Джамбатиста Вико (1668 — 1744) «Ұлттардың жалпы сипаты туралы жаңа ғылымның негіздері «(1725)
Вико өзінің ілімінде христиандық дінді тарих ғылымымен қосып көрсеткен: «Дүниені Құдай жаратқан, одан кейін дүниежүзілік су тасқыны болған. Құдай еврейлерді таңдап, құтқарған. Одан кейін адамзат тарихы басталады. Құдайлар ғасыры, қаһармандар ғасыры, адамдар ғасыры әр ұлтта өзінше болған Азаматтылық әлемін, әрине, адамдар жасаған. Оның дәлелін адам ақылының модификацияларынан ( түрлі жаңа көріністерінен) табамыз», - дейді Джамбаттиста Вико
Г. Гегельдің тарих философиясы
Гегельдің ілімінде тарих дүниежүзілік рухтың өзіндік дамуы ретінде көрсетілген. Оның қолдаушысы ретінде кезек-кезегімен нақты халықтың рухы болады. Әрбір халық дүниежүзілік рухтың өзін-өзі тануына үлес қосуға құқылы. Гегель дүниежүзілік тарихтың кезеңдерге бөлінуінің анық өлшемін көрсеткен: бұл санадағы еркіндік ұғымның өрлеуі, прогрессі. Оған төрт кезеңдер сәйкес келеді: шығыс әлемі; грек әлемі; римдік әлемі; германдық әлемі Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) «Тарих философиясы»
Марксистік философия тарихы
Карл Маркс 1818-1883 К. Маркс тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді ұсынды: “Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды, қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелейді” Маркс философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде қолданды. Қоғамның материалдық өмірі (қоғамдық болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана) екінші; туынды деп түсінді. Маркс қоғамның материалдық іргетасын материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап көрсетті: 1) материалдық өндіріс тәсілдің бүкіл қоғамдық үрдістерге шешуші ықпал ету заңы 2) өндіріс қатынастардың сипаты өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес келу заңы