Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Сана проблемасына философиядағы негізгі көзқарастар



Pdf көрінісі
бет12/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Сана проблемасына философиядағы негізгі көзқарастар
Физикализм – сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан 
материалистік көзқарас. Оның жақтаушыларының пікірінше, өзіндік 
субстанция ретінде сана жоқ, ол тек материядан туындайды және оны 
физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға 
болады.
Солипсизм – (лат. solus – жалғыз, жеке + ipse – өзі) – бұл да 
шектен шыққан көзқарас: жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген 
шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы (бұл 
субъективтік идеализм өкілдері – Беркли, Юм, Фихте және т.б.).
Физикализм мен солипсизм аралығында тұратын көзқарастар:
Объективтік идеализм – сананың да, материяның да барлығын 
мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп 
ұғынады.
Байсалды материализм – сана материяның ерекше қасиеті, 
жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелеуі (бұл бейнелеудің 
идеалдығын мойындау да бар) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік 
философияға тән көзқарас.
26
Физикализм
Обективтік 
идеализм
Солипсизм
Байсалды 
материализм
Сана проблемасына көзқарастар


Ғарыштық (Құдаи) көзқарас бойынша сана өзімен - өзі, оның 
материалдық иелері – тірі организмдер, адамнан тәуелсіз өмір сүреді. 
Сана тікелей ғарыштан (басқа вариант – Құдайдың ақылынан) 
шығады, ол өз мәні бойынша, бірегей, бөлінбейді, біртұтас. «Әлемдік 
сананың» бөлшектері табиғатта тірі организмдер мен адамның санасы 
түрінде шашылған.
«Биологиялық» көзқарас: сана – тірі табиғаттың туындысы 
және барлық тірі организмдерге тән.
Сананың шығу тегі туралы көзқарастар 
Ғарыштық (Құдаи) 
көзқарас
«Биологиялық» көзқарас
«Адами» көзқарас
Жақын теориялар
Теорияны негіздеу
Монадалар 
теориясы 
(монадология) 
– 
Г.Лейбниц 
ұсынған: 
дүниеде 
бөлінбейтін, 
мәңгілік, алғашқы рухани 
бірліктер – монадалар бар, 
оларда Әлем энергиясы 
сақталған және монадалар 
сана 
мен 
материяны 
туындатады.
П.Шарден 
теориясы 
бойынша сана – адамнан 
жоғары тұрған мәнділік
материяның «ішкі жағы», 
«миы»
Рейзердің психосфералық 
теориясы
бойынша 
Галактика – орасан зор 
парасат, ақыл, ол адам 
миымен контакт жасап, 
оны 
парасатпен 
«зарядтайды».
Гилозоизм 
теориясы 
бойынша барлық мктерия 
(тірі, өлі, оның алуан түрі) 
жанданған, жаны бар
Жануарлар өмірі  (тіршілігі) 
спонтанды түрде өтпейді, 
олардың 
санасына 
бағынған, мағынасы бар.
Инстинктер туа біткен ғана 
емес, сол сияқты жүре біте 
де пайда болады.
Жануар өмір бойы тәжірибе 
жинақтайды 
және 
оны 
шебер пайдаланады.
Жануарлардың
(әсіресе 
жоғары – мысықтар, иттер, 
приматтар т.б.) жасайтын 
көп іс-әрекеттері күрделі 
(мысалы, аң аулау) және 
сананың үлкен жұмысын 
керек етеді.
Жануарларға 
өзіндік 
«мораль», тәртіп ережелері, 
әдеттер, сапалар, күрес, 
лидерлік және с.с. тән.
27




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет