Жауабы: Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «руна жазулары» яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған таңбалар» деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары, сондықтан бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.Мессердшмидт және Ф.И.фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеленіп, 1729жылы З.Байердің «Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп, Еуропадағы барлық шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730жылы Ф.И.фон Стралленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқытудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинский маңынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М.Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазудың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді, бұл жазуларға қарап оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологы В.Томсен бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В.Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895ж Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Емтихан билеті №3 Жазудың типтері мен түрлері.
Жауабы: Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
1. Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі. Пиктографиялық жазудың артықшылығы: қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды.Кемшілігі: 1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық адам бірдей түсіне алмады (ағаштың суреті ағаш па, жоқ əлде мен орманға кеттім бе т.с.с. түсініксіз болды); 2) ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не жануардың, затты садақтың немесе қайықтың суретімен беру); 3) дыбысқа негізделмеді (сурет болғаннан кейін); 4) сурет өнерінен ажыратылмады (əуел баста әрі сурет, әрі жазу қызметін атқарды).
Қазіргі кезде өмірімізде пиктографиялық жазу қолданылмайды, бірақ белгілерін күнделікті өмірде кездестіреміз. Олар: жолда жүру ережелері, әртүрлі шартты белгілер т.б.
Пиктографиялық жазу сол уақыттағы адамдардың қажеттілігін өтей алмай, дамудың келесі сатысына өтті. Ол идеографиялық жазу болды.
2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. logos — сөз, gramma — жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды. Пайда болу уақыты — мемлекеттің пайда болу, яғни құл иелену дәуірі, б.з.д. үш мың жылдықтың басы.
Алдыңғы жазудан басты ерекшелігі пиктограмма тұтас бір ойды, сөйлемді білдірсе, идеограммалар жекелеген сөзді немесе белгілі бір морфемаларды білдірді, бірақ дыбысқа негізделмеді. Мысалы, пиктографиялық жазуда «садақ» таңбасы «аң аулау немесе соғысу» деген ойды берсе, идеографиялық жазуда бұл сөз «садақ» деген мағынаны ғана білдірді, яғни әрбір идеограмма бір сөзді немесе морфеманы таңбалады. Бұл жазуды ең әуелі ежелгі египеттіктер мен шумерлер қолданған, кейін қытайлықтар дамытты.
Идеографиялық жазудың артықшылықтары: бір сөзбен бір ұғымды берді, нақты бір мағынаны беруді көздеді; сонымен қатар морфемаларды да таңбалауға тырысты.
Кемшілігі, сөздерді дыбыстарға бөліп ажыратып бере алмады; оқуда, түсінуде қиындықтар тудырды.
3. Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл жазуды кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп те атайды. Буын жазуында дауысты жəне дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Пайда болу мерзімі — б.з.д. үш мың жылдықтың бас кезеңі. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады.
Буын жазуын таңбаларының фонетикалық мағынасы жағынан үш түрге бөліп қарауға болады:
ассиро-вавилон, элам, урарт, сына, майя, дыбыстық корей жазуы. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, буынның мына түрлерін белгілейтін болған А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген;
крит-микен, кипр, Эфиопия жəне жапон буын жазулары. Мұнда таңбалар тек дара дауыстыларды жəне дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстының қосындысын белгілейді;
үнді жазуының әртүрлі жүйелері (кхарошти, брахми, т.б.). Бұларда таңбалар жеке-дара дауыстыларды («а»), дауыссыз бен дауыстының қосындысын («ка») белгілейді.
Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді: а) логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары; ə) Эфиопия, үнді (брахми, кхарошти, т.б.) буын жазулары; б) жапон буын жазуы мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун). Буын жазуы оқытуға, үйренуге, қолдануға ыңғайлы болды. Себебі таңбалардың саны аз, ықшам еді (35–40-тан бастап 200-ге дейін жетеді). Буын жазуы сөзді, тілді, əсíресе, оның фонетикалық дыбысталуын (фонетикалық транскрипцияға жақын) дəл көрсетуге əрí сөздің грамматикалық формаларын беруге қолайлы
4. Әріпжазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу əрíп жазуы болды. Себебі əрбíр сөз дыбыстық жағын дəл бере алатын əрíптерден құралды жəне грамматикалық формаларды дəл беруде өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл əрíптер бір немесе бірнеше фонеманы білдірді. Тілде олардың көбінің саны небəрí 20–45-тен аспайды. Бұл адамзат мəдениетíндегí жазудың ең жетілген түрі болып есептеледі. Шамамен таза дауыссыз дыбыстық жазудың пайда болу мерзімі — б.з.д. екі мың жылдықтың орта кезеңі, ал дауысты дыбыстық жазудың пайда болу уақыты — б.з.д. бір мың жылдықтың бас кезеңі. Ең алғашқы əрíп жазуы — финикий жазуы. Мұнда 22 таңба болған. Əрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған