Тақырып 8. Қазақстан «ақпараттық қоғам» ретінде Қазіргі уақыт ақпараттық-технологиялардың қарқынды дамыған уақыты. Біз қазіргі өмірімізді сол ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі заманды ақпараттық, ақпараттандыру заманы десек артық айтпаспыз. Бұл жағдай ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесі. Ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. Ақпараттандыру мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, ҚР Бірінші Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері қандай? Жалпы ақпараттық қоғам дегеніміз не? Жаһандық ақпараттық қоғам қалыптастыру үшін не қажет? Қазақстанның ақпараттық қоғамға толықтай ауысуға қандай мүмкіндіктер бар?
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама, өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі.
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған. Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның басты міндеттері мыналар: Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі; Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; АКТ-ны енгізу арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру; Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын сипаттайды. Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстан маңызды серпін жасады. Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді.
Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау, интернет-конференциялар арқылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диалогының механизмдері іске асырылды. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламада қол жетімді электронды денсаулық сақтаудың қызметтерін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтарға мүмкіндіктер тудыру үшін шарттар көзделген. Сондай-ақ біздің елдің неғұрлым ашық, қол жетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында
Бағдарламамен экономиканың негізін қалайтын саладағы зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.
Байқап қарасақ, ақпараттық қоғамды дамыту арқылы біз еріксіз әрбір саланың дамуына күш салмай-ақ серпін береміз. Қазіргі қоғамның қоғамның ақпараттық технология кірікпеген саласы жоқ шығар. Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат деп түсіндік. Ал ақпарат дегеніміз –білу, яғни білім. Ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттандыру процесі –өміріміздің әр қырында білімді, білуді арттыру және сол білгенді дұрыс қолдану мен пайдалану. Пайдаланып қана қоймай, дұрыс басқару деп түсінген жөн.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 8, 12, 13, 14, 16.