25. Көркем шығарма тілінің дені қандай сөздер? А) Қазақ тілің көне сөздері;
В) Қазақ тілінің жаңа сөздері;
С) Кірме сөздер;
Д) Қазақ тілінің байырғы сөздері;
Е) Варваризмдер.
26. «Алмаға толды» деген барыс жалғаулы тіркесті қай септікті тіркеспен ауыстыруға болады? А) Табыс септіктік;
В) Жатыс септікті;
С) Шығыс септікті;
Д) Көмектес септікті;
Е) Ілік септікті.
27. Публицистиканың ауызша түріне не жатады? A) Ресми-ақпараттық, ақпараттық-іс, ақпараттық-аналитикалық, ақпараттық-экспрессивтік т.б.
B) Бейресми-ақпараттық, жалпы, директивалық, салтанатты-декларативтік т.б.
C) Саяси тақырыпқа жазылған газет-журналдардағы мақала, очерк т.б. шығармалар;
Д) Шешендік сөздер;
E) Таза, экспрессивтік, репортаж, фельетон т.б.
28. «Жең ұшынан жалғасу» фразеологизміне синоним болатын мақал-мәтелді табыңыз? А) Құрғақ қасық ауыз жыртар;
В) Тай атқа, ат мұратқа жеткізер;
С) Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс;
Д) Нар жолында жүк қалмас;
Е) Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас.
29. Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестерді табыңыз? А) Жедел беру – нұсқау беру; бүйірін шертіп шығу – тойып шығу; бой қаққан – араласпаған т.б.;
В) Шопан ата таяғы; ашық сабақ; эфирге шығу; құлап қалу т.б.;
С) Ит жанды; өзің білме, білгеннің тілін алма т.б.;
Д) Ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды т.б.;
Е) Құты қашты – зәресі ұшты – көзі алақандай болды – иманы қасым болды – жүрегі тас төбесінен шықты – зәресі зәр түбіне кетті; ат тонын ала қашты – азар да безер болды – аза бойы тік тұрды т.б.
30. Кәсіби сөздер қай стильдерде кездеседі? А) Тек ғылыми және ресми стильдерде;
В) Тек сөйлеу тілі стилінде;
С) Тек публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде;
Д) Ғылыми стильден басқа стильдерде;
Е) Барлық стильдерде.