Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет9/10
Дата02.06.2023
өлшемі92,22 Kb.
#97885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
фонетика мен лексикология экзамен тест (1)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет: Филология


Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, БББ: 6В01701 «қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02301 «Филология: қазақ филологиясы»
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы


9 - нұсқа

1. Жіңішке езулік үндес буынды сөздерді тап


А) Бер, әз
В) Бар, аз
С) Бол, оз
Д) Бөл, өз
2. Түбір сөз “с” дыбысына аяқталып, оған “ш” дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда, қай әріптер жазылады?
А) шш
В) сш
С) шс
Д) щ
3. Монофтонгизация -
А) Жалаң дыбыстардың дифтонг дыбысқа
В) Қосарлы дыбыстардың созылыңқыға
С) Созылыңқы дыбыстардыңқосарлы дыбыстарға
Д) Дифтонг дыбыстардың жалаң дыбысқа айналуы
4. Мұрын жолды дауыссыздарды көрсет.
А) М, н, ң
В) М, у, н
С) Н, ң, л
Д) Ң, н к
5. Жалаң буынды сөздерді көрсет.
А) Табиғат, арна
В) Есе, ана
С) Жара, сана
Д) Кес, кесе
6. Бейтарап дауыссыз -
А) һ
В) х
С) қ
Д) ғ
7. Лабиоденталь дауыссыз –
А) Тіл-тіс
В) Ерін-ерін
С) Тіс-тіл
Д) Ерін-тіс
8. Жуан әуезді сөздерді көрсет.
А) Он, үн
В) Кел, тым
С) Аз, ор
Д) Сары, өр
9. Ашық жалаң дауысты дыбыс
А) ә, ө
В) А, о
С) А, ә
Д) е, ә
10. Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз арасындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуы
А) үндестік заңы
В) буын үндестігі
С) дыбыс үндестігі
Д) екпін
11. Буын үндестігіне сай келетін сөзді көрсет ?
А) егін
В) әсемпаз
С) пәлеқор
Д) емхана
12. Сөз тіркесінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы көршілес дыбыстардың бір-біріне ілгерінді- кейінді әсер етуі қалай аталады ?
А) ілгерінді ықпал
В) тоғыспалы ықпал
С) ілгерінді ықпал
Д) буын үндестігі
13. Сөз бен сөз арасындағы ілгерінді ықпалға мысал:
А) асшы
В) жас жүрек
С) Тынысбек
Д) тас бер
14. Түбір мен қосымшаның жігіндегі ілгерінді ықпалға мысал:
А) тұз сал
В) күздік
С) Боранбай
Д) Жанқожа
15. Қазақ орфографиясы неше принципке сүйенеді ?
А) 3
В) 4
С) 2
Д) 5
16. Полисемия деп қандай сөздерді айтамыз?
А. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер
В. Мағыналарының арасында байланыс жоқ сөздер
С. Мағынасы бір, жазылуы басқа сөздер
Д. Екі не одан да көп мағынаға ие болған сөздер
17. Академик В.В.Виноградов сөз мағынасын қалай топтастырды?
А. тура мағына, фразалық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына
В. метафора, метонимия, синекдоха
С. омоним, синоним, антоним
Д. табу, синекдоха
18. Арнаулы сөздер деп нені айтамыз?
А. кәсіби сөздер
В. терминдер
С. жаргон сөздер
Д. диалект сөздер
19. Мына сөздердің ішінде қайсысы адам мен жануарға ортақ?
А. жуандау, семіру
В. майлану, толу
С. семіру
Д. тойыну
20. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта
А. жеке қолданыстағы метафора
В. тұрақты метафора
С. тілдік метафора
Д. метонимия
21. Қазақ лексикасының тума сөздері қандай тәсілдер арқылы жасалады?
А. фразеологиялық
В. морфологиялық, синтаксистік
С. семантикалық, грамматикалық
Д. этимологиялық, семосиологиялық
22. Көп мағынаға ие бола алатын сөз
А. ол
В. араның
С. жүзін
Д. қайрады
23. Сөздің атауыш мағынасы қалай аталады?
А. номинативті мағына
В. коммуникативті мағына
С. фразеологиялық мағына
Д. синтаксистік шартты мағына
24. Сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы
А. сөздің еркін мағынасы
В. терминдік мағына
С. фразеологиялық байлаулы мағына
Д. поэтикалық мағына
25. Көп мағыналы сөз. Полисемантизм.
А. Арлы адамды қудалауға болар, ал арлылығынан айыру мүмкін емес.
В. Көзіңді көзіне беттетпейтін, күннің өткір сәулесі аппақ қарға шағылысқанда жарқ-жұрқ етеді.
С. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша адам кем дегенде жүз-жүз елу жыл жасауы керек.
Д. Түс көріп жатыр екем, оянсам, түс мезгілі болып қалыпты.
26. Сөз мағынасы. Фразеологиялық байлаулы мағына
А. Жазуыңның керегі жоқ, балалардың тілін сындырып намаздығын үйретсең жетеді.
В. Ағын судың толқынындай үміт, тілек толқыны ілгері қарай әкеліп барады.
С. Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттары шуақтап жатқан тәрізді қозғалмайды.
Д. Қазақстан даласы /ұлы ақын Жамбыл айтқандай/ сұлулықтың, молшылық пен бақыттың қайнар бұлағы екенін жігіттерге түсіндіруім керек.
27. Табу сөзді белгілеңіз.
А. Биіктен қиян алыс көкжиекке қадалып қараған Абай көзі - ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан телміре қарап қалыпты.
В. Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызыға да, тамашалай да қараған.
С. Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдық қой.
Д. Миды жейтін қиыншылықтарын былай қойғанда, сол кездегі ауылдың ұғымында мен көп білім біліп қалдым.
28. Метафораны табыңыз.
А. Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің терезелерін шам жаққандай жарқырата бастады.
В. Оның революциядан бұрынғы орыс әдебиетінен ерекше сүйіп оқитыны - Лев Николаевич Толстой болатын
С. Евгений Брусиловский өзімен қызметтес әнші-домбырашылардан қазақтың 250-дей ән-күйін жазып алады.
Д. Ананың Отанына, халыққа, жеңіске деген сенімі туралы жазған сөздері оның жас жүрегін ерекше тебірентті.
29. Эмоционалды сөздер
А. Театр фестиваліне қатысушы қойылымдардың көбі Абай өлеңдері мен Әуезов шығармаларын арқау еткен.
В. Бейнелеу өнеріне етене жақындық - әр кезеңдегі сөз зергерлеріне тән құбылыс.
С. Адам баласы жасаған байлық атаулының ең ардақтысы адамгершілік қасиеттер болып табылады.
Д. Болашақта тексерушілер, біз осы арпалыста жүргенде, қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.
30. Эвфемизмді табыңыз.
А. Жаман хабар жатқан ба, жоғалғаны қолды болып шықты.
В. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен бүкіл дүние жүзілік қоғамдастық пен достықты нығайту ниетіне негізделген салмақты да жауапты саясат жүргізіп отыр.
С. Осы сарын, әуен, осы күйлер - сансыз ғасырдың шежіресі, сыры, кейінгіге жалғасқан жүрек лүпілі, қара қылды қақ жарған әділет лебізі.
Д. Жер үстінің барлық ауасын ішіңе бір жұтып шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді ұзақ аласың...


Құрастырған: Қ.Ғ.Аронов


Кафедра меңгерушісі: И.С.Сұлтаниязова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет