Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет23/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Шақ транспозициясы – көптеген басқа лингвистикалық құбылыстармен тығыз байланыста танылатын, тілдің табиғи мәселелерін білдіретін феномен деп ойлаймыз. Етістіктің шақ формасының қызметі басқа мағынаны білдіруде бәрінен бұрын ауызекі сөйлесуге тән, ол хабарламаны вербальды және вербальды емес құралдар арқылы жеткізуде жан-жақты қолданылуымен ерекшеленеді. Әртүрлі шақтардың түрлерін бір оқиғаның тізбегінде параллель қолдану мүмкіндігі де бар. Өткен шақтың жоспарына сәйкес, өткен және жалпы шақ етістіктерінің тұлғаларындағы анық контраст келесі өлең үзіндісінен байқалады: «Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар». Лексикалық және грамматикалық өзара байланысу арқылы жасалған образ – поэтикалық экспрессияның қайнар көзі.
Осы шақ өткен шақтың мағынасында (оқиға, хабарлау) сипаттап отырған оқиғаны сөйлеу алдында психологиялық тұрғыдан жақындатады. Бұл – ауызекі тілде жиі кездесетін қарапайым құбылыс. Мысалы: «Кеше көршіме кіріп шыққанмын. Байқаймын, өткендегі оқиғадан ба, ауыр ойдан әлі де арыла алмай жүр».
Есімдіктердің қолданылу аясы кең. Бұл ерекшелік ең алдымен олардың лексика-грамматикалық табиғатына байланысты. Есімдіктердің ішінде қолданылуы, мән-мағынасының кеңдігі жағынан айрықша бөлектенетіндері – жіктеу есімдіктері. Қазақ тілінің құрылысы есімдіктерден болған логикалық бастауыштар айтылмай-ақ сөздің қай жақтың атынан айтылып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Ал кеңсе қағаздарында уақиға бірінші жақтың атынан баяндалса, сол бірінші жақтың, атап айтқанда, кім екендігін қалайда жазу қажет болады. Мұның өзі – іс-қағаздарының стандарттылығынан, қалыптасқан жазу стилінен туатын заңдылық. Белгісіздік есімдіктерінің жұмсалу, қолдану аясы бірдей емес. Бір ғана синонимдік топқа жататын сөздердің әрқайсысының өзіне тән қолданылу шеңбері бар.
2. Әртүрлі мағына-мәнері бар, түрлі грамматикалық тұлғаларда жұмсалатын сөз табы – зат есім. Зат есім ғылыми, мәдени коммуникацияда халықтың керегін қанағаттандыратын зат, ұғым атаулар ретінде жиі қолданылады. Олардың қатарына мекеме атаулары, адамдардың қызмет атаулары, өндіріс-шаруашылық заттары т.б. жатады. Зат есімдер кітаби стильде дәлдікке, нақтылыққа қызмет етеді.
Зат есімнің көптік жалғаулары көптік ұғымды білдіру үшін қолданылады. Кей сөздер жалғаусыз тұрып та көптік мағына бере алады: шаш, бидай, астық. Ал осы сөздердің бірқатарына жалғау қосылып, автор өз ойын тұспалдап жеткізу үшін қолданылады: талай шаштар ағарды.
Көз, құлақ, аяқ, бет, қабақ тәрізді зат атауларының көптік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Негізінен, қазақ тілі заңдылығында көптік жалғау жалғанбайды. Алайда, қазіргі тілімізде мағына айқындығы үшін, ойды саралап үшін қажетті стильдік амал. Мынау қолдар – трактор жасаған қолдар (Ғ.Мүсірепов).
Зат есімнің септік жалғаулары да жалғанған сөзлеріне әр түрлі қосымша мән үстейді. Кейбір септік жалғаулары түсіріп айту да стильдік мақсаттан туады. Өткен ғасырлардағы ауызша поэзия тілінде бар тәсілдер- бүгінгі таңда жиі қолданылатын көркемдік амалдар. Мысалы, ілік, барыс, табыс септіктері мен тәуелдік жалғауларының түсіріліп жұмсалуы- өлең шартынан туатын ерекшеліктер. Мысалы, Арғымаңың(ды) жамандап, Тұлпар (ды) қайдан шабарсың? (Асанқайғы). Тоғай (ға) қондым, өкінбен (Доспанбет). Күйбеңдескен көп жаман(ның), Сөзі тигенге ұқсайды (Шалкиіз). Ей, Қатағанның хан (ы) Тұрсын (Марғасқа). Мұндайды тіл ғылымында өлең синтаксисіндегі ықшамдалу тәсілінің бірі дейді.
Кейде сын есімдердің зат есім мәнінде жұмсалуы – сөздің жинақы, ойдың әсерлі болуы үшін ұтымды тәсіл: арсызбен жолдас болма, күншілге жолама.
Стильдік мәні бар, түрлі мақсатта жұмсалатын сөз табы - сын есім. Сын есімнің стильдік қызметін дұрыс аңғару үшін, оның лексикалық табиғатын жақсы білу қажет. Сын есімдер сын-сипат мәнінде қолданылады. Бірақ сын есім атаулының барлығы бірдей заттанып жұмсала бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі әр түрлі мән, реңкке ие болып қолданылса, ал қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеттері жоқ. «Үлкен» сөзінің қолданысына назар аударайық. Бұл сөз әр контексте әр қилы мағыналылық реңке ие, жеке сөзбен де, тіркеспен де берілетін тәсілдері сан алуан : ірі, үлкен, семіз, орасан, дәу, нән, қапсағай, қазандай, сотқалдай, білектей, түйедей, жардай; нар дене, кебеже қарын, иығына екі түйе мінгендей, түйенің жарты етіндей деген тіркестер үнемі «үлкен» ұғымын бере бермейді. Мысалы, Бір үлкен іс қылыпсың (маңызды, көп), Үлкен олжа емес пе. Ірімшік деген қарны ашқа (көп). Жасы үлкендер тегіс жиналыпты (қариялар).
«Үлкен» сөзі ой сөзімен тіркесіп келіп, терең ой, терең толғау деген ұғымда жұмсалады: үлкен ой жоқ, үлкен үй (қара шаңырақ).
«Үлкен» ұғымын жазушылар көркем әдебиет стилінде әр түрлі жолмен береді: Ашыққан жылқы кетпендей тұяқтарымен қалың қарды бұрқ-сарқ лақтырады (Ғ. Мүс.).
Б. Майлин өз шығармаларында «нашар, әлсіз, жаман» деген сын есімдерді өзінше мүсіндейді: бір күшеншек жазушы әнге булығып, «Сарыарқа» деген пьеса жазды. «Күшеншек» деген сөзді эмоционалды түрде бейнелі қолданған.
Қос сөзді сын есімдер – көркем әдебиет тіліндегі басты суреттеу құралы, әрі экспрессиялық мән туғызу тәсілі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет