М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Факультет: Филология
Кафедра: Қазақ филологиясы
Шифр, мамандық: 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В01702-Қазақ тілде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті; 6В02301-Филология: қазақ тілі
Пәні: Қазақ жазуының тарихы
Емтихан билеті №1
Адамзат өркениетіндегі жазудың маңызы.
Жауабы:
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа- сауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Бiздiңше, өркениеттiң дамуын сипаттауда жазудың маңызы-нан бастап айту оның әлдеқайда жүйелi, күрделi, дербес құры-лым болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елін-де жазудың пайда болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болға-ны белгілі. Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде қайта күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңна-ма, құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінде ресми ісқағаздар адам-дардың сөйлесуінсіз-ақ түсінісетін, құжаттар өзара “сөйлесетін” жүйе құрайды. Ресми ісқағаздар – айқындылықтың, дәлелдік-тің, аргумент, фактінің құжаты болды. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік ше-гіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни мемлекеттің күшеюімен байланысты, жазудың дерек болу (визуалдылық арқылы) сипаты артып отыр.
Көне түркі жазуы ескерткіштерінің түрлері мен табылатын аймақтары
Жауабы:
Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік, Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз.
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фо- неманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариан- тымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонема-ны (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты графикасында а-е (э~ә) фонемасын белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді, керісінше, <о-ө> фонемасы неліктен сөз басында және ортасын-да таңбаланды деген сауал төңірегінде ойланып көрелік.
а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), кче (кече).
Достарыңызбен бөлісу: |