Философия истории


Г. Гегельдің тарих философиясы



бет4/6
Дата21.04.2023
өлшемі374,21 Kb.
#85275
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 13. Тарих философиясы

Г. Гегельдің тарих философиясы


Гегельдің ілімінде тарих дүниежүзілік рухтың өзіндік дамуы ретінде көрсетілген. Оның қолдаушысы ретінде кезек-кезегімен нақты халықтың рухы болады. Әрбір халық дүниежүзілік рухтың өзін-өзі тануына үлес қосуға құқылы.
Гегель дүниежүзілік тарихтың кезеңдерге бөлінуінің анық өлшемін көрсеткен: бұл санадағы еркіндік ұғымның өрлеуі, прогрессі. Оған төрт кезеңдер сәйкес келеді: шығыс әлемі; грек әлемі; римдік әлемі; германдық әлемі
Георг Вильгельм Фридрих Гегель
(1770-1831)
«Тарих философиясы»

Марксистік философия тарихы


Карл Маркс
1818-1883
К. Маркс тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді ұсынды: “Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды, қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелейді”
Маркс философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде қолданды. Қоғамның материалдық өмірі (қоғамдық болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана) екінші; туынды деп түсінді.
Маркс қоғамның материалдық іргетасын материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап көрсетті:
1) материалдық өндіріс тәсілдің бүкіл қоғамдық үрдістерге шешуші ықпал ету заңы
2) өндіріс қатынастардың сипаты өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес келу заңы
3) экономикалық базистің саяси -құқықтық қондырмаға шешуші ықпал ету заңы
4) әлеуметтік революциялар заңы

«Сыншыл»тарих философиясы: В.Дильтей, Г.Риккерт


Неокантиандық бағыттың өкілдері Вильгельм Дильтей және Генрих Риккерт Гегельдің спекулятивтік метафизикалық тарих философиясын сынға алып, тарих - аяқталмаған нәрсе, - дейді. Дильтейдің пікірінше, «өмірдің психологиялық бірлігі» тарихты зерттеудің негізі ретінде қарастырылуы тиіс.
Риккерт «рух туралы» және «табиғат туралы» ғылымдарды ажыратады. Егер табиғат туралы ғылымдардың басты міндеті жалпылау болса, тарихтанудың міндеті - индивидуализация, яғни объектті оның біртұтастығында және бірегейлігінде бейнелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет