Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
жанрлардың кең жайылуы. Теледидар мен компьютер оқуға 
деген қызығушылықты төмендетіп қана қоймай, адамның 
сенсорлық мүмкіншіліктерінің шегімен шектелетін қабылдау-
дың жаңа түрін туғызады. Визуалды бейне басылған мəтінге 
қарағанда сана асты деңгейінде белсенді əрекет етеді.
бұқаралық қатынас құралдары қоғамдық сананың «бірігіп 
өсу» əсерін береді. Егер осыдан 10-20 жыл бұрын мəдениет пен 
БАҚ-тың теңдес паритеттігі туралы, олардың іс-əрекетін қоғам-
ның бақылау мүмкіншілігі туралы əңгіме жүргізуге болатын 
болса, қазіргі таңда ондай əңгімелер сенімсіз болып табылады. 


86 
Басқаша айтқанда, метафора ретіндегі төртінші билік түрінен 
БАҚ шындығында нақты күшке айналды.
- Əлеуметтік-мəдени бірегей ұқсастық (идентификация) 
кризисі. Жалпылама коммуникациялардың жаһандық жүйесі 
мəдени айырмашылықтарды жоққа шығарудың мықты факторы 
болып табылады. Олардың басқыншылығына жауап ретінде ХХ 
ғ. жəне одан кешірек ХХІ ғ. бірегейлікке (ұлттық, діни, əлеумет-
тік-топтық, тұлғалық) деген сұраныс пайда болды. Бүгінгі таңда 
бұл мəселе барлық елді алаңдатуда.
Қазіргі зерттеушілер өз шығармаларында бұқаралық мəде-
ниеттің пайда болуының уақытын түрліше көрсетеді. Кейбіреу-
лер ол, тіпті, ежелгі өркениеттерде де болған деп пайымдайды. 
Бірақ, бəлкім бұқаралық мəдениет урбанизация, көпшілік 
сауаттылықты қалыптастырған жалпы ортақ білім беру ісімен 
жəне масс-медианың қалыптасуымен байланысты сипатталатын 
қазіргі өркениеттің жемісі деп есептеген жөн сияқты. Оған 
дейінгі бұқаралық мəдениет мүлдем басқа қасиеттерімен ерек-
шеленеді. ХХ ғасырдың басына дейін бірінен-бірі анық ажыра-
тылған элиталық жəне халықтық мəдениет болған. Білім мен 
тəрбие алу мүмкіндіктері бар тектілер, ақсүйектер қалалық-
тардың арасында кең таралды. Екіншісі – сауатсыз, бірақ 
дəстүрлерді сақтап келген, қарапайым адамдар қалыптастырған 
қарабайыр мəдениет.
Бұқаралық мəдениет туралы айтпас бұрын соның дүниеге 
келуіне негіз болған «бұқаралық қоғам» феноменіне тоқталып 
өткен абзал. Ол құбылысты терең зерттеген Эдуард Шилздің 
«Бұқаралық қоғам жəне оның мəдениеті» деген еңбегінің кейбір 
ой түзілімдеріне назар аударайық. Автордың сараптауы бойын-
ша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізгі-негізгі деген 
батыс елдерінде «бұқаралық қоғам» деген атау нық орнықты.
Бұқаралық қоғам жаһандану процестерімен тығыз байла-
нысты. Қазір, жаһандану заманында өмірдің əлеуметтік-саяси, 
мəдени жəне рухани салаларының бəрінде де адамзат өзінің əр 
алуан тіршілігін бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау іс 
жүзінде тежеуге көнбейтін, ерік бермес процесі, мəні бойынша 
жазмыштық сипат алып отыр.


87 
Бұқаралық қоғам – бұл азаматтық қоғам. Мемлекет бұл 
жағдайда өзі өзін басқаратын азаматтық коғамға өзінің көптеген 
функцияларын береді. Бірақ адамзат өзінің ұйымдасу форма-
ларының ешқайсысында абсолютті келісімге жете алмай отыр. 
Бұқаралық қоғамның иерархиялық жəне бюрократиялық құры-
лымдары дара тұлғаның құқықтарын шектеудің жаңа форма-
ларын дүниеге əкелді.
Қазіргі қоғамда адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар 
ретінде де қабылдағандықтан оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс 
жағдайларға бағынышты. Егер ол өзін сатып үлгеріп қалса – 
құны бар, ал өйтпесе – құнынан айырылған болады.
Бұқаралық қоғамның тағы бір ерекшелігі оның жазу мəде-
ниетінен экрандық өркениетке өту заңдылықтарымен байланыс-
тылығында. Интернет жүйесімен тұтастырылған бұқаралық 
мəдениет ұлттық мемлекеттік шектен шығып, əмбебап жалпы-
адамзаттық сипатқа ие бола бастады. Алайда, бұқаралық 
мəдениет ішкі қайшылықтарға толы. Мəдени құндылықтарды 
конвейерлік тəсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық 
мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын 
қалыптастырады. Тек пайданы көздеу үшін бұқаралық мəдениет 
үлгілерін үлестіру, дəстүрлі мəдениетке жат əсіре сексуалды-
лықты, зорлық-зомбылықты, нəпсіқұмарлықты, арсыздықты, 
руханисыздықты дəріптеуге əкеп соғады.
Бұқаралық мəдениет: 
- қоғамдық пікірдің «сұранысына» қажетті күнделікті 
оқиғалар легін тізбектейтін, халыққа ақпарат беру сылтауымен 
өз мақсаттарын алға қоятын, бұқаралық ақпарат құралдары 
(БАҚ) арқылы азаматтардың санасында билеуші элита мүдде-
леріне сай манипуляциялар жүргізетін жəне бұқаралық саяси 
қозғалыстарды қалыптастыратын ұлттық немесе мемлекеттік 
идеология мен насихат жүйесінің болуынан;
- «бұқара адамына» өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік 
өмірге жəне т.б. қатыстымын деп сезінуге мүмкіндік беретін, 
бұқаралық сана қабаттарына арнайы зерттеу жəне соған сай 
ғылыми дайындықты қажет ететін күрделі құбылыстарды, 


88 
«халықтық» тілге «аударып» енгізетін, бұқаралық əлеуметтік 
мифологияның болуынан; 
- балаларды əлеуметтендіруге қажетті стандартты қылық 
дағдыларын тəрбиелейтін, оқушыларды ғылым мен білім негіз-
дерімен үйлесімді таныстыратын бұқаралық жалпылай білім 
беруші мектептің болуынан; 
- түрлі əлеуметтік игіліктерді шексіз тұтыну процесін тірші-
лік мəні мен мақсатына айналдыратын қатардағы тұтынушы-
ның сұранысын басқаратын, беделді мүдделер мен мұқтаждық-
тар, өмір салты мен сапасының стандарттарын қалыптастыра-
тын жарнама мен сəн индустриясының болуынан;
- тəндік имидж индустриясы: бұқаралық спорт пен дене
шынықтыру қозғалысы, аэробика, культуризм, косметология 
жəне т.б. болуынан; 
- демалыс, тынығу индустриясы: детектив, бульвар əдебиеті,
триллерлер, кич, оперетта, поп-музыка, шоу-индустрия, туризм 
жəне т.б. болуынан тұрады. 
Мəдениетаралық қарым-қатынастар жүйесінде мəдениет 
өнімдерін тарату барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. 
Бүгін біз ақпарат таратудың жылдамдығына əсер ететін жаңа 
инновациялық тəсілдер, каналдар мен технологиялардың күрт 
өзгеріп кеткен техногендік өркениетте өмір сүріп отырмыз. Осы 
жаңа шындықтың туындатқан бұқара адамы (Ортега-и-Гассет) – 
бұқаралық мəдениеттің стандартталған, унификацияланған 
өнімі. Баспа станогы өзіндік дүниетанымға сүйенген өзіндік көз-
қарасы бар көрерменді, oқырманды дүниеге əкелсе, электрон-
дық техника бет-бейнесіз жалпы көпшілікті (массаны) тудырды. 
Əлемде «жаһандық жаулап алу» (Маклюэн) орын алып отыр 
дей аламыз. Электрондық құралдардың пайда болуы əлеуметтік-
мəдени тəжірибені, адамдық қарым-қатынастар формаларын 
жəне т.б. тарату тəсілдері туралы дəстүрлі көптеген түсініктерді 
өзгертеді. Қоғам тек элиталық мəдениетпен шектеле алмайды 
жəне сондықтан бұқаралық мəдениет өзінің түп тамырларын 
ұжымдық бейсаналықтың архетиптеріне жайып үлгерді, сөйтіп, 
қазіргі неомифологияны туындатты. Сонымен, бұқаралық 


89 
мəдениет – мəдениеттің қазіргі кезеңіндегі көпфункционалды, 
объективті құбылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет