К.Аханов: «Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер» десе[2,36,3,113], Т.Р. Қордабаев материалдық ұқсастықтары, бірліктері ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне ешқандай ұқсастықтары жок сөздерді омоним сөздерге жатқызып, «омонимдердің мағыналары бір сөздің әр түрлі мағыналары емес, оның әр мағынасы әр түрлі сөз болады»- дейді [37,67].
Омонимдер –қара, жол.
Синонимдер - ардақты, қайратты, қасіретті, кең, жүзің
Антонимдер - ішкі-сыртқы, ыстық-салқын, тас жүрек- ақ көңіл
Диалект сөздер – шынжыр, заман, жәрдем, шер, баяғы.
Кірме сөздер – келімсек, жәрдем, заман, өмір, тағдыр, алаш, құлдық.
Плеоназм - есіркеп, жаның ашып, жақын тартып.
Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар (метафора, метонимия, салыстыру, теңеу, эпитет, аллегория, символ, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраза).
З.Қабдолов: Метафора (грекше metaphora – көшіру)- сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарлата түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. [219 бет]
Теңеу -баладай еркелеткен, бауырдай бірге.
Эпитет –ізгі жол, ауыр жол, ардақты ер, қайратты ер, ыстық қан, қалың шер, ақ көңіл, тас жүрек, таза жүрек, қара күн, қара салқын,мейірімсіз тағдыр
Метафора – таза жүрек, тас жүрек, ақ көңіл,мейірімсіз тағдыр.
Интонациялық-синтаксистік сипаты жағынан тілдік ерекшелігі (қайталау, антитеза, инверсия, эллипс, параллелизм, риторикалық сұрақ).
Риторикалық сұрау (лепті сұрау) — ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.