Филология Кафедра: Қазақ филологиясы



бет11/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
қазақ жазуының тарихы 1-10билет

Емтихан билеті №8

  1. Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері.

Жауабы:
Жазу термині а) жазу процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-да болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік. Сонда жазба тіл дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мыса-лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу, көруге бағытталған графикалық кодқа айналған жүйесі. Жалпы алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру; адамның ой-пікірін, сөзін қашықтыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сыз-ба таңбалар жүйесі.
Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшеліктері бар.
Жалпы графикалық ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне ор- наласуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жатады.
Графикалық ерекшелікке сол жазба тілдің қолданып отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп диакритикасы, тыныс белгілер жатады.
Графемдік ерекшелікке әліпбидегі әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонологиялық құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бір-неше фонеманы, бір/бірнеше фонеманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Жазба тіл көбінесе екі жақты емес, біржақты акт болатындықтан, ол тілдің ойқұраушы, ойды жарыққа шығарушы қызметіне сай келеді.
Жазба тіл ауызша тілдің мазмұн байлығын қаріп түрлерімен (курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте, лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет әлпетін суреттеумен береді. Жазба тіл санадағы түсінік, пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз етеді. Жазба тілдің өзіне ғана тән, ауызша тілге кодталмайтын немесе онда беріле алмайтын ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктерді мәтінді қабылдаудағы графикалық белгілер және мәтін мазмұнын түсінуге қызмет ететін белгілер деп бөлуге болады.
Мұның біріншісіне:
- бір абзацтағы ой келесі абзацтағы оймен жалғасты болса да, көздің тыныс алуы үшін азатжолдан бастап жазу дағдысы;
- “жазылатын мәлімет жоқ” деген, аяқталды дегенді білдіретін Ζ белгісі;
не коммуникация
- кітап тарауының үлкен ашық жол салынып, көз тынысы- мен басталуы;
- тарау аттарының үлкен, майлы бояулы әріптермен терілуі;
-нүктелі үтір белгісінің нақты бір тынысты немесе сөйлемнің бас-аяғынан хабар бермей, белгілі бір ұғым-ойды санамалау үшін, айтылған ой бір-біріне жалғас та емес, бір- бірінен алыс та емес дегенді білдіруі жатады.
Екінші типтегі белгілерге мәтін ішіндегі сөздің тырнақшаға уәжсіз алынуы кіреді. Мысалы, белгілі бір шығарма, т.б. атауы болмаса да, окказионал қолданысты уақытша осы мағынада қолданамыз дегенді білдіру үшін сөздің тырнақшаға алынып берілуін ауызша тілге кодтай алмаймыз.
Жазба тіл табиғатынан монологтік сипатта болды. Алғашқы суретжазудың өзі адамның ойын, сезімін, эмоциясын, пайымдауын, тұжырымын бөгде біреудің қатысынсыз-ақ бейтарап түрде сыртқа шығарудан туды. Ойдың көзге көрінетін денотат- таңбаларға айналуы, оны жөндеуге, жазылған сөйлемге қайта оралуға, ойды басқаша жазуға мүмкіндік берді.
Біз бүгінгі таң тұрғысынан әдеби тіл деп жазба тілдің негізінде пайда болған, осыған орай жазба тілді де, ауызша тілді де меңгерген адамның санасында болатын жүйелі, ұйымдасқан, стандарт тілдік құрылымды атаймыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет