ақкөкірек «ақкөңіл» ақдаңғыл«шешен», ақжайма«нәзік, ұяң», ақиық болу «жария болу»
ақбайтал«аузы жеңіл, өсекшіл», аққаптал«білімпаз», ақкөз«надан, есер» т.б.;
Жан-жануарлар атаулары: ақкеп«ақ көгершін», ақкіс«кеміргіш, ақ тышқан», ақсона «сона», ақторта, аққұлақ, ақкөз, ақмарқа, ақтабан, ақсыла «балық аттары», ақбалдақ, ақбура, ақиық, ақбас«түйе атаулары», г.б.;
Өсімдік атаулары: ақжирен, ақжусан, ақсырғақ, ақжүрек, аққына, ақжалау, ақмия, ақтікен, ақолең, ақтаспа, ақшеңгел, ақшиіт, ақотау, ақбоз (шөп), ақсарымсақ, ақмәнжін «шалғам», ақгүлқайыр, т.б.; Дәнді дақылдар атаулары: ақтон, ақайдар, ақастық (бидай, сұлы т.б.), ақжаздық (ақбидай), ақсақал (семіп қалған бидай), аққұла (кеусен), т.б.; қауын атаулары: ақнәует, ақнабат, ақбілек, ақдәрметін, ақұрық, аққытайыт.б.
Говорларда осы сияқты тура не ауыс мағынасында қара, қызыл, көк, айыр, жайдақ т.б. сын есімдердің, жер, су, жел, үй, mac, түйе, сиыр, қой, құлақ, көз, ауыз, қазан, көңіл, жүрек, ас т.б. зат есімдердің, бір, екі, үш, бес т.б. сан есімдердің тірек болуымен әртурлі
мағынада туған күрделі сөздер аз емес. Өнімді болмағанмен, тірек сыңар қызметін атқаратын
басқа да сөздер кездеседі. Олардың ішінде түбір сөздермен бірге туынды түбірлер де бар.
Мысалы: жатақсөзінің тірек болуы арқылы жатақ бөрік (Өзб.) «жатарда киетін
бөрік», жатақ қайық (Маңғ.) «адам жататын орны бар қайық», жетім сөзінен: жетім бидай (Қост.) «жабайы өскен бидай». жетім жақ (Арал) «балықты қақ бөлгендегі сол
жағы», жетім қазан (Түрікм.) «ескі қазан», жетім сағанақ (Қарақ.) «керегінің бір бөлігі»,