Р.Ғамзатов біздің заманымызда шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – бұғы десек, тақырып – орман; оны елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жол алып баратын шаһар».
Өлеңнің тақырыбы-сұм замандағы жерін, жұртын қорғаған жастар туралы баяндалады.
Өлеңнің идеясы-тағдыр тәркегіне түскен қара халықты мейірімсіз келімсектердің қолынан аман-есен сақтап қалу, оларға бостандық беру, өз басын қатерге тіккен ер-азаматтардың қадір-қасиетін дәріптеу.
Эмоциональдық бояуы –автордың күйі халықты тар қапастан шығару, өзінің жан тебірентерлік мұңын өлең арқылы жеткізуі.
Оқырманға әсері-өлеңді оқыған адам түпкі мағынасын түсінбеуі мүмкін.Оқырман ретінде, өлең мағынасында халықтың күйбең-тіршілігі, олардың тар қапаста қамалып, белгілі бір жарық нәрсені күтулері астыртын жеткізілген.Сол жарық сәулені шашушы да-Мағжан Жұмабаев.Яғни, келімсекті-билік деп алса, ер-азамат бейнесінде өзін сюжеттеген секілді.
Өлеңнің құрылымы (тармақ, буын, бунақ, шумақ, ұйқас).
Қ.Жұмалиев қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қарап «Он бір буынды өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, алты буынды өлең, аралас буынды өлең» деп анықтаған.
Буынның саны-11-12 буынды
Бунақтың саны-3-4 бунақ
Шумақтың саны-5 шумақты
Тармақтың саны-30 тармақты
Ұйқас түрлері: Өлеңде 5 шумақ бар, бірақ ұйқас түрлері өзгеше, яғни, бірінші және үшінші шумақтарда ұйқас түрі-аралас болса, екінші және бесінші шумақ-қара өлең ұйқасы, тек төртінші шумақ қана шұбыртпалы ұйқас түрі.
Негізгі тілдік құралдар (антоним, синоним, омоним, фразеологизм, мақал-мәтелдер, кірме сөздер, диалектілік қолданыстар).