбек атауы әрекет түрі мәніндегі
акциативтің семантикалық рөлін көрсетеді. Еңбек жағымды демалыстың шарты болып
табылады: Еңбек ет те мақтан, Ойнап күл де, шаттан, мұнда әрекеттің бір түрінің
екіншісінің шарты болуы.
Нәтижеге бағытталуы бұл әрекет түрінің сипатын анықтаушы болып табылады.
Еңбектің нәтижелілігі жоғары бағаланады: Еңбек ет те міндет ет.Мақалдарда ынталы
әрекеттің нәтижеге қатыстылығы баса айтылады: Еңбегі аздың, өнбегі аз. Бейнетсіз рахат жоқ. Еңбексіз өмір, сөнген көмір. Еңбекшіге әр күн сәт, еңбексізге бір күн сәт.Мұнда
«Еңбексіз»-дің синтаксемасы кондитив мәнін береді.
Жоғарыда аталғандар концептуальды мазмұн бейнелі кешенмен жасалған
провербиальды мағынаның көмегімен жүзеге асады.
Шаруалардың еңбек әрекеттері тіршілік көзі - азық пен киім өнімдерімен қамтамасыз
етуге бағытталған болып табылады. Енбек азықты алудың шарты болып табылады. Еңбек етсең, емерсің. Кім еңбек етсе - сол тоқ - мақалдарында шартты-салдарлы қатынас
жасалған, мұнда бірінші предикат кәсіби- еңбек әрекет предикаты, ал екінші - өз иелігіне алу
және мақсатқа жету сияқты біртұтас предикат болып табылады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар мақалында физиологиялық қимыл мен енбек
әрекеті процестерінің салыстырылуы кәсіптік-еңбек әрекеті предикаттарымен және
кимылдың жүзеге асырылуы физиологиялық қимылдың біртұтас предикатының көмегімен
жасалған.
Еңбек туралы мақалдарда еңбек әрекеті үшін сыйақы жоғары бағаланады: Еңбектің