Философия және мәдениеттану: Оқу құралы


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет6/22
Дата22.09.2022
өлшемі1,7 Mb.
#39867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
annotation23046

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертанттың көтерген тақырыбынан, алға қойған мақсат-міндеттерінен және мазмұнынан туындайтын қазіргі қалыптасқан мәдени хал-аһуалдың себеп-салдарын анықтап, талдап, оны жүйелеуден, отандық философияда бұрын-соңды алынбаған соңғы нәтижелерден келіп шығады. Бұл мәселеге тікелей байланысты арнайы ғылыми зерттеулер болмағанымен гуманитарлық ғылым салаларында мол ұшырасатын көп түрлі пікірлерді жинақтап, бір арнаға келтіріп жүйелей отырып, философиялық, мәдениеттанымдық, әлеуметтанымдық білімдердің соңғы жетістіктерін ескеру негізінде ғылыми теориялық дәрежеде зерттеуге талпыныс жасалды.
Бұл бағыттағы ізденіс төмендегідей ғылыми нәтижелерге жеткізді:
- ұлттық мәдениет пен ұлттық өркениет ұғымдары алғаш рет мәдениеттану мен өркениеттану тұрғысынан қарастырылып, ғылыми-теориялық негіздері анықталды;
- дала өркениеті әлеуметтік философиялық негізде тұжырымдалады;
- қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен зороастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болғандығы анықталды;
- мәдениаралық сұхбат нәтижесінде туатын мәдениет үдерістерін (ассимиляция, аккультурация, мәдени шок т.б.) анықтай отырып, ұлт мәдениетіне тигізетін ықпалы жаңаша көрсетілді;
- батыстандыру және американдандыру процестері мен жаһандану процесін салыстыра отырып, олардың мәнін көрсетілді;
- қазақ мәдениетін қалыптастырып отырған қазақ ұлтының тарихын қарастыра отырып, оның құрылымы анықталды;
- қазақ өркениеті әлемдік өркениеттің бір көрінісі ретінде оның әлемдегі орны айқындалды;
- әлем халықтары өркениеті мен қазақ өркениеті арасындағы сабақтастық көрсетілді; осы негізге сүйену арқылы қазақ өркениетінің әлем халықтарының өркениет кеңістігіне енудегі орны сипатталды;
- дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылылымға жіктелу дәстүрі және отандық зерттеушілеріміздің ол туралы озық ойлары көрсетіліп, жаңа тұжырымдар жасалды;
- қазіргі қазақ қоғамының хал-ахуал сараптай отырып, болашаққа өркениеттілік тұрғысынан болжам жасалынады.
- әлеуметтік кеңістік пен уақыт аясындағы Қазақстандық өркениет тәуелсіздік рухы тұрғысынан жаңа көзқараспен қарастырылып, осы мәселе шеңберінде атқарылып жатқан бағдарламалар қатары нақтыланып, бірізділікке түсірілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.
- Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы). Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістері уақыт талаптарына сай функционалды өзгеруде.
- Дәстүр мен жаңашылдық, әлемдік супермәдениеттердің арасындағы айқын үйлесімді теңдік өте күрделі процеске жатады және оның орындалуы көп шарттарды қажет етеді. Өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу, шашыраған құндылықтарды түгендеу, жаппай батыстандыруды есептемегеннің өзінде, белсенді модернизация аймағында жүреді. Мұндай құрылым ерікті де, еріксіз де мәдениеттің шығармашылық күйіне сүйенеді. Өйткені, мәдениет барынша қалыптасқан жүйе, дегенмен оның шарықтауына бөгде күштер ықпал етері анық. Мәдениет - ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара қатынастары, оларды игеру мен жатсыну, мұралану және ажырау процестері. Демек, мәдениеттің әрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ бұл сәт ешқашан шектелмейді, әрі аяқталмайды.
- Дала – өндірістің негізгі көзі, мал шаруашылығының өркендейтін тетігі. Құдіреті күшті қазақтың сайын даласында ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп-ақ ұлттық болмысын жоғалтпай, кейінгі ұрпақтарына баға жетпес асыл мұраларын қалдыра білген. Демек, көшпенді өмір салты адамзат баласының мәдениет бастауының бірі, ал, көшпенділік мәдениеттің өзін-өзі көрнекілеп тасымалдауының ең табиғи жолы, әдісі.
- Қазақ мәдениеті батыстық емес құндылықтарға: тұлғааралық қатынастардың түпнегізділігіне, әрекеттенуші құндылықтардың тұрақты-лығына, рухани реттеудің салмақтылығына негізделген. Қазақ мәдениетіне тән адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының дара-лығына тән субьект–обьект қарым-қатынастарының дамымағандығын, яғни адам мен табиғаттың өзара бірлігін, толықтығын, белгілі бір даралығын көрсетеді.
- Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы мәдени үрдістердің кейбір бағыттары өзінің табиғи болмысынан ауытқып, мимесистік (ұқсау, еліктеу) сипаттағы батыс мәдениетінің таратушысына айналып отыр. Бұл жас ұрпақтың ұлттық талғамын әлсіретеді, ұлтты дәстүрлі төл мәдениеттен бірте-бірте ығыстыра алады. Осындай еліктеушілік ұлттық мәдениетке, әсіресе жастардың сана-болмысына, қатты әсер етеді, ұлттық тәрбиеліліктің этика-эстетикалық маңызы кемиді; кейбір қоғамдық ұйымдар бұқаралық мәдениет элементтерін пайдалану арқылы оны қаржылық көздеріне айналдырады Мұндай келеңсіздікке жол берілуінің себептері: ұлттық талғам, қоғамдық мүдде ұстындарында мәдениет пен өнердегі құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен саралаудың дамымағандығы; шетелдік мәдени ағымдардың енуі мен таралуына мәдени ұжымдар мен басқару ұйымдарының бақылау орнатпауы; қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың мәдени даму процесінен алшақтығы; эстетикалық нормалардың, сапаның салғырттығы, яғни, талғамның татымсыздығы, стильдің дүбәралануы; түптеп келгенде нағыз өнердің құлдырауы.
- Қазақстанда жоғары өркениеттілік деңгейі қалыптасуы үшін тек тоталитарлық санадан арылу жеткіліксіз болды; еуропаорталықтық ұстын мен бодандық ділден көтерілу ұлттық негіздегі өркениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті.
- Қазіргі өркениеттанулық зерттеулерді ынталандыратын факторларға ХХ-ХІХ ғасырлардағы дағдарыстық құбылыстар да жатады. Олардың арасында рационалдық және классикалық әдістемелердің күйзелісі, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлері, контрмәдениет пен эрзац-мәдениет, құндылықтарды қайта қараудан туатын белгісіздік, маргиналданудың өрістеуі, аномия, мәдениеттің коммерциялануынан туатын теріс әсерлер т.т. анық байқалады.
- Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер жүйелік трансформация жағдайында өтті. Бұл сипатта үлгі-модельдерді таңдаудан гөрі мимесистің (елігу), коммерцияланудың нәтижесіндегі жоғары мәдениеттің құнсыздануын, анайы нарық пен капитализмнің мәдениетке тигізген теріс әсерлерін, архаистік құлшыныстарды, әртүрлі симулакрумдарды, жаңа мифтерді т.т. атап өтуге болады.
- Бүгінгі Қазақстан өркениетінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ұлттық мәдениет байлығын әлемдік өркениет тізбегіне енгізу. Қазақстандық өркениет – көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық идеяның көрінісі.
- Қазақстанда өркениеттану пәнінің өзекті мәселелеріне және олардың пән құрастырушы потенциалына жататындары: қазақ мәдениеті мен өркениеттілігін бірегейлендіру, мәдени институттарды бейкоммерциялық және жоғары мәдениет талаптарына сай қайта ұйымдастыру, ұлттық мәдени мұраны жаңғырту концепциясын ғылыми негізде талдау; әлемдік өркениет құндылықтарын ұлттық, мәдениет бітімдерімен үйлесімді қосу, этномәдени жалпыма контекстіден субмәдениеттік зерттеулерге көңіл бөлу, мәдени басқарудың шығармашылық және мақсаттылық формаларын қолдау, көңіл көтеру индустриясының озық үлгілері мен ұлттық дәстүрдің арасындағы үйлесімді өлшемдерді қалыптастыру т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет