Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қолданысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жасаңыз



бет62/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
9-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қолданысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жасаңыз.
Мына батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-ау?! Тағы бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құйрығын болыстың қорқау кҿмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын не береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға бармаспын деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің арасында сырқатты сызат түсіп еді. Мынау не жорық, қақпанға қайта түсті-ау, арланым, - деп Ахат іштен тынып бір күрсініп, Рысқұлды жұтып жіберген сайдың түбіндегі үрейлі қараңғылыққа үңіле қарады(Ш.Мұртаза).
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі ҿтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім Ескендірдің қасында(сонда).


10-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден синтаксистік-стильдік категория парцелляция тәсілін тауып, оның қолданылу уәжін анықтаңыз.
1.Мейірхан бұл үйге Мақсұт ҿлген соң көп келген жоқ. Қашқалақтағандай. 2.Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамылып сазарғандай.3.Алыстан қарағанда, Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз. 4.Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай, құдайдан тілек тіледі. Сыйынды, жылады (М.Әуезов). Жүйрігі үзеңгі тістеп, сәл ғана қалыңқы келе жатқан – Ай-Шешек. Үнсіз.
Ораз-Мұхамед бұрылып қарай жаздап, қалт бҿгелді. Жүрегі сыздап қоя берді (М.Мағауин). Сатылмаған не қалды? Сатылып жатыр. Өтпелі кезең өкіндірмесін дейсің. Өкіндіреді. Осы мен кіммін, қай елде, қай мемлекетте, қандай ұлт бейнесінде өмір сүріп жатырмын деген сұраққа жауап іздейсің. Сен де ойлан. Ізден (Ш.Мұртаза).


11-тапсырма.Төмендегі сөйлемдерден сөйлеу стиліне тән элементтерді тауып, стильдік тұрғыдағы қолданылу сипатына талдау жасаңыз.
Үй іші қара күңгірт тартып бұлдырай бастады. Кеш болды білем, жағатын, жарық қылатын шам қайда! Пешке арқасын сүйеп, бүрісіп Қайрақбай жатыр. Қайрақбайдың қолтығына басын тыға Таңсық жатыр.Таңсыққа басын салып Дәмеш жатыр. Жалғыз Шырынкүл байының бас жағында қазықтай боп қақайып, тізерлеп отыр... Ой терең. Ойлап-ойлап кеп күрсінгенде, жүрегі жарылып кеткен секілді болады (Б.Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет