Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет21/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Тапсырма:
1. Берілген сөйлемдерден грамматикалық қателерді табыңыз.

Москвадан келген Колотов деген жолдас өте бір тығыз шаруа жөнінен сізбен сөйлескісі келеді (Газеттен). Жеңіл өнеркісіп орындарында осындай өрескел кемшіліктердің әлі де болса орын алуының басты себебі өндірістік технологиялық процестер тәртібінің бұзылуында болып отыр (Газеттен). Әсіресе республикадағы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлері, суармалы жерлердің кейбір бөлегі осында шоғырланулы (Газеттен).


2. Берілген сөйлемдегі үйірлі мүшелерді жай сөйлемге айналдырыңыз.
Мен сияқты жолдан оралып, бірақ уақиға маңайына менен бұрын жеткен Николай ағашты тасаланып, күбірлеп, балағат айтып тұр екен (Ғ.Мүсірепов). Жылауы да ертеден кешке дейін бір-ақ үнмен шығатын жетім баланың бей-жай, үмітсіз жылауына ұқсайды (Ғ.Мүсірепов).
3. Берілген түбір сөздерден морфологиялық варианттар жасаңыз.
Үлгі: Тапқыш – тапқыр
Табу, сауық, шай, ойын, дау, білу.
4. Берілген сөйлемдердегі көптік жалғаулардың мәнін түсіндіріңіз.
Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің терезелерінен шам шаққандай жарқырата бастады (Ғ.Мүсірепов). Бұл жүрістің түбі бір жанжалға соғатынын сезінген қу тақымдар шыбындап Игілік тобына өздері қосылып, елден-елге шығарып салып қайтысты (Ғ.Мүсірепов). Сонан кейін шетіңнен ұрысыңдар, қожаларыңды сыйламайсыңдар деп барлығына да жағалай ұрысып, аяңдап өзінің бөлмесіне қарай тартты (Гоголь). Пұшарбай, Садырбай, Мұңсызбайлар боп Майбасарға мықтап дүре соқты (М.Әуезов). Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! (А.Бек). Кенесарыға ерген жұрттың Шу мен Сарысу бойында жатқан жылқыларын айдап бұрылды (Ғ.Мүсірепов). Рульді көптен бері ұстамағандықтан әбден тосырқап қалған қолдар оны баппен ұстап олай-бұлай бұрай бастады (Ғ.Мүсірепов). Мынау қолдар Сталинградта трактор жасаған қолдар (Ғ.Мүсірепов).

13 практикалық сабақ тақырыбы: Грамматикалық стилистика мәселелері


Сабақ жоспары:
1. Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі
2. Сөз таптары тұлғаларының қолданылуы
3. Синтаксистің стилистикалық қызметі
4. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері
5. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
6. Сөйлем мүшелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет