ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Филология және әлем тілдер факультеті Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы
Филология және әлем
тілдері факультеті
Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді
№____хаттама « ____»________ 2015 ж.
Факультет деканы _________Ө. Әбдиманұлы
Мамандық: Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау (5B080400)
СИЛЛАБУС
«Латын тілі» (3 кредит) 1 курс, қ/б, күзгі семестр, кредит саны – 3, пәннің түрі – таңдаулы
Дәріскер: оқытушы доцент Муканова Заира Айкыновна
Жұмыс телефоны: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29)
e-mail:mukanova_za@mail.ru каб.: 317 (ФЛИ)
Курстың қысқаша сипаттамасы. Биологиялық пәндерді оқып-үйренуде және студенттерді жан-жақты кәсіби тұрғыда даярлауда – терминологиялық сауаттылық – «Латын тілі» курсының негізі болып табылады. Биологтарға арналған латын тілі – практикалық мақсаттарға қажетті халықаралық тіл, себебі топырақтану, экологиялық генетика, өсімдік, жануар және минералды қорларды қорғау, өсімдіктер (таксондар) мен жануарлардың жүйелік топтарын зерттейтін ғылымның жалпығылымдық негізі латын және грек терминэлементтеріне негізделеді. Биология факультетінің барлық бөлімдеріне арналған латын тілін үйрену келесідей мақсаттарды көздейді:
студенттерге барлық биологиялық ғылымдарда функцияланатын латын морфологиясы мен грек-латын лексикалық қоры негізіндегі латын терминологиясын үйрету;
студенттерді кәсіби терминология мен өз мамандықтары бойынша дәрістерді анағұрлым жылдам әрі терең ұғынұға дайындау.
Міндеттері:
латын грамматикасын жүйелі үйрену негізінде латын мәтіндерін аударуға машықтау;
латын тілінің жалпы қолданысқа ие сөздері мен лексикалық минимумын, әсіресе, заманауи тілдердің сөздік қорлары мен халықаралық терминологияның құрылуына бейім сөздерді меңгерту;
мағынасы бейтаныс немесе арнайы сөзтудырушы модель негізінде жасалған күрделі сөздердің мағынасын ашу мақсатында сөздің морфемді сараптамасын талдауға бейімдеу.