Философия әдістері мен қызметтері Философиялық білім қырылысы



Дата14.10.2023
өлшемі13,95 Kb.
#115023
Байланысты:
Философия Еркін Ернар 027 ТФП


Философия әдістері мен қызметтері

Философиялық білім қырылысы

Философияның негізгі бағыттары

Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-біріне айналады. Демек диалетикалық әдіс жалпы байланыс, даму салаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.

Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.


Диалектика мен метафизика әдістері XVII-XVIII ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғасырдың ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.



Философияның басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған

Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.

Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.












ЕРКІН ЕРНАР 027 ТФП
2) Эссе Мен философияны қалай түсінемін
Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет