Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет2/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


2-нұсқа

1. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы қай жылдан бастап жан-жақты зерттеле бастады?


А. 1930 жылдан В. 1950 жылдан
С. 1940 жылдан Д. 1960 жылдан
2. Тілдің лексикасын құрастыратын негізгі единица.
А. жалғау В. сөйлем
С. сөз тіркесі Д. сөз
3. Сөздің шығу төркінін зерттейтін тарихи лексикологияның бір саласын көрсет.
А. семасиология В. ономастика
С. этимология Д. топонимика
4. Сөздің мағынасын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылым қалай аталады?
А. морфология В. фонетика
С. синтаксис Д. лексикология
5. Ономастика ғылымы нені зерттейді?
А. географиялық атауларды зерттейді В. жалқы есімдерді зерттейді
С. сөздердің мағына жағынан дамуын тексереді Д. кісі аттарын зерттейді
6. Сөздердің мағына жағынан дамуын зерттейтін лексиканың саласы
А. семасиология В. ономастика
С. салыстырмалы лексикология Д. тарихи лексикология
7. Қазақ тілі типологиялық белгісіне қарай қай топқа жатады?
А. агглютинативті В. флективті
С. даралаушы Д. Полисинтетикалық
8. Жалпылама лексика басқаша қалай аталады?
А. кірме сөздер В. туынды сөздер
С. бейтарап сөздер Д. жауаптың бәрі дұрыс
9. Антропонимика нені зерттейді?
А. адам аттары В. жер-су аттары
С. антонимдерді Д. жалқы есімдерді
10. Кәсіби сөздер мен диалекті сөздердің ұқсастығы
А. белгілі бір кәсіпке байланысты айтылады
В. белгілі бір территорияда айтылады
С. жалпы халыққа түсінікті
Д. жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейді
11. Кәсіби сөздер неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз
А. 1 В. 2
С. 3 Д. 4
12. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз
А. қара жұмыс В. ақ қағаз
С. Ақ ниет Д. қара шаңырақ
13. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
А. Абайдың әкесі - Құнанбай
В. Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар
С. «Әкем-ау, оқып берші»,- деді атасы немересіне.
Д. Ұрғанның әкесін көрсетемін.
14. Тілдік (сөздік) метафора.
А. ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізеді.
В. Сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады.
С. белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді.
Д. өзара шектес, іргелес бір зат атауының басқа бір зат атауына байланысы, ауыс мағынасы.
15. Лексикалық мағына дегеніміз не?
А. сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына
В. сөздің тұрақты мағынасы
С. сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағына
Д. Грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға, жинақталған дерексіз мағына
16. Айтылуына қарай дауыссыздар қалай бөлінеді ?
А) көмей В) тіс және ерін
С) шұғыл және ызың Д) тіл алды, тіл ортасы, тіл арты
17, Шұғыл дауыссыздар қатарын көрсет ?
А) б, п, д, к, қ, т В) в, ф, с, ж, ғ, һ
С) з, с, л, ц Д) к, г, й, м
18. Ызың дауыссыз дыбыстар ?
А) б, п, м, у В) м, н, к, д
С) п, у, к, қ Д) в, ф, з, с, ж
19. Тіс пен ерін дауыссыздар қатарын көрсет ?
А) з, с В) в, ф
С) б, п Д) к, г
20, Жуысыңқы көмей дауыссызы ?
А) һ В) р С) й Д) л
21. Тіл ортасы дауыссыздары ?
А) қ, ғ, ң, х В) ж, ш С) к, г Д) һ, л, й
22. Қазақтың төл сөздерінде қай дыбыстардан сөз басталмайды ?
А) в,щ В) б, д С) г, ғ Д) у, р
23. Сөз соңында келмейтін дауыссыздар ?
А) ң, й, у В) б, в, г, ғ, д С) а, ғ, д Д) д, с, ш
24. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар ?
А) 6 В) 4 С) 3 Д) 2
25. Үш буынды сөз ?
А) орын В) көк С) уілде Д) қызыл
26. Бір буынды сөзді көрсет ?
А) и В) бала С) ие Д) базарлық
27. Қазақ сөздерінің алғашқы буынында ғана келетін дауысты дыбыс ?
А) ә В) е С) а Д) о
28. Буын түрін анықтаңыз ?
«Дауыссыз+дауысты-дауыссыз»
А) Ашық буын В) Бітеу буын
С) Тұйық буын Д) Аралас буын
29. Дұрыс тасымалданған сөз ?
А) а-ра, сау-ын В) ө-зі-міз-ге
С) Рес-пуб-ли-ка-мыз-да Д) а-ю, қай-ың
30. Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз арасындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуы
А) үндестік заңы В) буын үндестігі
С) дыбыс үндестігі Д) екпін


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет