«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


жетім сиыр (Тау Қош.) «жалмауық сиыр», жетім ұлтан



Pdf көрінісі
бет64/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

жетім сиыр (Тау Қош.) «жалмауық сиыр», жетім ұлтан (Түрікм.) «ұлтаны тозған 
аяқкиімге екінші рет қағылатын шолақ ұлтан» сияқты КС туған. 
Біріккен және тіркесті күрделі сөздердің екінші сыңарларынан күрделі сөз 
жасалмайтыны белгілі. Екінші сыңар бірінші сыңармен бірігіп не тіркесіп КС-ді жасайды да, 
КС-дің қандай мағына білдіретінін, қай сөз табына жататынын білдіреді. Екінші сыңар 
ауыспалы дегенді тұрақты бірінші сыңарға бірігетін не тіркесетін сөздердің әртүрлі сипатта 
болатыны, өзгеріп тұратыны тұрғысында түсіну керек. Мысалы, жетім сөзінің тірек 
болуымен туған жетім қаған, жетім сағанақ, жетім ұлтан т.б. сөздерде қандайда бір 
олқылық, жетімсіздік ұғымы сезіледі, ал қазан, сағанақ, ұлтан сияқты екінші сыңарлар сол 
ұғымды нақтылап, оның нақты заттық көрінісін білдіріп тұр. 
Сыңарлары толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы біріккен я тіркесті КС-дің 
бірінші сыңарлары меңгерілген толықтауыш я пысықтауыш болады да, екінші сыңарлары 
негізінен баяндауыш, пысықтауыш ыңғайындағы сөздер болып келеді. Мысалы: айлыққа 
жүру, айтарға жоқ, алақанға тұру, айғабағар, алағаудан болу, ала көбеде, айтқанында 
отыр т.б. 
КС тек анықтауыштық, толықтауыштық я пысықтауыштық катынастағы 
сыңарлардың бірігуі я тіркесуі арқылы жасалмайды. КС-дің жасалуында сөз тіркесінің 
лексикалануыңың өзіндік орны бар. Мысалы, әдеби теміржол, қосаяқ, қолғап, ақсақал, 
шаңбасар, бесатар, ышқыр, былтыр, бүгін т.б. [3: 99], говорлардағы шоқайағаш (тісағаш), 
шолақ жең (камзол), шалғыорақ (шалғы), шалықора (қамыс қора), сарыоба (адырлы жер), 
сарымелле (шикіл сары - қарақалпақ тілінде мелле - сары), мәкібас (шортанның бір түрі - 
қарақалпақта мәкі - қайғы кебіс) мәнінде жай сөз тіркестерінен лексикаланып туған КС-ге 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет