Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-нұсқа 1.Стилистиканың зерттейтін нысаны



бет54/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
5-нұсқа


1.Стилистиканың зерттейтін нысаны:
А. Тіл құрылымдарының элементтерін,олардың байланысы мен қатынасын эстетикалық қызметі тұрғысынан зерттейді;
В. Тіл деңгейлерінің стилистикасын зерттейді;
С. Тілдің мағыналық аспектісін зерттейді;
Д. Тілдің экспрессивті-эмоционалды реңкін зерттейді;
Е. Тіліміздегі барлық тілдік,фонетикалық,лексикалық,грамматикалық құралдардың адамның өз ойын берудегі қолданысының ерекшеліктері және тілдік құралдарды таңдаудың принциптерін,тиімділік жолдарын зерттейді;


2. Стилистиканың міндеті:
А. Стилистикалық норма туралы іліммен таныстыру;
В. Тілдің стилистикалық ресурсын таныту;
С. Тілді дұрыс,тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
Д. Тілдің функциясын зерттеу;
Е. Аталғандардың барлығы;
3. Стилистиканың негізгі зерттеу бағыттары:
А. 2;
В. 5;
С. 3;
Д. 4;
Е. 6;


4. Тіл стилистикасының зерттейтін нысаны:
А. Тілдің синонимиясы ;
В. Тілдік құралдардың түрлі дәрежедегі эмоционалдық,экспрессивтік қасиеттері;
С. Тілдік құралдардың бағалаушылық қасиеттері;
Д. Тілдің әртүрлі қызметінің құрылымдық бейнесі;
Е. Аталғандардың барлығы;


5. Сөйлеу стилистикасының зерттейтін нысаны:
А. Қоғамдық өмірде қалыптасқан сөйлеудің композициялық жүйесі;
В. Тілдің және оның стильдерінің түрлі монологтық,диалогтық сөйлесімдердегі қолданысы;
С. Тіл қызметінің құрылымдық бейнесінің қоғамдық болмыстағы нақты қолданысы;
Д. Тілдің құрылымдық бейнесінің сөйлудегі вариативтік,синонимиялық қолданысы;
Е. Аталғандардың барлығы;


6. Көркем әдебиет стилистикасының зерттейтін нысаны:
А. Әдебиеттің құрылымдық формаларының эстетикалық табиғаты мен күшін,қасиетін зерттеу;
В. Тіл және сөйлеу стильдерінің көркемдік ерекшелігі;
С. Тек қана өлең мәтіндердің көркемдік ұйымдасуы;
Д. Түрлі әдеби мектеп пен ағымдардың,дара стильдің көркем сөз жүйесін зерттеу;
Е. Аталғандардың барлығы;


7. Көркем бейнелеуде тілдік құралдардың берілу жолдарын,орналасуын шығарманы тұтас күйде алып талдайтын немесе автор бейнесі мен кейіпкерлердің жүйесін т.б. көркем ерекшеліктерін зерттейтін стилистика:
А. Фоностилистика;
В. Көркем әдебиет стилистикасы;
С. Лингвостилистика;
Д. Лексикалық стилистика;
Е. Мәтін стилистикасы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет