Филология Кафедра: Қазақ филологиясы



бет15/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
қазақ жазуының тарихы 1-10билет

Емтихан билеті №10

  1. Жазудың кодтық сипаты

Жауабы:
Біз ауызша тіл мен жазудың екі басқа код екенін, сондықтан әр кодтың өз таңбалары мен тәсілдері болатынын мойындағанда ғана екі коммуникацияны өз мәнінде толық пайдалана аламыз. Ауызша тіл мен жазба тілдің екі басқа “дүние” екенін көрсету мақсатында кодталу, қайта кодталу, кодталу мүмкіндігі деген мәселелерді қарастырудың қажеттілігі бар.
Біз проф. Ә.Жүнісбектің айтылым және естілім құрағы деген ұғымдарына сай жазылым мен оқылым құрағы термин- дерін ұсына отырып, екі тілдің құрақтарын алмастыру арқылы ғана коммуникация жасау мүмкіндігі болатынын көрсеткіміз ке-леді.
Жалпы, код, кодталу ұғымы әдебиеттерде “әртүрлі инфор- мация беруге, өңдеуге, әрі сақтауға арналған шартты белгілер жүйесі”, “кейбір объектілерді конструктивті жүйе объектілері- не айналдыру”, өзара келісілген белгілі бір шартты таңбаларға қандай да бір мағынаны сыйдыру деп түсіндіріледі. Сондықтан кодтау алғашында криптографияда (жасырын хабарлар жібе-ру теориясы) қолданылды, кейін ақпарат теориясына ауысты. Қоғамдық өмірде де әртүрлі кодтар жүйесі пайда бола бастады. Мысалы, 1872 жылы ең алғаш Ұлыбританияда пайда болған телеграф коды аз таңбаға ұзақ сөйлемдерді сыйдырып, қарым- қатынасты жеңілдетті. Код қандай жағдайда болсын таным про-цесіне араласатындықтан түсінік, ой, ішкі ой, кодталу туралы ғылыми әдебиетте айтылады. Мысалы, Н.И.Жинкин адам ойы ішкі сөйлеуге ауысқанда “заттық-бейнелік” код пайда болады, ал ол сыртқы сөйлеуге (экспресссивті сөйлеу) ауысқанда ауыз қимылының коды болады. Сонда экспрессивті сөйлеу – бірін-ші, ал тілдік, әріптік код – екінші деді. Сөйтіп, жазу мен тіл бір деңгейдегі код түрі ретінде қарастырылды. А.А.Залевская жазылған сөзді дыбыстап немесе іштей оқып, мағынасын қабылдағанға дейін бірнеше код ауыстырылады, мағынаға түсіну әр адамның ұлттық тілі арқылы жүрмейді, саналы адамның өзі жасайтын ерекше бір тілде жүреді деді.
Сонымен, жазу тарихындағы идеограммалар мен логограм- малар, силлабограммаларды, әріптерді кең мағынада алғанда код жүйесі, қоғамдық ортақ шарттылық нәтижесі деуге тұрады.
Жазуды ауызша сөйленген сөзді кодтаушы, ал әліпбиді кодашқыш, әріптерді код символдары деп алу, жазудың өз алдына дербес таңбалық жүйе, жеке тіл екенін білдіреді. Жазуды код түрі етіп алу ең бірінші, бейтаныс графикамен жазылған мәтінді оқу, бейтаныс алфавитті меңгеру барысында әріп таңбалардың мазмұндық мәнін көрсету үшін керек. Және, ең бастысы, адам санасындағы қарапайым түсініктен бастап, ұғымға дейінгі, ұғымнан сана, ішкі ойлау (тіл) сыртқы ойлау, сөйлеу, тілдік жүйеге дейінгі аралықтардың параллель жүйелер екенін білдіру үшін қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет