Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет5/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
annotation23046

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақ өркениетіне, сатыланған тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы сабақтастық рөліне және мәдени-философиялық проблемалар мен тәуелсіз Қазақстан өркениетінің бүгіні мен болашағына мәдениет философиясы тұрғысынан тарихи-логикалық талдау жасау, сонымен бірге «Қазақ өркениеті» қалыптаспаған деген пікірді жоққа шығара отырып, қазақ елінің әлемдік өркениеттегі орнын айқындау. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсатына жету және қойылған нақты міндеттерді шешу философиялық классиктердің, батыстық және отандық басқа зерттеушілердің еңбектеріндегі тарихи-мәдени концепцияларды, гипотезаларды, теорияларды саралауға негізделді.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында диссертациялық жұмыстың алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

негізде жүйелеп, мәдениет философиясы тұрғысынан түсіндірме беру;

  • өркениет және өркениет тарихына методологиялық тұрғыдан салыстырмалы талдау жасау;

  • құндылық категориясын өркениеттік өлшем ретінде сараптау;

  • «Қазақ өркениеті» ұғымына типтік талдау беру;

  • батыстық және шығыстық өркениеттер бағдарларының өзара әрекеттесу тенденцияларын зерделей отырып, қазақ өркениетінің табиғатын ашу;

  • қазақстандық өркениеттегі кеңістік пен уақыт мәселесінің өзектілігі мен мәнін ашу

  • қазіргі жаһандану үдерістеріндегі Қазақ елінін мәдени мүмкіндіктерін сараптау;

  • аталан мәселеге байланысты Қазақстандағы мәдениеттанулық ғылыми мектептер мен бағыттарға пәндік-әдістемелік талдау беру;

  • еліміздегі болашақ өркениет ерекшеліктерін айқындайтын бағдарларға талдау беру;

- аталған міндеттерді шешуге байланысты жазылған іргелі еңбектер мен ғылыми мақалаларға сүйене отырып, өз ұстанымдарымызды білдіру.
Зерттеу нысанына Қазақ өркениетіне типтік талдау беру жатады. Сонымен катар Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістерін талдау көзделеді.
Зерттеу пәні - өркениет жолында қалыптасқан қазақ өркениетіне мәдени-философиялық талдау жасау. Алдымен мәдениет үрдісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, ұлттық мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет