Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Виртуалды шындық шындықты имитацияламайды, оны 
симуляциялайды, яғни сол шындыққа ұқсас, бірақ өмірде жоқ 
өзіндік бір шындықты туындатады. Тарата айтсақ, имитация 
алдында тұрған даяр үлгіні қайталайды, ал симуляция жоқтың 
орнына жүріп, жоқтан барды (ғайыптылықты) жасайды. 
Симулякр – түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі. 
Виртуалды шындық технологиялары бүгінгі адамзатқа пен-
денің қиял қойнауында не бар соның бəрінің орындалу 
мүмкіндігін сыйлайды. Нақты шындықта шек қоятын табиғи 
əлде əлеуметтік заңдардың болуына байланысты адам ойына 
келгенді жасай алмайды. Ал виртуалды шындық сол мүмкін-


69 
дікті экран алдындағы адамға береді, адамның шығармашылық 
шекарасын кеңейтеді, жаңа əсерлер ұсынады. Мысалы, əлдебір 
себептерге байланысты ешқашан ұшақ жүргізбейтіндігін немесе 
бос кеңістікте жалғыз самғамайтындығын білген жан үшін 
қазіргі технологиялар ұшақты жүргізгендей немесе ғарышта 
самғағандай сезім сыйлай алады.
Қазіргі ғаламторлық бағдарламалық технологиялық жаңа-
лықтар виртуалды шындықта тіршілік етуді адамға тартымды 
қылғаны сондай, тұлғалық ізденісі, қамкөңіл қылар толымсыз-
дығы басым нақты əлемде тырбанған тіршілік еткеннен гөрі
фантасмагориялық елес əлемін экранға көзге көрінетіндей
құлаққа естілетіндей, керек десеңіз, ұнамаған жерін өзің 
түзететіндей етіп қойған ғайып əлем жағатын сыңай танытады. 
«Ақырын берсін!» дегеннен басқа амал жоқ. 
Бүгінде виртуалдық əлем күнделікті өмір көрінісі болып
үйреншіктілікке айналды. Виртуалды компьютерлік магазиннен 
тауар сатып аламыз, болашақ салынар үйімізді қолмен салып 
қойғандай болып жобалаймыз, хат жазғандай боламыз, хат 
алғандай боламыз, кітап оқыған сияқтымыз... Расында, осы бір 
“сияқтылық” əлемі – хат сияқты, бірақ олай деуге ауыз 
бармайды; кітап сияқты оқылады, бірақ кітап емес дегендей…. – 
тым көбейіп кетті. Славой Жижек айтпақшы: "Секстің де керегі 
жоқ! Біз пост-адамдар емеспіз бе?" ("No sex, please! We're post-
human" деген шығармасы бар). Қарап отырсақ, “сияқтыланып” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет