Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Бейсаналық Сана және жасанды интеллект



Pdf көрінісі
бет15/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87
Бейсаналық
Сана және жасанды интеллект
Адам санасының ақпаратты жасау, сақтау, өзгерту және жеткізу 
қабілеті осы ойлағыштық операцияларды орындай алатын машинаны 
жасау идеясына әкелді. Көптеген философтардың, математиктердің, 
өнертапқыштардың (Луллий, Лейбниц, Бэббидж және т.б.) 
еңбектерінің негізінде XX ғ. 70-жылдары микропроцессорлар 
базасында жеке компьютерлер жасалып, кең таралды. Бұл ақпарат 
саласында жаңа шын мәнінде революциялық технологиялардың шығу 
фактін растайды.
Тұлғадағы 
бейсаналық
Қателер
Ұмыту
Түстер көру, 
қиялдар
Армандар
Кенет ұмтылыстар, 
екпін
Инсайт
Қозғалыс:
саналық  бейсаналық
Саналық  бейсаналық  ығыстырып шығару  сублимация
(З.Фрейд)
30


Соңғы уақытта бұл салада жұмыс істейтін ғалымдардың назары 
қарапайым қатынас тілінде алынған ақпаратты дәл компьютерлік 
өңдеу проблемасына аударылып отыр. Бұл проблеманы шешуде 
адамның танымдық процестерін жаңадан өндіру (воспроизведение), 
елестету үшін оның миының көшірмесін, сол сияқты рационалдық 
ойлаудың моделін, ол ойлаудың логикалық құрылымдарын жасау 
мәселесі тұр, басқаша айтқанда жасанды интеллекті құру керек 
(сананың модельдерін жасау).
Бионикалық модельдендіру әртүрлі сипаттағы есептерді шешуде 
адам миында өтіп жатқан процестерді түсіндіруге бағытталған 
программаларды пайдаланады. Басқаша айтқанда, бұл программалар 
ойлау процесін және оның нәтижесін алуды имитация жасаумен қатар 
осы ойлаудың механизмсдерін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Эврикалық программалау (программирование) адам қызметінің 
дәстүрлі интеллектуалды деп аталатын алуан түрлерін 
автоматтандыратын программаларды жасау амалы, тәсілі болады.
Эволюциялық модельдендіру интеллектуалды программаларды 
«өсіру» идеясымен байланысты, оларды жасау процесін адамдарды 
тәрбиелеу процесімен салыстыруға болады. Мұндай программалар 
өздері бұрын ешқашан орындамаған операцияларға өз бетімен 
үйренуге қабілетті иемденуі керек.
Айта кететін жайт, әртүрлі интеллектуалды компьютерлік 
программаларды жасаушылар едәуір нәтижелерге жетті. Алдымен бұл 
шахмат, компьютерлік оқыту, медициналық және психологиялық 
диагностика, машиналық аударма, образдарды тану, есептік процестер 
және басқа салаларға қатысы бар.
Дегенмен компьютерлерде сана бар, дәл адам сияқты ойлайды 
және пайымдайды деп айтуға бола ма? Философтар мен ғалымдар бұл 
сұраққа теріс жауап береді.
Сонымен бірге дамуға байланысты кибернетикалық техниканың 
адам мен қоғам өмірі үшін мүмкін болатын негативтік салдарларымен 
(мысалы, адам компьютерлік жүйелердің жұмысына бақылаудан 
айырылып қалуы) есептесу де керек сияқты.
Сананы модельдендіру 
(программалау) жолдары
Бионикалық 
модельдендіру
Эврикалық 
программалау
Эволюциялық 
модельдендіру
31




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет