«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет61/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

көрген жоқ («Қарабұғаз» газеті) деген сөйлемде шара қолдану мағынасындағы шара көру 
күрделі тіркесінің көру сыңары басқа сөзбен байланыста көрген түрінде өзгерген. Жел 
құрттай сабу болса, аушылар бір-біріне тез қосылар еді (Гур.) дегендегі сабу болу күрделі 
тіркесінің болу сыңары сөйлем ішінде шартты райлық тұлғада (болса) қолданылып тұр. 
Говорларда КС қатарына жататын тіркесті күрделі сөздер де аз емес. Теориялық 
тұрғыдан тіркесті КС лексикалық құрамының тұрақтылығы, семантикалық тұтастығы, 
сөйлемде атқаратын кызметі сияқты негізгі белгілері жағынан КС-дің басқа түрлерінен 
айырмасы шамалы. «Біріккен, қос сөздер сияқты тіркесті күрделі сөздер де екі не одан да 
көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лексикалық мағына береді, сөйлемге дайын 
лексема қызметінде кіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады, 
бір ырғақпен арасы бөлінбей айтылады. Тіркесті күрделі сөздердің де құрамы тұрақты, 
сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. Біріккен, қос сөздерден бұл мәселелерде 
тіркесті күрделі сөздің ешбір айырмасы жоқ» [2: 259]. 
Дегенмен, тіркесті КС-дің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіркесті КС-дің біріккен, қос 
сөздерден бірінші айырмашылығы сыңарлары бөлек-бөлек жазылатындығында. Бірақ «түркі 
тілдерінде емле шартты белгі танылып, оның сөзді ажыратуда түркі тілдерінде қызмет 
атқара алмайтынын тәжірибенің өзі-ақ дәлелдейді [2: 259]. Қазақ тілінде біріккен және 
тіркесті күрделі сөздердің жазылу емлесі әлі тұрақтамай келеді. Сол себепті бір күрделі 
сөздің өзі сөздіктерде түрліше беріліп жүргені белгілі. Бұл жайт біріккен және тіркесті 
күрделі сөздерді ажыратуда қиындық тудырады. Мысалы: ақбалшық (үй ақтайтын әк), 
ақбайпақ (сиыр малының індеті), бадамшай (бадам өсімдігінен жасалған шай), бойдақшай 
(сүтсіз шай), бойтемір (диірмен кұралы), бойжүгері (жүгерінің бір түрі), қараөлең (шөп 
түрі)сөздері 2005 ж. орфографиялық сөздікте бірге жазылған, бойдақшай, бойтемір сөздері 
2007 ж. сөздікте мүлде берілмеген. Қалай жазылатыны белгісіз. Осы айтылған сөздердің бәрі 
де 2005 ж. «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде» бөлек жазылған. Күрделі сөздердің жазылу 
емлесінде мұндай ала-құлалықтар аз емес. Дегенмен, 2007 ж. өңделген соңғы 
орфографиялық сөздікте біріккен және тіркесті күрделі сөздердің жазылу емлесін жетілдіру 
мақсаты көзделген. Біз өз жұмысымызда КС-дің түрлерін ажыратуда осында берілген емлеге 
сүйенеміз. 
КС жасалуында олардың сыңарларының атқаратын қызметінде айырмашылық бар. 
«Қазақ грамматикасында» тіркесті КС-дін әртүрлі тобында бірінші, екінші сыңардың 
атқаратын қызметі әрқилы болып келетіні көрсетілген. Мысалы, алып кел, беріп кел, көріп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет