Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет9/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Механикалық бейнелеу – кеңістік құрылымның кезеңдерін 
(моменттерін) бір жүйеден басқасына ауыстыруға байланысты. 
Мысалы, метеориттің топыраққа қалдырған ізі, кез келген таңба, 
сызат (царапина).
Физикалық бейнелеу – мұнда құрылымдық-уақыттық 
континуумның кезеңдерімен өзара алмасу орын алады. Бұл дегеніміз 
энергияның ауысу процестері де, энергия түрлерінің біреуімен алмасу 
да (мысалы, жылу алмасу), электромагниттік индукция құбылысы да 
және басқа процестер де.
Химиялық бейнелеу – физикалық бейнелеу негізінде өтеді 
және өзара әрекеттің күрделілірек құрылымын ауыстыруды қамтиды. 
Мысалы, көмірсутекті қоспалар реагенттердің кеңістік құрылымын 
өзара ауыстыру болады.
Биологиялық 
бейнелеу алдыңғылардың (жоғарыда 
айтылғандардың) барлығын қамтиды және соларға сүйенеді, бірақ 
материя дамуының сапалы жаңа деңгейі болады. Биологиялық 
бейнелеудің түрлері – тітіркенусезімдік және психикалық бейнелеу.
САНА
Сана – философиядағы ең күрделі, осы күнге дейін шешімін 
таба алмай келе жатқан мәселенің бірі. Сана проблемасында әлі көп 
көмескілік және жұмбақтылық бар. Бұл оның табиғатының 
ерекшеліктерінен, ұғымының кеңдігінен, құрылымы, атқаратын 
функциялары, адам мен қоғам өміріндегі маңыздылығынан туындап 
отырған жайт.
Сана – бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік 
концепция бойынша сана – бұл жоғары ұйымдасқан материяның 
материяны бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің 
субъективтік бейнесі. 
Сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де 
қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – 
оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми 
21
Бейнелеу түрлері
Механикалық
Физикалық
Химиялық
Биологиялық


түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - 
өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының 
нәтижесі.
Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ол мидың ішінен 
қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – объективті ақиқат (қоршаған 
дүние), ол оның бейнесі. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік 
миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. 
Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. 
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық 
жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой 
тұжырымдарын жасайды. Адам миы 10
20
ақпарат қабылдай алады. 
Бүкіл өмір бойы адам мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын 
ғана пайдалана алады екен.
«Сана» деген терминнің өзі бір мағынада қолданбайды. 
Біріншіден, ол адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, адам 
осы қабілетті көрсететін күй-жағдайды, үшіншіден, сананың 
мазмұнын, төртіншіден, әлдебір басқарушы механизмді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет