Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С


Дэвид Герберт Лоуренс (1885-1930)



бет83/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   155
Дэвид Герберт Лоуренс (1885-1930) – жазушы, ақын, новеллист – ХХ ғ. ағылшын әде­бие­тінің ірі тұлғасы. Лоуренс Ноттингем маңындағы таукеншілер ауылы Иствудта шахтер отбасында дүниеге келген.
Лоуренске үлкен жетістік әкеліп, оның даңқын асқақтатқан «Ұлдары мен ашыналары» атты романы 1913 ж. басылып шығады. Кейін «Кемпірқосақ» (1915), «Ғашық әйелдер» (1920), «Жоғалған қыз» (1920), «Арона сырнайы» (1922), «Кенгуру» (1923), «Чаттерли ха­ным­­ның ашынасы» (1928) атты шығармалары пайда болады. Романдармен қатар оның әңгімелері мен повестері («Хризантемалар иісі», «Прусс офицері», «Англиям, менің Англиям»), өлеңдер жинағы («Махаббат жырлары», «Жаңа өлеңдер», «Құстар, аңдар және гүлдер», «Италия кештері») мен очерктері («Италиядағы ымырт»), «Американың класси­калық әдебиеті туралы очерктер» атты кітабы мен «Психоанализ және санадан тыс нәрсе» атты еңбегі жарыққа шыққан.
Лоуренстің соңғы шығармаларының біріне «Чаттерли ханымның ашынасы» атты романы жатады. Автор мұнда «жаңа діннің» қолдаушысы ретінде суреттеледі. Жазушының шығармашылық жолын тәмамдаушы бұл роман оның кейінгі және алдыңғы романдарының синтезі болып табылады. Автордың түпкі ойы бойынша «Чаттерли ханымның ашынасы» атты романы көптен күткен махаббаттың адам сезімдерінің ең ұлысы ретінде әлемде үстем­дік құруы тиіс болатын. Жазушының бұл романының басылы­мына рұқсат берілмеді. Тек 60 жылдары «Пингвин» баспасы Лоуренстің бұл кітабын арзан бағада басқандығынан, оларды порнографиялық кітапты басып шығарды деп айыпталып, сотқа тартылған. Бірақ қазылар алқасы бұл айыпты жоққа шығарып, кейін «Чаттерли ханымның ашынасы» кітабы халық арасында кең тарайды. Енді «Пингвин» баспасынан шығатын Лоуренс кітаптарының сыртында жазушының өзі, яғни алаулаған оттың үстінде қанатын кең жайған феникс құсы бейнеленеді. Аңыз бойынша, феникс күлден қайта пайда болған деседі. Бұл автордың өртеніп, қайта тірілгендігінің белгісі болса керек. Бұл таңба Лоуренс шығармашы­лығының символына айналып үлгерді.
Томас Стернз Элиот (1888 -1965) модернисттік поэзияның шебері ретінде танылған. Ол тек ақын ретінде ғана емес, сонымен қатар драматург, әдеби сыншы, мәдениет тарих­шысы ретінде де танымал. Элиот ХХ ғ. қайғылы қасіретке толы жағдайдың өзінде адам­гер­шілік құндылықтарды уағыздап, соғысты басынан кешірген адамның ішкі сезімін қағаз бетіне түсіріп, «құдайсыз» әлемге аяқ басқан адамның мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін жеткі­зе білген. Элиот шығармашылығында қозғалған өзекті мәселелер ретінде тіршілік қасіреті мен рухани азғындалуды айтсақ болады. Бұлар адамгершілікке қарсы өркениеттің салда­рынан болады. Оның поэзиясындағы негізгі образдар – «құнарсыз жер» мен «жүрексіз» адам.
Элиот АҚШ-та, Сент-Луис қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен бастап қатаң пуритандық тәрбие алып өседі. Гарворд университетінде әдебиетті, тарих пен философияны оқиды. 1914 ж. Еуропаға қоныс аударады. Элиот Лондонда тоқтап, мәңгі Англияда қалады.
Ұлыбритания өмірінде және ағылшын әдебиетінің дамуында ерекше тарихи кезең болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Британия империясы саяси жүйе ретінде өмір сүруін тоқтатады. Үндістан (1947), Бирма және Цейлон (1948) өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізеді. Мысырға билік жүргізу әрекеті де сәтсіз аяқаталып, 1956 жылы Суэц каналынан да айырылады. 1960 жылдың өзінде-ақ он жеті африкалық мемлекет өз тәуелсіздігін алады.
Соғыстан кейін елде көптеген демократиялық өзгерістер орын алады. 50-60 жылдардағы әлеуметтік реформалар лейбористтер мен консерваторлар тарапы­нан да қолдау табады. Елде орын алған жағдайлар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Дэсмонд Стюарттың («Шөпте жатқан қабылан», 1953; «Жарамсыз ағылшын­дық» 1955; «Рөлдердің ауысуы» три­ло­гиясы, 1965-1968), Базил Дейвидсонның («Өзен табалдырығы», 1957); Джмейс Олдриттің («Шөл даланың батырлары», 1954) жаңа романдары дүниеге келеді. Онда отар елдерде орын алған оқиғалар суреттеледі. Шығарамларда шынайы атаулармен қатар Африка мен Шығыс Араб елдерін білдіретін Бахрас, Дельмин, Мидня сияқты ойдан құрастырылған геогра­фия­лық атаулар да кездеседі. Латын Америкасы, Үндіқытай, Африка және Араб елдерінде орын алған отаршылдыққа қарсы күрестер бейнеленеді.
Жазушылар елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы түрлі пікірде болады. Грэм Гриннің романдарында жаңа заманның өзекті мәселелері сөз болса, Уильям Голдинг, Аэрис Мердок, Мюриель Спарктың шығармаларында экзистенциалисттік ойлар келтіріледі.
Соғыстан кейінгі жылдары Джон Пристлидің (1894-1984) «Мейірім­ді жолдастар» (1929) романы және «Қауіпті бетбұрыс» (1932) атты пьесасы үлкен жетістікке ие болады. Пристли­дің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазған («Сенбі күнгі жарық», «Гретлидегі қараңғы­лық») романдары мен радиохабарла­рында ағылшындықтарды фашизмге қарсы күреске ш­ақы­­рады. Пристли өзінің «Ресейге саяхат» (1946) атты еңбегінде Кеңес Үкіметінің фашизмді жеңуге қосқан үлесі туралы айтады.
Пристли соғыс жылдарында өзінің радикалды демократиялық көзқараста­ры­нан бас тартқанымен, оның 60-70 жылдардағы шығармашылығында шынайы реализм принциптері үстемдікке ие бола бастайды.
Джордан Оруэллдің (1803-1950) соғыстан кейін жарық көрген «Мал қора» (1949) атты роман­да­рынан автордың сатиралық шеберлілігі айқын көрінеді
Энтони Берджесс (1917-1993) Оруэллдің дәстүрін жалғастырушы болып табылады. Бұл жазушыларды тоталитаризмді әшкерелеу мен болашақтағы «Жаңа тіл» мәселесі жақындата түседі. Берджесс тек жазушы ретінде ғана емес, сонымен қатар музыкант, сценарист, лин­гвист әрі аудармашы ретінде танымал болған. Оның романдарының модификациялық жанр­лары көп түрлі («Әсерлі отбасы» болашақ жайлы фантастикалық романы, 1962; «Наполеон симфония­сы» атты тарихи романы, 1974; «MF» құрылымдық романы, 1971 және т.б.). Берд­жесс шығармаларында зұлымдық пен жамандық адам мен әлемнің «бөлінбес бөлшегі» ре­тінде қарастырылады.
ХХ ғасырдағы Ұлыбритания әдебиетінің дамуына Ивлин Во (1903-1966), Джон Осборн (1929-1994), Кингсли Эмис (1922 жылы туылған), Джон Уэйн (1925-1994), Джон Брейн (1922-1986), Сид Чаплин (1906-1986) сынды жазушылар өз үлестерін қосады. ХХ ғасырдағы ағылшын әдебиетінің ұлттық дәстүрлерінде эпостық топтамалар пайда болады. Оған мысал ретінде Чарл Сноудың (1905-1980) «Бейтаныс және ағайындылар», Джек Линдсейдің (1900-1990) «Британ жолы», нтони Поуэлдің (1905 жылы туылған) «Заман әуені» атты эпостық топтамаларын келтіруге болады.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ағылшын әдебиетінде постмодернизм ағымы пайда бола бастайды. Бұл ағымның пайда боуы туралы зерттеушілер түрлі көзқараста. Постмодернизм «дәуірдің рухын» көрсететін әдеби бағыт ретінде ХХ ғасырдың соңына қарай Питер Акрой (1949) Джулиан Барис (1946), Дэвид Лодж (1935), Анджела Картер (1940-1992), Антоний Байет, Грэм Свифт, Мартин Эмис сынды жазушылардың шығармаларында көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет