Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет33/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Жорж Мунэн айтпақшы, адамзаттың түрлі мəдениеттерінің 
когни-тивті тəжірибесінен хабардар мəдениеттің тілі 
аударуға ыңғайлы тіл болып табылады екен.
"Мəдениет – ұлттық, ал өркениет – халықаралық категория. 
Мəдениет бір ғана ұлттың дін, мораль, құқық, ақыл-ой, эстети-
ка, тіл, экономика жəне тұрмыс-тіршілігінің үйлесімді жиын-
тығы. Өркениет болса, дамудың ортақ деңгейінде тұрған көпте-
ген ұлттардың қоғамдық өмірінің жиынтығы" (Зия Көкалып. 
Түрікшілдіктің негіздері. А., 2000. 130 б.).
Əрбір мəдениет басқа мəдениет тəжірибесін өзіне пара-пар, 
лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысын кеңейту
ұлғайту мүмкіншілігі деп те қарастырғаны жөн. Мəдениеттер 
сұхбаты мəдениеттерді байытады, өйткені “Басқа” – менің шегім 
емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай презумпция қандай да 
болмасын мəдени-əлеуметтік эгоцентризмге жол бермейді. Олай 
болатын болса, бүгінгі таңда өркениетаралық, халықаралық, 
ұлтаралық жəне т.б. шиеленістерді тежеудің бір-ден бір 
пəрменді құралы – мəдениеттер сұхбаты болып отыр. 
Мəдениеттер сұхбаты туралы ойлар Ф. Розенцвейг, Ф. Эбнер, Г. 
Марсель, М. Бубер, К. Ясперс жəне т.б. дайындаған диалог
коммуникация идеясы негізінде М. Бахтиннің, В. Библердің - 
шығармаларының арқасында көпшілікке танымал болып, ақыр 
аяғы бүгінгі күн саясатының бірінші маңызды мəселесіне де 


80 
айналды. Міне, философия, мəдениеттану сынды “абстрактілі” 
ғылыми пəндердің қажеттілігі қайда жатыр … 
Қара жер бетінде үлкенді-кішілі өзендер бар да, солардың 
барлығы дерлік суын құятын алып теңіздер, мұхиттар да бар 
емес пе?! Сол сияқты, мүмкін, ғаламдану мұхит бейнесін 
танытса, оны мүмкін етіп отырған өзендер ұлттық мəдениеттер 
шығар? 
Қалай дегенмен де, дəл қазір, біз жаһандану процессін
глобализм принципін біржақты дəріптеп, даурыға мақтауға да, 
немесе кінəлап, даттауға да болмайтын өте күрделі күйдеміз. Бір 
білетініміз – жаһанданудың алғышарттарының бүгінгі таңда 
пісіп-жетіліп қалғандығы. Ал біз жəне басқалар осы бір ұлы 
сынға дайынбыз ба, дайын емеспіз бе – ол көп те жан-жақты 
ізденістерді қажет ететін үлкен сұрақ белгісі. Алдыңғы тарауша-
да кеңінен талқыланған өркениет мəселесін жаһандану үрдіс-
терімен байланыстыра қараудың өз қисыны бар деп ойлаймын.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өркениетті алғашқы кезекте 
алғашқы қауымдық құрылыс кезеңімен теңдестірілген тағылық 
дəуіріне қарама-қарсы қойып қарастыру сарыны басым болды. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы капиталистік 
экономиканың қарқынды дамуы нəтижесінде пайда болған 
индустриалдық қоғамның негізгі сипаттамасына ("тұтынушы-
лық ғасыры") сай өркениетті адамның мəдени болмысының 
техника-технологиялық өрбу кезеңі деп анықтаудан туған 
"мəдениет" жəне "өркениетті" антиподты дихотомия ретінде 
тұжырымдаудың (О. Шпенглер, неміс мəдениет философия-
сының өкілдері, орыс мəдени-философиялық мектеп өкілдерінің 
кейбіреулері…) да уақыты өткен сияқты. Ендігі жерде 
"ақпараттық революция" екпінінен жаратылған постиндустриал-
дық қоғамға сай "телекоммуникациялық өркениет" концептуал-
ды тұрғыдан мүлдем басқа негізде, яғни ақпарат құралдарының 
күрделенуі нəтижесі ретінде қарастырылуы керек. 
Бірте-бірте мəдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны, 
өркениеттің рухы деген ой қалыптасуда, мəдениет пен өрке-
ниеттің бір-біріне келіспейтіндігі айқындалуда. Бүгінгі таңда, 


81 
мəдениет əлемі – тарихи дамудың түп негізі, өркениеттің негізі 
екендігі баршаға мəлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет