Фридрих Мейнеке (1862—1954), неміс тарихшы «Тарихшылдық-тың пайда болуы» (1936)
Карл Поппер тарихшылдықтың типтері туралы
1) теистік тарихшылдық: «тарихи дамудың заңдарын Құдай өз еркімен орнатқан» 2) натуралистік тарихшылдық: «тарихи дамудың заңдары - таби-ғаттың заңдары»; 3) спиритуалистік тарихшылдық: тарихи дамудың заңдары – рухтың даму заңдары; 4) экономикалық тарихшылдық: тарихи дамудың заңдары - эконо-микалық дамудың заңдары Карл Поппер (1902 —1994) «Ашық қоғам және оның дұшпандары»; «Тарихшылдық-тың қайыршы-лығы »
Мифологиялық санада адамзат тарихы туралы түсініктер
Ежелгі гректердің мифологиясы бойынша тарих дүниенің хаостан, қараңғылықтан жаратылуынан басталды. Антиканың алғашқы жазушы-лары Гомер мен Гесиодтың теистік тарихшылдығы: - Гомер тарихты көп құдайлардың еріктерінің жүзеге асырылуының нәтижесі деп көрсеткен - Гесиод тарихи дамудың ортақ жолы туралы идеяны алға тартқан алғашқы грек болған еді. Ол тарихты пессимистік тұрғыдан түсінеді: алтын ғасырдан бастап адамзат табиғи және моральдық азғындауға ұшыраған, - дейді
Алғашқы антикалық философтар тарихтың басталуы туралы
Милет материалистердің (Фалес, Анаксимен, Анаксимандр) пікірінше, тарих және тарихи уақыт дүниені ұйымдастырудан басталған: - алғашқы материя (су, ауа, от, апейрон) дүниенің мәңгі негізі ретінде белгілі тәртіпке, формаға келтірілді. - Құдай бұл жағдайда жаратушы емес, ол – «демиург»( грек тілінен: «қолөнерші») яғни Космостың сәулетшісі, мүсіншісі ретінде қызмет етті
Гераклиттің өзгерістер мен қарама-қарсылықтар туралы идеясы
«Бәрі ағып жатады, бәрі өзгереді» «Бір өзенге екі рет кіру мүмкін емес» «Бәрі өзара жауласу арқылы пайда болады»