Жауабы: Ой мен жазу. Сонымен, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу жүйесінің доминаттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді делдалдамай-ақ, бірден жазба тілге айнала ала-тынына көз жеткізе бастаймыз. Әрине, мотив арқылы туған ойдың ішкі сөйлеуде предикаттық қатынасқа ұйымдасуы, одан әрі айтылымның логикалық құрылымының түзілуі және сыртқы тілдің синтаксистік құрылымына айналуында ауызша тілдің қызметі жоқ емес. Өйткені жазба мәтін алдымен ауыз-ша айтылып, сосын қағазға түсіру әдісі көбірек қолданылады.
Ой-жазу процесін түсіндіру қиындығы бұл кезеңдердің санасыз, автоматты түрде өтуіне, әрі ойдың таңбалық сипаты жоқтығына байланысты.
Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында көрсетуге болады. Өйткені жазу – таңба, оның тұрпаты бар. Сонымен, көз жазба мәтінді көріп, ол тілдік санадағы графемамен, графикалық пор- треттермен ассоциация жасайды. Сөздің адам санасында бейне- ленген графикалық портреттері, синтаксистік, пунктуациялық белгілер арқылы үстіңгі синтаксистік құрылымға көшіріп алы- нады және астыңғы синтаксистік құрылымға көшіріліп, сөйлем мәні екшеледі. Өйткені жазба мәтіннің жөнделу, редакцияла-ну мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі мәтіндік құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, жасырын қалады. Сондықтан үстіңгі құрылымды астыңғы құрылымға көшірудің мәні бар.
Жазу-ой процесін мәтіннің графикалық “өмірінен” бастап көрсетуге болады. Өйткені көз қармап көру үшін графикалық кеңістіктің үйреншікті болуы, стандарттылығы маңызды. Көз мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық мәнмәтінде (контексте) алып оқиды.
Байырғы түркі фонологиясының жүйесі мен түркі дүниетанымы.
Жауабы: Байырғы түркі графикасы түркілік дүниетанымды тұғыр ет-кен түркілік мәдениет қазанында пісіп жетілген түрік тілінің фонетикалық жүйесіне негізделген. Оның арғы жағында немесе қайнар көзінде түркілердің Тәңірлік діні, Тәңірлік дүниетанымы жатыр. Осы философиялық-дүниетаным жүйесі арқылы байырғы түркі тілінің фонетикасының табиғи заңдылығын ашып, әліпбиінің лингвистикалық графикасын жасаған.
Түркілер ІХ ғасырда өздерінің дүниетанымын “iki jyltyz” (“екі негіз”) деп атапты.
Кіндік Азиядан Америка континентіне үндістердің алғашқы тобы 30-40 мың жыл бұрын, соңғы тобы 12000 жыл бұрын қоныс аударғаны ғылымда анықталған жәйт. Сол үндістер күні бүгінге дейін тәңірлік діннің “екі негіз” ілімін ұстанатынын зерттеу-шілер дәлелдеп отыр.
“Екі негіз” ұғымы байырғы түркілердің әлемді түсіну филосо- фиясы. Көне түркілер пайымында әлем – аталық пен аналықтан тұрады. Аталықтың көктегі нышаны (символы) – күн, аналықтікі
– ай, жердегі аталықтың нышаны – тау, аналықтың нышаны – су. Бұлардың үстінде “Тәңір”. Жаратушы күш біреу ғана, ол ұлы Тәңір деп түсінген.
Аталықтың рәмізі жаратушы Тәңірдің жіберген елшісі –
“серке” , аналықтың таңбасы – “көк өгіз” және “айдаһар”
. Бұндай дүниетанымды зерттеушілер “аңыз” (миф) ретінде қабылдап келді. Бұл жүйе қытай нұсқаларында ашина, ашидэ деп белгіленген. Онымен қатар байырғы қытай философиясындағы “Инь” мен “Янь” ұғымына ұқсас. Еуропа түсінігінде дуализмге келеді. Еуропа философиясы бойынша болмыс немесе құбылыс, қарама-қайшы бір-біріне бағынбайтын тең құқықты екі нәрседен тұрады. Олар өзара бәсекелестікте, бірін-бірі жоққа шығару арқылы дамуды алға жылжытады. Ал шығыс халықтарында, соның ішінде байырғы түріктер дүниетанымында жоғарыдағы екі ұғым бір-біріне сүйене, демеу болып, бірін-бірі толықтыра, қамастыра дамуды алға сүйрейді. Түркілер “екі негіздік” дүниетанымды ұстана отырып, түркі әлемінің барлық болмыс-бітімін осы жұптық жүйеге бейімдейді. Түркілердің мемлекет жүйесіндегі төлес пен тардуш (сол және оң қанат); басқару жүйесіндегі явғу мен шад; қоғамдағы иерар-хия, моралдық нормадағы бод пен ұмай; музыкадағы қос ішек; әдебиеттегі (поэзиядағы) қос ұйқас (ежелгі түркі өлеңі қос жол- дан құрылған); сурет өнеріндегі аталық және аналық символдар; ауыз екі сөйлеу және графика жүйесіндегі дыбыстың вокализмі мен консонантизмі, т.с.с. өмір мен өлім арасындағы болмыс пен құбылысты “екі негізге” оның амал мен білік жүйесіне негіз- делгенін көрсетеді. Қысқаша тұжырымдай айтсақ, қажеттіліктен туған табиғи ырғақты жүйеге айналдырады. Қоршаған орта мен табиғи құбылысты жіті бақылаудың нәтижесінде философиялық (дүниетанымдық) жүйе қалыптастырады.
Ежелгі дүниетаным бойынша, әлемнің құрылымы, қоғамның дамуы, адамның ара қатынасы бәрі – бәрі “екі негіздік” амал мен біліктен тұрады-мыс. Немесе аталық пен аналықтан. Осы жүйе бойынша жуан дауыстымен үндесетін дауыссыздар таңбасын амалға (аталық), жіңішке дауыстылармен үндесетін дауыссыздарды білік (аналық) топқа жатқыздық.